Аймақтар • 30 Шілде, 2019

Павлодарда Әбікей Сәтбаевқа ескерткіш тақта орнатылды

671 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы «ЭКО» баспаханасы орналасқан көне ғимарат қаланың ескі аумағы саналады. Бұл жерде бұрын орыс-қазақ училищесі болған.

Павлодарда Әбікей Сәтбаевқа ескерткіш тақта орнатылды

Училищеде 1910-1916 жылдар аралығында Ә.Сәтбаев директоры қызметін атқарып, Жүсіпбек Аймауытов, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан секілді  тұлғаларға сабақ берген мұғалім.

Ғимарат қабырғасында Әбікей Сәтбаевқа дейін Қаныш Сәтбаевтың, Жүсіпбек Аймауытовтың осында білім алғаны туралы ескерткіш тақталары орнатылған.

Ескерткіш тақтаның ашылуына Ә.Сәтбаевтың жиені, Дәнел Әлкейқызы Марғұлан, жергілікті ақын-жазушылар, өңірде  басталған « Ұлы дала тарихы мен мәдениеті» экспедициясына арнайы келген ЮНЕСКО ғалымдары қатысты.

Ал, ұлы тұлғаға естелік тақта орнатуды жергілікті мемлекеттік педагогикалық университет ректоры Алтынбек Нухұлы бастама жасады.

Көпшілік орынды ұсыныс айтып,  қолдау тапса оқу орны алдағы уақытта Әбікей Сәтбаев есімімен аталуы да мүмкін.

Халқымыз Қаныш Сәтбаевтың есімін жақсы білгенімен, оның ұстазы, ағасы Әбікей Сәтбаев туралы көп біле  де бермейді. Әбікей атамыз 1938 жылы «Халық жауы» ретінде айыпталып, жазықсыз атылған.

Педагог, ағартушы қайраткер, Алашорда өкіметінің мүшесі Әбікей Сәтбаев 1881 жылы Баянауылда дүниеге келген.

Кейін 1920 жылы Семейге ауысқан Ә.Сәтбаев /1881 -1938/ Семей педагогикалық техникумының  директоры болып тағайындалады.  Жүсіпбек Аймауытов, Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұландар  осы жерден оқуларын жалғастырады.

Университетте  «Ұлағатты ұстаз Әбікей Сәтбаев» атты жинақ кітап жарық көрді.

Павлодар

Суретті түсірген: Жанасыл Серікбол