Ұлттық аспаптарымен қатар ағаштан жасаған туындылары жоғары бағаланып жүрген түркістандық шебер Дәурен Миншариповті іздейтіндердің арасында шетелдік туристер де көп. Туындыларын дүкендерге, сауда орындарына қоймайтын шебердің қолынан шыққан дүниені іздегендер шеберханасынан табады.

О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінде мүсінші мамандығын алғаннан кейінгі 15 жыл ағаш шебері ретінде еңбек етіп жүрген Дәуреннің табысы жақсы. Шебердің аңсары, әсіресе қобыз жасауға ауып тұрады екен. Әр қобызды жасауға кемінде бір ай уақыт жұмсайды. Одан дұрыс үн шыққанын бақылау үшін өзі қобыз тартуды үйреніп алған. Алғашқыда туындыларын көрмеге қойып, көрерменнің кейіпіне ене көпшіліктің пікірін біліп жүріпті. Сөйтіп айтылған сын-ескертпелерді саралаған. Бүгінгі таңда Тараз, Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында қобызға сұраныс жоғары екен. Шебер музыкалық мектепте білім алатын шәкірттерге қарапайым аспапты 60 мың теңгеге, отандық және әлемдік сахнада өнер көрсетіп жүрген таланттарға ерекше дизайнмен 1000 АҚШ долларынан жоғары бағаға қобыз жасайды.
«Бағаны белгілегенде аспаптың көлемі мен кеткен материалын ғана есептесем, базардағы сатушыдан парқым қалмайды ғой. Өзім жұмыс барысында қандай күйде болғаныма байланысты баға белгілеймін. Ұлттық аспап жасауға аса нәзіктік пен сезімталдық, ерекше сүйіспеншілік қажет. Жүйкеге түсетін салмақ та аз болмайды. Яғни, қобыздың құны мен үшін өте жоғары. Туындыларымды тұтынушыға аманаттаймын. Жасыратыны жоқ, көп данамен тарайтын жұмыстарымның құнын төменірек бағалаймын. Себебі ол дағдылы түрде жасалады», – дейді шебер.
Ілгеріде өткен ұлттық аспап жасайтын қолөнершілер байқауына шебер қылқобыз және нарқобыз жасап қатысқан. Сахна төрінен нарқобыздың үні естілгенде, тыңдармандар таңданысын жасыра алмапты. Нарқобыз сол байқауда жеңіс сыйлаған. Шебердің айтуынша, нарқобызды жасаудан бұрын қолжазбаларды қарап, аспапты ұзақ уақыт зерттеген. Яғни, бұл жеңіс ұзақ ізденіс пен төккен тердің нәтижесі. Композициялық туындылары арасында шебердің көңіліне жақындары да аз емес. Тәуелсіз еліміздің болмысын еркіндіктің ауқымына сыйдыруға талпыныс жасаған «Саяткерлік» композициясы өзі ұнататын еңбектерінің бірі. «Бүркітті қолына қондырып, көкті аңсаған саятшы бала әр қазақтың ауылға деген сағынышын арттырады. Қазақ пен ауыл егіз ұғым ғой. Ұлты қазақ азаматтардан тыс шетелдік туристер елең етіп, халықаралық көрмелерде туындының алдында сағаттап тұрып алады», – дейді Дәурен Миншарипов.
Шебер өз туындыларына ерекше сападағы ағашты қолданады. Арнайы тапсырыспен басқа өңірлерден де алдырады екен. Қарағаш, үйеңкі, жаңғақты қолданатын шебер ағашты арнайы қоймада бір жыл сақтайды. Дайын туындысын лактамайды, табиғи түсін сақтау үшін ас дайындағанда қосатын майды пайдаланады.
Түркістан облысы
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Бүгін, 22:37
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Бүгін, 21:23
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 20:40
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 19:38
Ташкентте коронавирус жұқтырғандарды емдейтін орталықтар қайта ашыла бастады
Әлем • Бүгін, 18:46
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:39
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 16:33
Елордада BMW X7 көлігі жарық бағанына соғылып, аударылып қалды
Оқиға • Бүгін, 15:38
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 14:31
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Бүгін, 12:51
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:10
Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды беру туралы өкімге қол қойды
Президент • Бүгін, 11:33
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Бүгін, 10:20
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар