Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1622
Сенбі, 16 ақпан 2013 6:25
2012 жылғы 19 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік ресурстарға 2012 жылғы егіннің астығын сатып алу туралы» 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 438 және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» 2012 жылғы 16 тамыздағы № 1055 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Мемлекеттік ресурстарға 2012 жылғы егіннің астығын сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 438 қаулысында (Қазақстан Республикасының ГГҮАЖ-ы, 2012 ж., № 42, 561-құжат):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік ресурстарға 2012 жылғы егіннің астығын сатып алуды жүзеге асыруға арналған бюджет қаражатының сомасы көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы 6750000000 (алты миллиард жеті жүз елу миллион) теңге мөлшерінде белгіленсін.»;

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 тамыздағы № 1055 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2012 жылғы егіннің астығын қабылдау үшін Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының астық қабылдау кәсіпорындарыңан көрсетілген облыстардағы элеваторлық қуаттарды босату мақсатында, неғұрлым бос астық қабылдау кәсіпорындарына «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты, бюджет, меншікті және тартылған кредит қаражаты есебінен сатып алған мөлшері 457012,176 (төрт жүз елу жеті мың он екі тонна бір жүз жетпіс алты килограмм) азық-түліктік астығының орнын ауыстыру (оның ішінде 2012 жылғы қаңтардан басталған) бойынша шығындарды төлеуге 2012 жылға республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шү-ғыл шығындарға арналған резервінен 1745426100 (бір миллиард жеті жүз қырық бес миллион төрт жүз жиырма алты мың бір жүз) теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінсін.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметов.