Жуырда жарияланған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекет басшысы ретіндегі бірінші Жолдауы эволюциялық құжат болды. Жолдау Президенттің сайлауалды бағдарламасына сәйкес шықты. Демек, Президент өзінің халыққа берген уәдесін орындайтынын дәйектей түсті.

Жолдауда халық үшін саяси, экономикалық және әлеуметтік салалар бойынша жақсылық нышандары баршылық. Төменде соның біреуіне тоқталып, ой өрбітпекпіз. Бұл – зейнет жасына жетіп үлгермеген азаматтардың зейнетақы қорындағы жинақталған қаржысының бір бөлігін күні бұрын пайдалану, яғни өздерін толғандырған
проблемаларын шешу үшін жұмсау мәселесі.
Жолдауда:
«Қазір жұмыс істеп жүрген адам өзінің зейнетақы жинағын тек зейнетке шыққаннан соң ғана пайдалана алады. Бірақ олардың бұл қаражатты зейнетке шыққанға дейін пайдаланғысы келетіні түсінікті жағдай. Жұмыс істейтін азаматтар өздерінің зейнетақы жинағының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа, соның ішінде баспана сатып алуға немесе білім алу үшін пайдалану мәселесін жыл соңына дейін пысықтауды Үкіметке тапсырамын» деді Президент.
Менің ойымша, зейнет жасына тақағандардың зейнетақы қорында жинақталған қаржысын зейнеткерлікке шықпай тұрып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін өздеріне бергендері өте дұрыс болар еді. Осылайша бір оқпен екі қоянды атуға болады.
Біріншіден, адам зейнеткерлікке шығар алдында тұрғын үй жағдайын жақсартады. Бұл – осындай мүмкіндікке ие болған адамның жалпы өмірін жақсарту деген сөз. Осылайша адамның өз өміріне, қоғамға сіңірген еңбегіне және мемлекетке ризашылығы артады.
Екіншіден, қазақ халқының дәстүрлі өмір сүру салты жағдайында Президенттің бұл батыл бастамасы бір отбасының ғана емес, екі отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға ықпал еткен болар еді. Өйткені дәстүрлі отбасы жағдайында ата-аналардың үйленген кенже ұлдарын қолдарында ұстайтыны белгілі. Осындай жағдайдағы көптеген отбасылар қазір пәтердің тарлығына байланысты қысылып-қымтырылып өмір сүруде. Осындай тұрмыс тауқыметіне байланысты жастардың ажырасып кету жағдайы да жиі байқалады.
Демек, аталған мәселедегі жағымды нышанның қазір қоғамда барған сайын белең алып келе жатқан некенің тұрақсыздығы проблемасын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан шешуге де игі ықпалы болар еді.
Үшіншіден, тұрғын үй нарығында жаңа қозғалыстар пайда болар еді. Бұл – тұрғын үй нарығына халық тарапынан жаңа инвестициялық қаржы келеді деген сөз. Құрылыс саласында жаңа жұмыс орындары ашылады. Мемлекетке түсетін салық көлемі артады.
Төртіншіден, қазір ипотекалық несие қымбат. Адамдардың зейнет жасына тақаған белгілі бір бөлігі ипотекалық несиені пайдаланбай-ақ өзінің өмір бойы жинаған адал қаржысын пайдалану арқылы жағдайын жақсартып жатса, бұл әділетті бір шешім ретінде бой көрсетіп, олардың мемлекетке деген сенімдерін де арттыра түсер еді. Қазіргі өмірдің көзге көріне бастаған бір шындығы, халықтың мемлекетке деген сенімінің бәсеңдей түскені болып отыр.
Оған көп себептің бірі – Үкіметтің өз азаматтарын екінші деңгейлі банктер алдына аяусыз байлап бергендігі болып отыр. Егер мемлекет адамдардың зейнетақы қорындағы өз қаржыларын тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін күні бұрын пайдалануға рұқсат берсе, міне осылайша жеке адам да, мемлекет те ұтысқа шығар еді деп ойлаймын.
«Жастық шақта бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деп атам қазақ бекер айтпаған. Осы мақалды «адал және қоғам үшін игілікті өмір сүрудің ұлттық формуласы» деп те атауға болар еді. Біз дамыған елдер қарттарының шынымен де зейнет жағдайында өмір сүріп жатқандығын көріп отырмыз. Егер жоғарыдағы мәселе шешілсе, бұл біздің мемлекеттің де қарттарымызды дәл сондай болмаса да, белгілі бір жақсы жағдайға жеткізу бағытында жасаған батыл да серпілісті әрекеті ретінде қабылданып, көптеген адамдардың ризашылығын туғызған болар еді.
Биыл Жаңақорған ауданынан күн электр станциясы пайдалануға беріледі
Аймақтар • Бүгін, 17:16
Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды
Қоғам • Бүгін, 17:12
«Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды
Аймақтар • Бүгін, 17:05
Қостанай облысында «Көктем - 2021» оқу-жаттығу шарасы өтті
Аймақтар • Бүгін, 17:00
Футзалдан «Евро-2022» додасының іріктеу ойындары өтті
Спорт • Бүгін, 16:56
Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:52
Елордада ағаштар мен бұталарды қояндардан қорғау жұмысы жүріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:49
«Ashyq» қосымшасын 27 алматылық кәсіпкер сынақтан өткізуде
Аймақтар • Бүгін, 16:46
Елімізідің көлік сақшылары полицей әйелдерді төл мерекеcімен құттықтады
Қазақстан • Бүгін, 16:46
Гүлшара Әбдіқалықова аяулы аналарды мерекесімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 16:34
Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады
Қазақстан • Бүгін, 16:22
ШҚО тұрғыны 230 келіден астам маралдың мүйізін ұрлаған
Аймақтар • Бүгін, 16:20
Grand Slam: Елдос Сметов финалға шықты
Спорт • Бүгін, 16:15
Қарағандыда жол апатынан 3 адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 16:10
Алматыда өзін Антикор қызметкері ретінде таныстырған алаяқ сотталды
Аймақтар • Бүгін, 16:07
ForteBank пен Қазпошта ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Экономика • Бүгін, 16:05
Елордадағы Алматы ауданының тұрғын алаптары үшін мобильді пошта жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 16:03
Мұрат Әйтенов ерекше бала тәрбиелеп отырған ана мен ардагерлерді құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 16:00
Спорт • Бүгін, 15:59
Қорғаныс министрі аяулы аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қоғам • Бүгін, 15:57
Үкімет басшысы Инвестициялық штабтың отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 15:56
Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың жеңілдетілген пәтер салынады
Елорда • Бүгін, 15:00
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Шымкентте тозығы жеткен үйлер сүріледі
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Атырауда 563 мың тұрғын сақтандырылды
Аймақтар • Бүгін, 14:28
Роман Скляр мұнай өнімдерін тауарлық биржа арқылы сату туралы айтты
Үкімет • Бүгін, 14:11
Ақтауда ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер жазалана ма
Аймақтар • Бүгін, 13:51
Экономика • Бүгін, 13:31
Ілияс музейі отыз жетінші көктемін қарсы алды
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Атырауда демеушілер 700 отбасы азық-түлікпен қамтиды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
Ауылдарда тұрғын үй салына бастайды
Қазақстан • Бүгін, 12:51
Металлургия саласындағы өндіріс көлемі 3,1% - ға өсті
Экономика • Бүгін, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:40
Елорданың бизнес өкілдері «Ashyq» қосымшасының артықшылықтарын атап өтті
Елорда • Бүгін, 12:36
Шетелден ПТР анықтамасыз келетіндер көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:30
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Қазақстан • Бүгін, 12:27
Павлодарда үш көлік соқтығысып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 12:25
«Барыс Арена»: Енді хоккейді жанкүйерлері залдан тамашалайды
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Қай қан тобындағы адамдар коронавирус жұқтыруға бейім?
Әлем • Бүгін, 11:52
Аймақтар • Бүгін, 11:38
Бақытжан Сағынтаев Алматының сел жүруі мүмкін қауіпті аймақтарын аралады
Қоғам • Бүгін, 11:38
Елдегі азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі қандай?
Қазақстан • Бүгін, 11:34
Emirates жолаушыларына қосымша орын сатып алуға рұқсат етілді
Әлем • Бүгін, 11:33
Қазақстан сәуір айында мұнай өндірісін арттырады
Экономика • Бүгін, 11:30
Баскетболдан Қазақстан ерлер командасы әлемдік рейтингте жоғарылады
Спорт • Бүгін, 11:28
Қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы қашан қалыпқа түседі?
Қоғам • Бүгін, 11:25
Мигранттар үшін ең тартымды ел қайсы?
Қазақстан • Бүгін, 11:19
Туберкулездің таралуы төмендеген
Аймақтар • Бүгін, 11:18
Әлем • Бүгін, 11:17
Солтүстік Қазақстанда республикалық маңызы бар автожолдар жабылды
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыз аман-есен табылды
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамытатын 17 орталық ашылады
Қоғам • Бүгін, 11:11
Қазақстан интернеті ең арзан елдердің ондығында тұр
Қазақстан • Бүгін, 10:54
Президент: Әлихан бастаған қазақ зиялылары мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті
Президент • Бүгін, 10:51
Тірі туысын «жерлемекші» болған алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:48
Нұрлан Ноғаев ОПЕК+ келісімі аясындағы қадамдар туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 10:46
Шығысқазақстандықтарға жаңа Экологиялық кодекстің негізгі ережелері түсіндірілді
Аймақтар • Бүгін, 10:39
Қазақстан елшісі Аустрияның Федералдық Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Саясат • Бүгін, 10:29
Нұр-Сұлтанда 2021 жылы тақырыптық саябақтар пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 10:26
Василий Левит Испаниядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 10:23
2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылды
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Түркістаннан ұшатын алғашқы халықаралық рейстерге билет сатыла бастады
Аймақтар • Бүгін, 10:06
Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады
Үкімет • Бүгін, 10:04
Экономика • Бүгін, 10:01
Ақпан айында ЭЕБ-дағы бос орындар саны 5,3 мыңға өсті
Қоғам • Бүгін, 09:56
Жаяуларды сыйламайтындар енді оңай жазаланады
Аймақтар • Бүгін, 09:52
Римдегі жарыстың алғашқы күні жеті жүлде алдық
Спорт • Бүгін, 09:50
Еліміздің 7 өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Түркияда тікұшақ апатынан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Әлем • Бүгін, 09:40
Елордада оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:25
Ұқсас жаңалықтар