ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев үнемі өскелең ұрпақтың Қазақстанның дамуына қосар үлесіне ерекше көңіл бөледі. Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев тамыз конференциясында сөйлеген сөзінде білім беру жүйесінің жаңа сын-тегеуріндерге үйлесімді бейімделуі қажет екенін атап өтті.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин салтанатты шарада цифрландыру мен жасанды зерденің әсерінен бүгінде жаңа мамандықтар пайда болып жатқанын атап өтті.
«Сіздердің білім деңгейлеріңіз заман сұраныстарына сай және бәсекеге қабілетті болуы керек», — деп Асқар Мамин, барлық оқушыларды Білім күнімен құттықтады.
Жаңа мектептің техникалық жарақтануына жәрдемдесу мақсатында «Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры» 3D-модельдерді зерттеуге арналған виртуалды-ғылыми секциясы бар «жасыл технологиялар» зертханасын сыйлады, оны Қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ә. Назарбаева мен ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев таныстырды.
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин интерактивті жабдықты қолдана отырып оқытудың жаңа әдістерімен танысты. Оқу сыныптарын алдыңғы қатарлы технологиялармен жабдықтау оқушыларға болашақ мамандықтарының дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Бұдан өзге, ашылу салтанаты барысында жаңа мектепке «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» қазақстандық зауыты жаңа үлгідегі мектеп автобусын сыйға тартты.
ҚР Үкіметінің басшысы Асқар Мамин жаңа мектепті аралау барысында ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ашылған «Абайтану» кабинеті мен музейіне барды.
Айта кету керек, жаңа №87 мектеп-гимназиясында 900-ден астам оқушы білім алатын болады. Жалпы, биыл ҚР орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың саны 3 млн-нан асады. Жаңа оқу жылында 400 мың бала 1-сыныпқа қабылданды. Жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиындарға ҚР Үкіметінің мүшелері қатысты, олар мектептерде азаматтық пен отансүйгіштікке арналған сабақтар өткізді.
Сонымен қатар, №87 мектептің ашылу салтанатына ҚР білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов қатысты.