Түркістан өңірінде ер-тұрманды жасаудағы шеберлігімен танылған, ғасырлар бойы қалыптасқан қолөнердің ғажайып технологиясын дамытып келе жатқан азаматтар аз емес. Сұрастыра қалсаңыз, тұлпар баптап, көкпарға қызығатындар мақтан ете айтатын, яғни елге танымал шеберлер баршылық.

Мысалы, аға буын арасында Түркістан қаласының тұрғыны Тасболат Сүйінбаевты атайтындар көп. Оның қолынан шыққан ат әбзелдері ең мәртебелі деген қонақтарға ұсынылатынын, 1992 жылы Ордабасыда бас қосқан Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттері мінген ақбоз аттардағы ер-тұрмандар Тасболаттың қолымен жасалғанын еске салатындар да бар. Төлеби ауданының тұрғыны Құрбанәлі Арыстанбектің ер-тұрманын мақтайтындар да жетерлік. Ал Мақтаарал, Жетісай және Шардара аудандарының көкпаршылары мен шабандоздарына Атакентте тұратын шебер Бақыт Арапқұловтың есімі жақсы таныс. Оған еліміздің өзге өңірлерінен келіп тапсырыс берушілер аз емес екен. Шебер ат әбзелдерін үйінде жасайды. Аталған өнерді 25 жылдан бері кәсіп етіп келеді. «Республикалық «Көкпар» федерациясының президенті, даңқты боксшы Мұхтархан Ділдәбеков өмірге келген өңірде ғана емес, елімізде ат спорты, қазақтың көкпар өнері дамып келеді. Бәйгеге қосатын тұлпарлардың ат әбзелдерінің көз тойдырар көркемдігі де көп жайтты білдіреді. Яғни ат иелерінің тұлпарына деген қамқорлығы мен ықыласын көрсетеді. Сондықтан әр аттың тоқымы, желдігі, терлігі, тартпасы, тұяқтығына дейін өзіне жарасымды дизайнымен қонымды, шап-шақ етіп жасалады», дейді шебер.
Алғашында арқан өруден бастап, кейіннен ноқта, былғарыдан белдік, өзге де заттарды жасай бастаған шебер мініп жүрген жеңіл көлігін сатып заманауи тігін машинасын сатып алған. Содан бері жаңаша дизайндарды қолданып, тынымсыз ізденіс үстінде жүретін шебердің айтуынша, өрмеден жасалған таралғы, жүген, ноқтаға сұраныс көп. Таза былғарыны арнайы тапсырыспен Ресейден алады екен. «Бір атқа шамамен 300-400 мың теңгеге, тіпті барлық жабдығы түгел болсын десе 500-600 мың теңгеге дейін жабдық керек», дейді Бақыт Арапқұлов. Шебер алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, қолынан іс келетін 5-6 адамды тұрақты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.
Түркістан облысы
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Бүгін, 21:23
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 20:40
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 19:38
Ташкентте коронавирус жұқтырғандарды емдейтін орталықтар қайта ашыла бастады
Әлем • Бүгін, 18:46
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:39
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 16:33
Елордада BMW X7 көлігі жарық бағанына соғылып, аударылып қалды
Оқиға • Бүгін, 15:38
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 14:31
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Бүгін, 12:51
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:10
Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды беру туралы өкімге қол қойды
Президент • Бүгін, 11:33
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Бүгін, 10:20
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар