Руханият • 18 Шілде, 2019

Имре Кальманның «Баядера» опереттасы сахналанады

233 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының шығармашылық ұжымы елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына бірегей гастрольдік бағдарлама ұсынбақ. Кеше «Астана Операның» Үлкен залында Максим Дунаевскийдің «Алқызыл желкендер» мюзиклі қойылса, 24 тамыз күні Имре Кальманның «Баядера» опереттасы сахналанбақ.

Имре Кальманның «Баядера» опереттасы сахналанады

Қарағандылық театр ре­пер­туарындағы жаңа спек­­такльдерінің бірі – М.Ду­наев­скийдің «Алқызыл жел­­кендер» қойылымы. Туын­­дының негізгі идеясы – әр адамның жақыны үшін ға­жап дүниелер жасай ала­­тындығы туралы берік се­нім мен асқақ арман.

Басты кейіпкер – небәрі сегіз айлығында анасынан айырылған Ассоль есімді қыз. Ол өзінің әкесі – теңізші Лонгренмен бірге Каперна ауылында тұрған. Әкесі қыз­­метінен кеткеннен кейін кішкентай қызы мен өзінің күн көрісі үшін асқан ше­берлікпен түрлі шағын жел­кендер және кемелердің модельдерін жасап, сатумен айналыса бастайды. Бір күні сегіз жасар Ассоль қолына өзінің кішкене ке­месін ұстап тұрған бейтаныс адамды көріп қалады. Бұл – «өлеңдер, аңыздар, әңгімелер мен ертегілер жи­наушы» қарт Эгль еді. Ол ойыншықты Ассольге беріп, талай жылдар өткен соң, қыз бойжеткенде, оған дәл осындай алқызыл желкенді кемеде ханзада келіп, алыс елге алып ке­тетінін айтады.

Александр Гринның аттас хикаятының желісімен М.Бартенев пен А.Усачев либ­ретто жазған. Қоюшы ре­жиссері – «Золотая мас­ка», «Жыл адамы», «Мель­по­мена», «Жыл әні» сый­лық­тарының иегері Сусанна Цирюк (Санкт-Петербург, Ре­сей), музыкалық жетекшісі – Жанна Шестакова, бас хор­мейстері – «Құрмет» ор­де­­нінің кавалері Татьяна Шты­кова.

Елена Езерскаяның либ­рет­тосы желісімен И.Каль­манның «Баядера» клас­си­калық опереттасының қо­йылымы оқиғалар желі­сінің ерекше әрі жарқын ұсынылуымен өзгешеленеді.

Биші-баядера Одетта үнді ханзадасы Раджамиге ессіз ғашық, ал жігіт болса, қыз үшін лагорлық князь­дердің шетелдік аруларға үйленуге тыйым салатын ежелден қалыптасқан заңдарын аттап өтуге дайын. Сөйтіп Ханзада тақтан бас тартады, ал Одетта үл­кен құр­бандыққа барады: сөз салған жігіттің бетін қай­тарып, оған деген се­зімінің жоқтығын біл­діреді. Ғашықтардың жү­регі жаралы, көңілі түскен Раджами кетуге ың­ғайланады, ал Одетта болса, жасаған амалының терістігін түсінеді. Бірақ ке­­неттен некелеріне рұқ­сат беріледі. Оперетта жанры­ның ережелеріне сәйкес соңында кейіпкерлер бақыт­қа кенеледі.

Спектакльдың музыка­лық жетекшісі әрі дирижері – Ва­­лентин Богданов, ре­жис­сері – Людмила На­ле­то­ва (Мәс­­кеу, Ресей), бас хор­­­мейс­тері – Татьяна Шты­кова.