Сенбілікке мемлекеттік органдар мен мекеме ұйымдардың, Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, «Жасыл ел» және «Жас Отан» жастары қатысты.
Бұған дейін елімізде жаңадан құрылған Экология министрлігі тазалық шарасын өткізуді ұсынды. Бұл шараға барлық облыстар мен тұрғындар қосылды.
«Бірге – таза Қазақстан» тазалық шарасына қатысушыларды құптаған облыс әкімі Болат Бақауов қоршаған ортаға қорғауға шақырды.
«Бүгін барлық аудандар мен қалаларда «Бірге - таза Қазақстан» шарасы өтуде. Былтыр өңірде жарияланған Экология жылы балаларды мектеп қабырғасынан бастап қоқыс жинауға үйреттік», дейді Б. Бақауов. Тазалық шарасының мақсаты – тұрғындарды ормандарды, су қоймаларын, жайылмаларды, демалыс орындарын қоқыспен ластамауға шақыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттау.
Тазалық шарасына қала тұрғындары отбасыларымен келді. Ал квадрациклистер клубының 15 мүшесі қоқысты шығару үшін техникаларымен келіпті.
«Жағалаудан пластик бөтелкелер толы он шақты қап шығардық», дейді кәсіпкер Виктор Ромакер.
Облыстық Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және Су ресурстары басқармасы хабарлағандай, облыс орталығында өткен Экологиялық сенбілікте 1300 тонна қоқыс жиналған.
Павлодар облысы