Экология • 18 Қыркүйек, 2019

Апорттың даңқын қайтара аламыз ба?

437 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Әлемнің ықыласы Алматының алмасына ауып тұр. Бірақ кедергі қолдан жасалып отырған сыңайлы.

Апорттың даңқын қайтара аламыз ба?

Бұл туралы Алматыда «Ал­­­маты – алма орталығы: эко­но­­микалық, эко­л­о­гиялық жә­не мәдени келешегі» ат­ты ха­лық­­­аралық форумда айтыл­ды. Фо­румның пленарлық сес­сияларының ара­сын­да гер­ма­­ниялық эколог Петер Чес­­­селман мырзамен әңгі­ме­­лес­кен едік. Ол әлем­дік қауым­дас­тықтың алма жемі­сін будан­дас­тыруға көңіл бөлуінің соңы оның формасына ғана әсер ет­кенін айтты. Яғни, қазіргі алма бизнесіндегі трендтің өл­ше­мімен қарағанда, оның дәмі мен иісі екінші орынға ысырылып, сақталу формасына ғана ба­сымдық беріле бастаған.

«Мен эколог ретінде Қа­зақ­­стан­да өсірілген алмаға, оның дәміне басым­дық берер едім. Себебі КСРО кезінде қыз­­мет бабымен Мәскеуге, Ал­­­матыға жиі келетін әкем өзі­мен бірге үйге апорт алмасын әкелетін. Кәсіби маман ре­тінде Қазақстанның апортын бірде-бір алмамен теңестіре алмаймын. Қазақстанның Ала­­тауы Ресейдің орманды ал­қаптарында өскен алма­ның Си­верс деп аталатын сұр­пы­ның бағын ашқанын, теңіз дең­гейінен 950-1200 метр биіктік­те ғана ол өзгеше форма мен дәмге ие болғанын, кейін апорт атанғанынан хабарымыз бар. Соңғы жылдары алманың бұл түрі өзінің бастапқы формасынан айырылып қалды. Сол себепті оны будандастырмай, таза сақтап қалсаңыздар ғана дәмі өзгеше жеміс түрімен ерекшелене аласыздар», дейді Петер Чесселман.

П.Чесселманның сө­зі­нен ұқ­­қанымыз, әлемнің ықы­ласы Алматының алмасына ауып тұр. Ал біз сол алманы жо­­ғал­тып алудың алдында тұр­­мыз. Генетик ғалымдардың «Na­ture Communications» жур­на­­лында жарияланған зерт­теулері де «Malus domes­tica» атты алма сұрпы біз­дің елі­мізден тарағанын дә­лел­дейді. Алманың отаны – Ал­матыдағы жабайы алма ағашы. 1793 жылы оған алғаш сипаттама берген Ресей ботанигі Иоганн Си­верс­тің құрметіне «Сиверс алмасы» (Malus siversii) деген атау алды.

Соңғы жылдары қоғамда «апорт деградациясы» деген әң­гімелер жиі айтылып жүр. Әлем­нің таңдайы жеуге асық атақ­ты апорттың көз алдымызда майдаланып кетуіне эколо­гияның түк те қатысы жоқ кө­рінеді. Оған тек адам факторы ғана кінәлі.

Қазақстан жеміс-жидек ша­­руашы­лығы ғылыми-зерттеу институтының қыз­мет­кері Бал­нұр Қабылбекова апорттың сортқа бөлінбейтінін, тек қана формасымен ерек­ше­ленетінін айтты. 1990 жылдары Алма­ты­ қалталыларының тау бөктерін «жаулап» алуы апорт­тың сырт­қы формасына, көлемінің ұсақ­талып ке­туіне тікелей ықпал етті. Тіпті соңғы жиырма жыл­дықта оның бұрқыраған хош иісі де жойыла бастаған.

«Апорттың деградациясына адам факторы ғана кінәлі. Оны қалыпқа келтіру үшін Ала­таудың теңіз дең­гейінен 900-1200 метр жоғары тұрған бөк­терінде апорт өсетін бел­­деудегі алқаптарды, жер те­лім­дерін мемлекет иелігіне қай­­тарып алу керек. Біз бұл мә­­селені айтып Президент Әкім­ші­лігіне, Үкіметке хат жаздық. Әзір­ге нәтиже жоқ», дейді Бал­нұр Қабылбекова.

Соңғы бірер жылда Қазақ­станда өсетін апорт түрі мен дәміне қарай ерекшелене бас­тапты. Осыдан бірнеше жыл бұрын институт ғалымдары Шы­ғыс Қазақстанның Тарба­ғатай тауларында өсіп тұрған алманың «Сиверс» сұрыпының бірнеше түбін алып, оны апорт алмасымен будандастырды. Институт осы алқапты аналық бақ ретінде сақтап, оны көшет ретінде көбейтуге ниеттеніп отыр екен. «Бұл әрекеттер апорт­тың қайта қалыпқа келуіне тек муль­типликативті ғана әсер етеді. Нағыз апорт жоғарыда ай­тып өткендей Алатаудың бөк­теріндегі апорт өсетін бел­деуді мемлекет иелігіне қай­та­рып алғанда ғана қалыпқа ке­леді. Оған ғалымдардың құ­зі­реті жетпейді», дейді Б.Қа­был­бекова.

Асылдың сынығындай жұр­нағы ғана қалған Алматының апортының «сыртқы қар­сы­лас­тары» көбейіп кеткенін кә­сіпкер Марғұлан Сейсембаев та айтты. Ел ішінде «алма маг­наты» атанып кеткен кәсіп­кер бірнеше жылдан бері Ала­тау­дың етегінде алма өсіріп ке­ле­ді. Кәсіпкердің айтуынша, нағыз табиғи, күн сәулесі мен таудың салқын ауасын сіңіріп өскен алманы өсірудің құны да қымбат. Жасанды жылыжай мен табиғи емес жарық, жылу апорттың табиғатымен мүлдем үйлеспейді екен. Осы және басқа факторларды тізіп, алдымызға жайып салған кә­сіпкер алма экспортының әле­уетін тиісінше пайдалана алмай отырғанымызға қынжылды. Со­ған қарамастан алма бизнесі соң­ғы жылдары кенжелеп болса да дамып келеді екен. Бірақ бұған кәсіпкерлер мен мемлекет тарапынан бизнес көзі деп қарау белең алып тұр. Ең бас­тысы, адамдардың әлеуметтік жағдайы, төлем қабілетінің сын көтермейтіні апортымыздың іш­кі нарықтағы тынысын та­рылт­қаны анық.

Мәселен, белгілі кәсіпкер 2018 жылы алманың нарықтағы бағасы 1 килоға 240 теңге бол­ғанын айтып өтті. Бұл – сырттан келген импорт алма құны. Ал қазақстандық апорттың ел ішіндегі бағасы 300-350 тең­генің айналасында тұрақ­та­ған. 2018 жылы Ресейге 1 кило алманы 320 теңгеден экс­порттаған. Ал ресейліктер қа­зақтар өсірген алманың келісін 350-400 теңгеден сатып алуға дайын отыр екен.

«Ресейліктер бағасына қа­­ра­май дәмді, экологиялық жа­­ғынан таза алма экспорт­тау­­ды сұрайды. Біз бұл сұра­­­ныс­ты орындаймыз. Ал қа­зақ­стан­дықтар арзан алма іздейді. Өнім­ді арзан бағада ұсынуға біздің шамамыз келмейді. Ал­ма­тының дүкендері мен ба­зар­ларындағы құны 250-300 теңгеден аспайтын алмалар Қы­­тай мен Польшадан келіп жа­тыр. Демек Қазақстанда ал­ма­­ның бағы халықтың эконо­микалық жағдайы жақсарғанда ғана «жанады». Сол кезде ғана қазақстандықтар бағасына қа­рамай экологиялық таза өнім­дерді сатып ала бастайды. Бұл – уақыттың еншісіндегі мә­се­ле», деп сөзін түйіндеді М.Сей­сембаев.

Халықаралық форум бол­ған­дықтан шетелдік алма экс­­­­пор­терлеріне де өсірген өнім­­­­дерін таныстыруға, жар­на­­ма­лауға мүмкіндік берілді. Ита­лиядан келген алма өсіруші Карт Вернт соңғы он жылда Ита­лия әлемдегі ең ірі ал­ма экс­­­порт­таушылардың қата­ры­на қосылғанын тілге тиек етті. Оның пайымдауынша, мұ­ның ешқандай құпиясы жоқ. Хи­миялық қоспалардан бас тартып, тек органикалық ты­ңайт­қыштарға басымдық берілсе болғаны. «Алмасымен мақ­та­на алатын кез келген мемлекет өз өнімдерін біздің жерде өс­кен алманың дәмімен салыс­тырады. Қазір Италия ішкі на­рықты емес, сырт елдерді де қам­тамасыз ететін деңгейге кө­терілді», деді К.Вернт.
Одан әрі Вернт мырза Ита­лияда жер тапшылығынан вертикальды жылыжай дамып келе жатқанын жеткізді. Мұндай жы­­лыжайда алма ағаштарын биік үйлердің шатырына да егу­­ге және одан мол өнім алуға мүм­кіндік бар екен. «Бұл ретте бізге ғылым көмекке келді. Қазір ұзындығы 1,5 метрден ас­­пайтын алмадан бір маусым­да 80-100 кило өнім алуға бо­лады. Мұндай тәжірибені сіз­дермен бөлісуге дайынбыз», де­­ді К.Вернт мырза.

Айта кету керек, бұл шараны Қазақстанның табиғатты сақтау жөніндегі эко-қозғалысының белсендісі, қоғам қайрат­кері Ажар Жандосова ұйым­дас­тырды. Форум «ALMA – Apple» қалалық қоғамдық бастамасы аясында өтті. Жиын Алматының алма қаласы ретіндегі бұрынғы даңқын дәріптеп, қайта жандандыру мақсатында жыл сайын өткізіліп келеді.

АЛМАТЫ