Жуырда Үкімет үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлығын іске асыру барысы жөнінде баспасөз конференциясы өтті. Оған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков қатысты.

Светлана Жақыпованың айтуынша, қазір Президент Жарлығын жүзеге асырудың тетіктері айқындалып, берешегі өтелетін адамдардың санаты белгілі болды. Олар – көп балалы отбасылар, асыраушысынан айырылған адамдар, отбасында мүгедек баласы барлар, жетім балалар және осы тектес әлеуметтік әлсіз топтар құрамындағылар. Борышкерлердің жағдайы мен қарыздарының көлемі анықталуда. Қазір 2,2 млн-нан астам адамды қамтитын деректер базасы қалыптасып, соның нәтижесінде тиісті азаматтардың тізімі жасалуда. Бұл шаруалар көп жағдайда екінші деңгейдегі банктер мен Әділет министрлігінің ақпараттық ресурстық базаларына сүйене отырып автоматты түрде жүргізілуде. Яғни, оған адам факторы араласа алмайтын болады.
С.Жақыпова айтқандай, мемлекет есебінен займдары мен несиелері бойынша қарызды өтеу мүмкіндігін қазақстандықтар Электронды үкімет порталының басты бетінде орналасқан «Борыш жүктемесін азайту бойынша бағдарламаға қатысу үшін статусын тексеру» электронды сервисінің көмегімен нақтылай алады. Ол үшін ЭЦҚ қажет.
«Egov порталында мәртебесін анықтау бойынша сервис ұйымдастырылды. Адам өзінің ЭЦҚ-сы арқылы кіріп, порталға тіркеледі де, ЖСН-ын көріп, жауап ала алады», деп түсіндірді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
Енді басқа да туындап жатқан мәселелерге байланысты сервисті жетілдіру көзделген.
Бұл шара банктер мен қаржы ұйымдарының алдындағы борыштарын өтеу қиындықтары пайда болған ел азаматтарына бір реттік көмек түрінде жүзеге асады. Олардың толық тізімі әлі жасалып болған жоқ. Дегенмен автоматты база мүмкіндігімен дәл қазіргі сәтте 507 мың адамның тізімі қалыптасты. Олардың мәліметтері екінші деңгейлі банктерге берілді. Тиісті көлемдегі қарыздары өтелу үшін бұл адамдар екінші деңгейлі банктермен келісімшартқа отырады.
Тізімге биылғы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша қарызының көлемі 3 млн теңгеден аспайтын адамдар енгізілген. 300 мың теңгеге дейінгі қарызы мен оған есептелген сыйақы жабылады. Егер отбасындағы ерлі-зайыпты адамдардың екеуі де борышкер болып, екеуінің басында да қарызды өтеу қиындықтары пайда болса, екеуіне ортақ 600 мың теңгеге дейінгі қарыз көлемі мен оған есептелген сыйақы жабылады.
Екінші деңгейлі банктер алғашқы тізімге алынған 507 мың адамның жағдайы мен Президент Жарлығының жүзеге асу жайы туралы мәліметті тиісті орынға 10 қыркүйекке дейін беруі тиіс. Әрине көмек көрсетілетіндер тізімі мұнымен де шектеліп қалмайды. Қосымша ақпараттар негізінде тізім одан әрі толықтырылмақ.
О.Смоляков өз кезегінде 507 мың адамның берешегі 105 млрд теңгені құрағанын айтты. Соған сәйкес екінші деңгейлі банктермен жұмыстар жүргізілуде.
О.Смоляков атап өткендей, Ұлттық банк, «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ екінші деңгейлі банктермен және микроқаржы ұйымдарымен (МҚҰ) бірлесе отырып, барлық қазақстандыққа банктер мен МҚҰ-дағы кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша 2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару туралы шешім қабылдады.
«Осы жылдың 30 шілдесінде банктер мен МҚҰ 1 192 834 қарыз алушының жалпы 33 620 млн теңге сомасына кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарын есептен шығару жұмыстарын аяқтады», деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары. Айыппұл мен өсімпұл ең алдымен банктер мен МҚҰ-ның қаражаты есебінен есептен шығарылды.
Әрине мұндай берешектер борышкерлердің әу баста өздерінің қарызды өтеу мүмкіндігін нақты есепке алмауынан туындағаны белгілі. Баспасөз конференциясында осыған орай қарыз тәуекелдерін шектеу жайы да сөз болды. Алдағы уақытта қарыз тәуекелдерін өлшеу тетіктері әзірленетіні мәлім болды. Яғни, қарыз алушының сол қарызды өтеу мүмкіндігінің шекті деңгейі анықталады.
Президент Жарлығында қамтылғанымен, жоғарыда айтылған тізімге енбей қалған адамдардың да кездесетіні анық. Олардың жайы не болмақ? Баспасөз конференциясында айтылғандай, мұндай жағдай негізінен «Азаматтардың хал актілерін тіркеу» органдарының, яғни ерлі-зайыптылардың заңды неке жағдайының мәліметтеріне сәйкес туындауы мүмкін. Қазір оның 1937-2008 жылдар аралығындағы базасы жасалып, онда 40 млн-ға жуық акті тіркелген. Бұл мәселені жеке өтініштер бойынша анықтауға болатындығы айтылды.
«Қарыздарын мемлекет өтеген борышкерлердің алдағы уақытта банктерден несие алуына бола ма?» деген нақты сұрақ туындады.
О.Смоляков бұл сұраққа берген жауабында тұтынушылық мақсаттағы қарыздар көп жағдайда кепілсіз беріліп келгендігін, енді осы санаттағы қарыз алушының оны өтеу мүмкіндігі ескерілетіндігін жеткізді. Оның айтуынша, мұның өлшемдерін белгілеуде қарыз алушының ресми кіріс көзі ғана ескерілмейді, сонымен қатар оның басқа да мүмкіндіктері, мәселен, қолында қарызды өтеу үшін кепілге қояр затының болуы да ескеріледі. Яғни, бір сөзбен айтқанда, осы жолы қарызын өтей алмай мемлекет көмегіне жүгінгендер де алдағы уақытта жаңа қарыз алу мүмкіндігінен үміттене алады. Енді тек қарыз алушының оны өтеу мүмкіндігі бұрынғыға қарағанда нақтырақ анықталып, жағдайы жан-жақты зерттелетін болады.
Петропавлда жаяу жүргінші көлік астына түсті
Аймақтар • Кеше
Пандемия аяқталғаннан кейін коронавирустық инфекция неге айналады?
Коронавирус • Кеше
Асқар Мамин жаңа министрлерді таныстырды
Үкімет • Кеше
Қызылордада мемлекеттік бөбекжай-бақша ашылды
Аймақтар • Кеше
Open Shymkent бірыңғай сервис порталы құрылады
Аймақтар • Кеше
Банкте ипотекасы бар азаматтарға салық жеңілдігі беріледі
Экономика • Кеше
Кәсіпкерлер «Almaty Business - 2025» бағдарламасын пайдалана ала ма?
Экономика • Кеше
Ресейде тұрғындарды қар басып қалды
Әлем • Кеше
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды
Саясат • Кеше
«Almaty Finance» бизнеске қолдау көрсету бағдарламалары кеңейтілді
Экономика • Кеше
Доллардың ертеңгі құны қандай болады?
Экономика • Кеше
Шымкентте бұқаралық спортпен айналысушылар саны артады
Аймақтар • Кеше
"Бедеуліктен емдеймін" деген әйелге сот ісі басталды
Оқиға • Кеше
Мұхтар Тілеуберді қос қызметті қатар атқармақ
Тағайындау • Кеше
Ұлттық экономика министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкіметтің жаңа құрамы жарияланды
Қазақстан • Кеше
Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұру мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Кеше
Атырауда шикізаттық емес өнімдер экспортының көлемі артады
Экономика • Кеше
Атырауда 558 мас жүргізуші жазаланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда Қуат Хамитовтың соты өтіп жатыр
Спорт • Кеше
Словакияда тұрғындарға серуендеуге тыйым салынды
Әлем • Кеше
Қызылордада абақтыдағылар астау жасап жатыр
Аймақтар • Кеше
Экс-депутат QazIndustry-де жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстанда ерікті вакцинадан қайтыс болса қанша теңге төленеді?
Медицина • Кеше
Нұр-Сұлтанда қалалық парктер 2021 жылы қалай түрленеді?
Елорда • Кеше
Алматыда модульді госпиталь қайта ашылады
Аймақтар • Кеше
Президенттің апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Кеше
Қар құрсауынан 50-ден астам көлік құтқарылды
Қоғам • Кеше
Мефедрон сатқан екі петропавлдық ұзақ жылға сотталды
Аймақтар • Кеше
«Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Экс-депутат бас басылымға қызметке келді
Тағайындау • Кеше
Қостанайда сирек кітаптар көрмесі ашылды
Әдебиет • Кеше
Биыл Шымкентте 36 маршрут субсидияланады
Аймақтар • Кеше
Үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Спорт • Кеше
Бокстан ел біріншілігі басталды
Спорт • Кеше
Алматыда 500-ден астам бизнес нысандары тексерілді
Қоғам • Кеше
Қызылордада есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды
Аймақтар • Кеше
Ұлы сарынның сарқыты – Жамбыл жырау
Руханият • Кеше
Сенаторлар жол қозғалысына қатысты заң жобасын қарайды
Үкімет • Кеше
Үйді бөлісе алмаған балалары анасын соққыға алған
Қоғам • Кеше
Телемұнарадан түсе алмай қалған жігіт құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Қапшағайдағы мұз жамылғысы желі қолданушыларының назарын аудартты
Фотогалерея • Кеше
Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Теміржол билеттері қымбаттайды
Қазақстан • Кеше
Түркі елдері халықаралық ұйымдары Әзербайжанға барды
Руханият • Кеше
Ауа райы • Кеше
Көлсай мен Қайыңдыда коньки тебуге бола ма?
Экология • Кеше
Ұқсас жаңалықтар