Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2019

Бюджет тиімді жоспарлануы тиіс

354 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бүгінде елімізде бюджеттік тәртіпті күшейту, оның атқарылуын жүйелеу және бюджетті жоспарлаудың тиімділігін арттыру өзекті мәселеге айналып отыр. Әсіресе еліміздің ірі орталықтары үшін қазынадан бөлінген қаржының дұрыс, орынды жұмсалуы басты назарда.

Бюджет тиімді жоспарлануы тиіс

Жуырда осы өзекті мәселе төңірегін­де Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен кеңес өтті. Онда қала басшысы жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың бюд­жетті жоспарлаудағы кемшіліктерін сын­ға алып, орындаушылық тәртіптің өте төмен, сын көтермес деңгейде қал­ған­дығын ашып айтты.Жуырда осы өзекті мәселе төңірегін­де Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен кеңес өтті. Онда қала басшысы жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың бюд­жетті жоспарлаудағы кемшіліктерін сын­ға алып, орындаушылық тәртіптің өте төмен, сын көтермес деңгейде қал­ған­дығын ашып айтты.

Атап айтқанда, Шымкент қаласы әкімдігінің салалық басқармаларында бюд­жеттік тәртіп талаптарының орын­далмауы салдарынан бірқатар жобаның іске асырылу мерзімі кейінге шегеріл­мек. Мәселен, биылға арналған бюджет­тің атқарылуы барысында респуб­ликалық бюджеттен бөлінген қаражат­тың 6 458,2 млн теңгесі ақтауға келмей­тін себептермен қысқартуға ұсыныл­ған. Оның ішінде 5 052 млн теңге көле­міндегі қаражат бюджет әкімшісі болып табылатын басқармалар тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурстарын мерзімінен шектен тыс кеш өткізуі салдарынан қысқартылып отыр.

Басқарма басшыларының өздеріне жүктелген міндеттерді дұрыс атқар­мауы, қаржылық жоспарлауды талап­қа сай жүргізбеуі, қала әкімінің сала­лық орынбасары тарапынан тиісті бақылаудың болмағандығы салдарынан мемлекеттік сатып алу конкурстары жыл ортасына дейін созылған.Жұмыстың тиімді бағыттары белгі­ленбеуі, салалық басқарма тарапы­нан қолға алынған жобалардың қадаға­лаудың жоқтығынан жүйелі іске асырылмауы, шаһардың солтүстік-батыс бөлігіне жүргізілуі тиіс инженерлік-инфрақұрылымдарды дамыту жобасына қаралған барлығы 1 116,9 млн теңгенің 522 млн теңгесі қысқартуға жол­данған. Оған басты себеп – 16 несие­лік тұрғын үйдің құрылысын 2020 жыл­ы аяқтау жоспарланған. Яғни, бюд­жеттік жоспар жыл басында дұрыс түзілмеген. Кері қайтуы тиіс республикалық қаражат есебінде Шымкент қаласының білім саласы бойынша 2 410,1 млн теңге қысқартуға ұсынылған. Оның да басты себебі – мемлекеттік сатып алу конкурстарының мерзімінен кеш өтуі.

Салалық басқарманың салғырт­тығынан қаладағы №23 мектеп қосымша ғимаратсыз қалса, «Асар-2» шағын ауданының тұрғындары 1200 орындық жаңа мектептен қағылды. Бұл жобаларды жүзеге асыру мерзімдері кейінге шегерілмек.Осы және өзге де бюджеттік сала түйткілдерін сын тезіне алған қала басшысы, бұдан былай бюджеттік өтінімге енген әрбір жоба бойынша басқарма басшылары жеке жауап беретінін қадап айтып, қала әкімінің салалық орынбасарларына бюджетті орындау тәртібін жеке бақылауына алуды тапсырды.Бюджеттен бөлінген әрбір тиынға жауапкершілікті арттыру, қаржының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету, бюджеттік жоспарлаудың тәртібі мен мазмұнын қатаң ұстану бағытында әр басқарманың жанынан бюджет жоспарлаудың, оны тиімді игерудің тәртіптерін меңгерген білікті мамандардан құралған кеңес құруды жүктеді.

Саладағы бюджет тәртібін айналдырған бір-екі лауазымды тұлға емес, сол салаға қатысты барлық проблемалар­ды жақсы білетін қоғам өкілдері жұ­мыл­ды­рылуы тиіс екендігіне назар аударды.Күн тәртібіндегі екінші мәселе бо­йынша 2020-2022 жылдарға арналған қала бюджетінің басым бағыттары талқыланды. Е.Айтаханов бұл мәселе де қаржылық жауапкершілікті талап ететін жұмыс екендігін назарға алып, алдағы үш жылға арналған бюджетті қалыптастыру барысында Шымкенттің мегаполис ретіндегі даму үрдісін ескеруді тапсырды. Бюджетте Елбасы тапсырмаларының орындалуы, қала келбетін жақсарту, азаматтарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру, көріктендіру және көгал­дандыру мәселелері қамтылуы тиіс екендігіне назар аударды. Пре­зидент тапсырмаларына сәйкес, қала­ның шеткі аумақтарындағы шағын аудандар мен тұрғын алаптарын дамыту­дың кешенді іс-шаралары жасалуы қажет деді.

Жиын барысында Ерлан Қуаныш­ұлы 2020 жылға қаланың аудан әкімдік­теріне 1 млрд теңгеден қаржы бөліне­тін­дігін айтып, аудан әкімдеріне осы қара­жатты тиімді бағыттаудың ұсыныс­тарын әзірлеуді және аталған жұмыс­тар­ды шалғай жатқан елді мекендер­дің инфрақұрылымына бағыттауды тапсырды. Аудан әкімдері бюджет қаражатына иек артпай, жеке инвесторлар тарту бағытында жүйелі жұмыс атқаруы тиіс деген қала басшысы, осы орайда «Shymkent» ӘКК» АҚ-мен тығыз ықпалдастық орнатуды жүктеді.Жиынды қорытындылаған қала әкімі әрбір мемлекеттік орган басшысы өзіне жүктелген басты міндеттер ретінде бюджетті дұрыс жоспарлай білуді, мемлекет қаражатын үнеммен тиім­ді жұмсауды және бюджеттің жауап­кершілігін жетік сезінуі тиіс екендігіне назар аударып, жыл қорытындысында бюджет саласындағы кемшіліктерге жол берген лауазымды тұлғаларға қатаң шара қолданылатынын ескертті.

ШЫМКЕНТ