Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2019

Қамын ойлап туыстың...

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетаудағы «Достық» үйінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Ақмола облыстық филиалы ашылды.

Қамын ойлап туыстың...

Салтанатты рәсімге қоғам­дық бірлестіктердің өкіл­де­рі, қала тұрғындары жиналды. Ауқымды істерді межелеп­ отырған филиал алғашқы сәттен-ақ елді елең еткізді. Ал­дымен «Мектепке жол» акция­сы аясында жиырмаға жуық оқушыға дәптер, қалам, сөмке және бес мың теңге кө­лемінде көмек көрсетілді. Сөз арасында қажетті заттарды сатып алу­­­ға кәсіпкер азаматтардың жанашырлық жасағандығын айта кетелік. Бір жақсысы, із­гілікті шараға жиналғандар халықты әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасыларына көмек көрсетуге шақырды. Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысы филиалдарының басшысы Қарлығаш Бекпатшақызының айтуынша, басты мақсат алыс­­тан келген ағайын мен байыр­ғы тұрғындар арасындағы бай­ланыс­ты нығайту. Төртеу түгел жерде төбедегі келеді емес пе? Қа­жет бо­лып жатса жәрдем сұ­рай келген қандастарға да қам­қор­лық көрсетпек. Мә­селен, құ­жат рә­сім­­деуден бас­тап, тір­шіліктегі са­налуан түйт­кілдерді ше­шуге келелі кеңес беру де көзделген.

Ақмола облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев, «Жебеу» республикалық қо­ғамдық бірлестігінің басшысы Омарәлі Әділбек және басқа да жанашыр адамдар бұл бастама алдағы ауқымды шаралардың не­гізін қалайтындығына сенім білдірді.