Саясат • 21 Тамыз, 2019

Бюджетті тиімді жұмсауға бақылау күшейтілді – Г. Исимбаева

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылды.

Бюджетті тиімді жұмсауға бақылау күшейтілді – Г. Исимбаева

«Фракция сайлауалды ұсыныстарға қатысты бірнеше шешім қабылдады. Бюджетті тиімді жұмсауға бақылау күшейтілді. Депутаттардың аймақтарға баратын күні әлеуметтік желіде алдын ала жарияланады. Бұл халық қалаулылары мен тұғындардың өзара диалогын жеңілдетті. Фракция мүшелері де әлеуметтік желідегі парақшаларында халықпен белсенді пікір алмасады. Әлеуметтік желілердегі белсенділік айтарлықтай көмекке айналды, Үкімет сағатын онлайн көруге болады» деді  Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева.  

Еске салсақ, бүгін елордада Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.