Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы № 332
Сәрсенбі, 20 ақпан 2013 6:05
2012 жылғы 29 қазан, Алматы қаласы
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне эмитенттерді және олардың бағалы қағаздарын қор биржасында айналысқа жіберу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының «Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2008 жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5223 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2008 жылғы 6 маусымда № 85 (1311) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен белгіленген Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Талаптардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы кәсіпорын (Special purpose vehicle) – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, қызметінің жалғыз түрі ақша тарту, оның ішінде өзінің жалғыз құрылтайшысының (қатысушысының, акционерінің) – осы немесе басқа мемлекеттің заңды тұлғасының кепілдігіне борыштық бағалы қағаздар шығару және орналастыру жолымен ақша тарту болып табылатын заңды тұлға;
2) арнайы қаржы компаниясы – жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын, пайдасына талап ету құқықтары берілетін заңды тұлға;
3) борыштық бағалы қағаз – иесінің эмитенттен негізгі борыш сомасын шығарылым талаптарымен белгіленген мөлшерде және мерзімде алуға құқығын растайтын бағалы қағаз;
4) жергілікті атқару органдарының облигациялары – республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
5) индекстік қор – активтері осы инвестициялық қор үшін базалық болып табылатын белгілі бір қор индексінің өкілдік тізіміне кіретіндерге ұқсас қаржы құралдарынан тұратын инвестициялық қор;
6) индекстің өкілдік тізімі – өлшемдері қор биржасының қандай да болмасын индикаторын есептеу мақсатында пайдаланылатын бағалы қағаздар тізімі;
7) исламдық бағалы қағаздар - исламдық жалға алу сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;
8) қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімі – енгізілуі және болуы үшін бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар эмитенттерінің Талаптарда белгіленген шарттарға сәйкес келетін қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізімі;
9) қаржылық емес ұйым – қаржылық ұйым болып табылмайтын ұйым;
10) листингтік компания – бағалы қағаздары ресми тізімге енгізілген заңды тұлға;
11) маркет-мейкер – қор биржасы маркет-мейкер ретінде таныған және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес бағалы қағаздар бойынша баға белгілеуді тұрақты хабарлап отыру және қолдау көрсету жөнінде өзіне міндеттеме қабылдаған қор биржасының мүшесі;
12) ресми тізім секторы – осы секторға белгіленген талаптарға сәйкес келетін эмиссиялық бағалы қағаздар енгізілген қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің бөлігі;
13) рұқсат беру бастамашысы – бастамасымен бағалы қағаздар қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін (жіберілетін) эмитент не қаржы орталығының қатысушысы (қор биржасының мүшесі);
14) сауда алаңы – қор биржасының бағдарламалық-техникалық кешенінің бөлігі, ол арқылы ресми тізімге енгізілген (қор биржасында айналысқа жіберілген) қаржы құралдарының жекелеген түрлерімен мәмілелер жасалады;
15) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
16) эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау – эмитенттің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген қайта құрылымдау жоспары не «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген сауықтыру жоспары негізінде іске асыратын әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдерінің кешені.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің бірінші (ең жоғарғы) санаты бойынша «акциялар» секторына эмитент акцияларын енгізу және олардың онда болуы үшін осы бағалы қағаздар мен олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін кемінде үш жыл бұрын жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес ұйымды (ұйымдарды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған оның жұмыс істеу мерзімін есептеу жүргізіледі.
Егер қор биржасының ішкі құжаттарында акцияларының жүз пайызы мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін жұмыс істеу мерзіміне үш жылдан аз талап қойылған жағдайда, осы тармақтың 4) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптар осы ұйымдардың іс жүзінде жұмыс істеу мерзіміне байланысты қолданылады;
2) эмитент халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (International Financial Reporting Standards – IFRS) (бұдан әрі – ХҚЕС) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын қаржылық есептілік стандарттарына (General Accepted Accounting Principles – GAAP) (бұдан әрі – АҚШ ҚЕС) сәйкес қаржылық есептілікті жасайды;
3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының «Қаржы құралдарын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2009 жылғы 20 қазандағы
№ 04.2-44/172 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5223 тіркелген) (бұдан әрі – аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары туралы бұйрық) бекітілген қаржы құралдарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына жауап беретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады;
4) рұқсат беру бастамашысы мыналардан:
егер осы санатқа акцияларды енгізу туралы өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы аяқталған күнінен бастап төрт ай өткен соң берілсе, аяқталған соңғы үш қаржы жылынан;
егер акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш аяқталған соңғы қаржы жылы аяқталған күнінен бастап төрт ай ішінде берілсе, соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы қатарынан аяқталған үш қаржы жылынан кем емес аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады.
Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылы үшін соңғы қаржылық есептілік жасалған күннен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығын) шолу бойынша есеп береді.
Аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығын) шолу бойынша есеп шығарылған, рұқсат беру бастамашысы ұсынған эмитенттің соңғы қаржылық есептілігін жасаған күннен бастап осы санатқа акцияларды енгізу туралы өтініш берген күнге дейін алты айдан аспайтын мерзім өтуі тиіс;
5) эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес оның жарғылық капиталынан кем болмайды. Бұл ретте эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған эмитенттің қаржылық есептілігіне (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген баламасы айлық есептiк көрсеткiштiң (бұдан әрi – АЕК) сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселенген мөлшерiнен кем емес соманы құрайды.
Осы санаттағы акциялардың сауда-саттығы ашылған күннен бастап алты айдан кейін қор биржасының iшкi құжаттарына сәйкес анықталатын осы акциялар эмитентiнiң нарықтық капиталдандырылуы баламасы АЕК-тың сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселенген мөлшерінен кем емес сома болуы тиіс.
Осы тармақшаның екінші абзацының талаптары ресми тізімге артықшылықты акцияларды енгізген жағдайда қолданылмайды.
Акциялар қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің осы санатында болған кезде уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі бойынша пруденциялық нормативті сақтаған жағдайда қаржы ұйымының меншікті капиталын төмендетуге жол беріледі;
6) әрбір соңғы үш жыл ішіндегі акциялар эмитентінің таза пайдасы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептiлiкке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес баламасы АЕК-тың сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес соманы құрайды.
Акциялар ресми тiзiмнiң осы санатында болған кезде, әрбір жылға баламасы АЕК-тың сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес соманы құрайтын, аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күнгі қаржылық есептiлiкке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес соңғы үш жылдың екi жылында акциялар эмитентiнiң таза пайдасының болуына жол берiледi.
Эмитент осы тармақшаның бiрiншi абзацында белгiленген таза пайданың мөлшері бойынша талаптарды орындамаған жағдайда оның акциялары, егер эмитенттің операциялық қызметінен түскен қаражаттарының таза ағымы оның аудиторлық есеппен расталған қаржы есептiлiгiне сәйкес (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) әрбір соңғы үш жылда оң болса, осы санатқа көрсетілген талаптар ескерілмей енгiзiледi;
7) еркін айналыстағы акциялардың саны осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап алты ай өткен соң осы түрдегі орналастырылған (эмитент сатып алғандарды, ауыртпалық салынғандарды және (немесе) оқшауланғандарды қоспағанда) акцияларының жалпы санының кемінде он пайызын, осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап бір жыл өткен соң – он бес пайызын және осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап екі жыл өткен соң жиырма бес пайызын құрайды.
Еркін айналыстағы акциялар санына «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес акционерлік қоғамның үлестес тұлғасы болып табылатын тұлғаларға тиесілі акциялар енгізілмейді. Бұл талап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1027 қаулысымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасын (бұдан әрі – Халықтық ІРО бағдарламасы) іске асыру шеңберінде акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығына шығаруды жүзеге асырған акционерлік қоғамдарға қолданылмайды.
Акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияға тиесілі ұйымдар үшін еркін айналыстағы акциялар саны бойынша талап осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап алты ай өткен соң орналасқан акциялар санының кемінде бес пайызын, осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап бір жыл өткен соң – он пайызын құрайды.
Халықтық ІРО бағдарламасын іске асыру шеңберінде акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығына шығаруды жүзеге асырған ұйымдар үшін еркін айналыстағы акциялардың саны осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап бір жыл өткен соң орналастырылған акциялар санының кемінде бес пайызын құрайды.
Еркін айналыстағы акциялар санын есептеу осы эмитенттің жай және артықшылықты акциялары бойынша бөлек жүзеге асырылады;
8) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты – эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қатысты – корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе егер оның болуы заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеген елдің заңнамасында көзделген жағдайда, эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелген елінің заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас өзге құжаттың болуы;
9) акцияларды осы санатқа енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің біреуі осы акциялар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін тағайындау туралы өтініш береді, ал олардың осы санатта болуы кезінде маркет-мейкердің болуы міндетті;
10) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.
5. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің екінші (ең жоғарғы) санаты бойынша «акциялар» секторына эмитент акцияларын енгізу және олардың онда болуы үшін осы бағалы қағаздар мен олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін кемінде екі жыл бұрын жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес ұйымды (ұйымдарды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған оның жұмыс істеу мерзімін есептеу жүргізіледі.
Егер қор биржасының ішкі құжаттарында акцияларының жүз пайызы мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін жұмыс істеу мерзіміне екі жылдан аз талап қойылса, онда осы тармақтың 4) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптар осы ұйымдардың іс жүзінде жұмыс істеу мерзіміне байланысты қолданылады;
2) эмитент ХҚЕС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті жасайды;
3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары туралы бұйрықпен бекітілген қаржылық құралдарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына жауап беретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады;
4) рұқсат беру бастамашысы мыналардан:
егер акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы аяқталған күнінен бастап төрт ай өткен соң берілсе, аяқталған соңғы екі қаржы жылынан;
егер акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы аяқталған күнінен бастап төрт ай ішінде берілсе, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы қатарынан аяқталған екі қаржы жылынан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады.
Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылы үшін соңғы қаржылық есептілік жасалған күннен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығын) шолу бойынша есеп береді.
Аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығын) шолу бойынша есеп шығарылған, рұқсат беру бастамашысы ұсынған эмитенттің соңғы қаржылық есептілігін жасаған күннен бастап осы санатқа акцияларды енгізу туралы өтініш берген күнге дейін алты айдан аспайтын мерзім өтуі тиіс;
5) эмитенттің меншiктi капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес оның жарғылық капиталынан кем болмайды. Бұл ретте эмитенттің меншiктi капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес баламасы АЕК-тың жүз жетпіс бір мың еселенген мөлшерінен кем емес соманы құрайды.
Осы санаттағы акциялардың сауда-саттығы ашылған күннен бастап алты айдан кейін қор биржасының iшкi құжаттарына сәйкес анықталатын осы акциялар эмитентiнiң нарықтық капиталдандырылуы баламасы АЕК-тың бір жүз жетпіс бір мың еселенген мөлшерінен кем емес соманы құрайды.
Осы тармақшаның екінші абзацының талаптары ресми тізімге артықшылықты акцияларды енгізген жағдайда қолданылмайды.
Акциялар қор биржасының ресми тізімінің осы санатында болған кезде уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі бойынша пруденциялық нормативті сақтаған жағдайда қаржы ұйымының меншікті капиталын төмендетуге жол беріледі;
6) соңғы екі жылдың біреуіндегі акциялар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептiлiкке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес таза пайданың болуы;
7) еркін айналыстағы акциялардың саны осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап алты ай өткен соң осы түрдегі орналастырылған (эмитент сатып алғандарды, ауыртпалық салынғандарды және (немесе) оқшауланғандарды қоспағанда) акцияларының жалпы санының кемінде бес пайызын, осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап бір жыл өткен соң – он пайызын және осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап екі жыл өткен соң он бес пайызын құрайды.
Еркін айналыстағы акциялар санына «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес акционерлік қоғамның үлестес тұлғасы болып табылатын тұлғаларға тиесілі акциялар енгізілмейді.
Акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін еркін айналыстағы акциялар саны бойынша талап осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап алты ай өткен соң орналасқан акциялар санының кемінде бес пайызын құрайды.
Еркін айналыстағы акциялар санын есептеу осы эмитенттің жай және артықшылықты акциялары бойынша бөлек жүзеге асырылады;
8) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты – эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қатысты – корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе егер оның болуы заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеген елдің заңнамасында көзделген жағдайда, эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелген елінің заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас өзге құжаттың болуы;
9) акцияларды осы санатқа енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің біреуі осы акциялар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін тағайындау туралы өтініш береді, ал олардың осы санатта болуы кезінде маркет-мейкердің болуы міндетті;
10) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5251 тіркелген, 2008 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағының № 9 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1. Осы қаулының мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылатыны белгіленсін:
1) арнайы кәсіпорын (Special purpose vehicle) – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, қызметінің жалғыз түрі ақша тарту, оның ішінде өзінің жалғыз құрылтайшысының (қатысушысының, акционерінің) – осы немесе басқа мемлекеттің заңды тұлғасының кепілдігіне борыштық бағалы қағаздар шығару және орналастыру жолымен ақша тарту болып табылатын заңды тұлға;
2) арнайы қаржы компаниясы – жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын, пайдасына талап ету құқықтары берілетін заңды тұлға;
3) борыштық бағалы қағаз – иесінің эмитенттен негізгі борыш сомасын шығарылым талаптарымен белгіленген мөлшерде және мерзімде алуға құқығын растайтын бағалы қағаз;
4) жергілікті атқарушы органдардың облигациялары – республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
5) индекстік қор – активтері осы инвестициялық қор үшін базалық болып табылатын белгілі бір қор индексінің өкілдік тізіміне кіретіндерге ұқсас қаржы құралдарынан тұратын инвестициялық қор;
6) индекстің өкілдік тізімі – өлшемдері қор биржасының қандай да болмасын индикаторын есептеу мақсатында пайдаланылатын бағалы қағаздар тізімі;
7) исламдық бағалы қағаздар – исламдық жалға алу сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;
8) қаржылық емес ұйым – қаржылық ұйым болып табылмайтын ұйым;
9) қор биржасының ресми тізімі (ресми тізім) – енгізілуі және болуы үшін бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар эмитенттерінің осы қаулымен белгіленген талаптарға сәйкес келетін қор биржасының тізімі;
10) листингтік компания – бағалы қағаздары ресми тізімге енгізілген заңды тұлға;
11) маркет-мейкер – қор биржасы маркет-мейкер ретінде таныған және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес бағалы қағаздар бойынша баға белгілеуді тұрақты хабарлап отыру және қолдау көрсету жөнінде өзіне міндеттеме қабылдаған қор биржасының мүшесі;
12) ресми тізім секторы – белгіленген талаптарға сәйкес келетін эмиссиялық бағалы қағаздар енгізілген қор биржасының ресми тізімінің бөлігі;
13) рұқсат беру бастамашысы – бастамасымен бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізіміне енгізілетін (жіберілетін) эмитент не қор биржасының мүшесі;
14) сауда алаңы – қор биржасының бағдарламалық-техникалық кешенінің бөлігі, ол арқылы ресми тізімге енгізілген (қор биржасында айналысқа жіберілген) қаржы құралдарының жекелеген түрлерімен мәмілелер жасалады;
15) эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау – эмитенттің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген қайта құрылымдау жоспары не «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген сауықтыру жоспары негізінде іске асыратын әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдерінің кешені.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қор биржасының ресми тізімінің бірінші (ең жоғарғы) санаты бойынша «акциялар» секторына эмитент акцияларын енгізу және олардың онда болуы үшін осы бағалы қағаздар мен олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін кемінде үш жыл бұрын жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес ұйымды (ұйымдарды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған оның жұмыс істеу мерзімін есептеу жүргізіледі.
Егер қор биржасының ішкі құжаттарында акцияларының жүз пайызы мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін жұмыс істеу мерзіміне үш жылдан аз талап қойылған жағдайда, осы тармақтың 4) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптар осы ұйымдардың іс жүзінде жұмыс істеу мерзіміне байланысты қолданылады;
2) эмитент халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (International Financial Reporting Standards – IFRS) (бұдан әрі – ХҚЕС) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын қаржылық есептілік стандарттарына (General Accepted Accounting Principles – GAAP) (бұдан әрі – АҚШ ҚЕС) сәйкес қаржылық есептілікті жасайды;
3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енген аудиторлық ұйымдардың бірі жүзеге асырады;
4) рұқсат беру бастамашысы мыналардан:
егер акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы аяқталған күнінен бастап төрт ай өткен соң берілсе, аяқталған соңғы үш қаржы жылынан;
егер акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш аяқталған соңғы қаржы жылы аяқталған күнінен бастап төрт ай ішінде берілсе, соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы қатарынан аяқталған үш қаржы жылынан кем емес аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады.
Аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығын) шолу бойынша есеп шығарылған, рұқсат беру бастамашысы ұсынған эмитенттің соңғы қаржылық есептілігін жасаған күннен бастап осы санатқа акцияларды енгізу туралы өтініш берген күнге дейін алты айдан аспайтын мерзім өтуі тиіс.
Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылы үшін соңғы қаржылық есептілік жасалған күннен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығын) шолу бойынша есеп береді;
5) эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес оның жарғылық капиталынан кем болмауы тиіс. Бұл ретте эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған эмитенттің қаржылық есептілігіне (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген баламасы айлық есептiк көрсеткiштiң (бұдан әрi – айлық есептiк көрсеткiштiң) сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселенген мөлшерiнен кем емес соманы құрайды.
Акциялар қор биржасының ресми тізімінің осы санатында болған кезде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі бойынша пруденциялық нормативті сақтаған жағдайда қаржы ұйымының меншікті капиталын төмендетуге жол беріледі;
Осы санаттағы акциялардың сауда-саттығы ашылған күннен бастап алты айдан кейін қор биржасының iшкi құжаттарына сәйкес анықталатын осы акциялар эмитентiнiң нарықтық капиталдандырылуы баламасы айлық есептiк көрсеткiштiң сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселенген мөлшерінен кем емес сома болуы тиіс.
Осы тармақшаның үшінші бөлігінің талаптары ресми тізімге артықшылықты акцияларды енгізген жағдайда қолданылмайды.
6) әрбір соңғы үш жыл ішіндегі акциялар эмитентінің таза пайдасы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептiлiкке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес баламасы айлық есептiк көрсеткiштiң сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес соманы құрайды.
Акциялар ресми тiзiмнiң осы санатында болған кезде, әрбір жылға баламасы айлық есептiк көрсеткiштiң сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерiнен кем емес соманы құрайтын, аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептiк күнгi қаржылық есептiлiкке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес соңғы үш жылдың екi жылында акциялар эмитентiнiң таза пайдасының болуына жол берiледi.
Эмитент осы тармақшаның бiрiншi абзацында белгiленген таза пайданың мөлшері бойынша талаптарды орындамаған жағдайда оның акциялары, егер эмитенттің операциялық қызметінен түскен қаражаттарының таза ағымы оның аудиторлық есеппен расталған қаржы есептiлiгiне сәйкес (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) әрбір соңғы үш жылда оң болса, осы санатқа көрсетілген талаптар ескерілмей енгiзiледi;
7) еркін айналыстағы акциялардың саны осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап алты ай өткен соң осы түрдегі орналастырылған (эмитент сатып алғандарды, ауыртпалық салынғандарды және (немесе) оқшауланғандарды қоспағанда) акцияларының жалпы санының кемінде он пайызын, осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап бір жыл өткен соң – он бес пайызын және осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап екі жыл өткен соң жиырма бес пайызын құрайды.
Еркін айналыстағы акциялар санына «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес акционерлік қоғамның үлестес тұлғасы болып табылатын тұлғаларға тиесілі акциялар енгізілмейді. Бұл талап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1027 қаулысымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасын (бұдан әрі – Халықтық ІРО бағдарламасы) іске асыру шеңберінде акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығына шығаруды жүзеге асырған акционерлік қоғамдарға қолданылмайды.
Акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияға тиесілі ұйымдар үшін еркін айналыстағы акциялар саны бойынша талап осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап алты ай өткен соң орналасқан акциялар санының кемінде бес пайызын, осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап бір жыл өткен соң – он пайызын құрайды.
Халықтық ІРО бағдарламасын іске асыру шеңберінде акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығына шығаруды жүзеге асырған ұйымдар үшін еркін айналыстағы акциялардың саны осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап бір жыл өткен соң орналастырылған акциялар санының кемінде бес пайызын құрайды.
Еркін айналыстағы акциялар санын есептеу осы эмитенттің жай және артықшылықты акциялары бойынша бөлек жүзеге асырылады;
8) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты – эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы.
Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қатысты – корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе егер оның болуы заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеген елдің заңнамасында көзделген жағдайда, эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелген елінің заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас өзге құжаттың болуы;
9) акцияларды осы санатқа енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің біреуі осы акциялар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін тағайындау туралы өтініш береді, ал олардың осы санатта болуы кезінде маркет-мейкердің болуы міндетті;
10) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.
5. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің екінші (ең жоғарғы) санаты бойынша «акциялар» секторына эмитент акцияларын енгізу және олардың онда болуы үшін осы бағалы қағаздар мен олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін кемінде екі жыл бұрын жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес ұйымды (ұйымдарды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған оның жұмыс істеу мерзімін есептеу жүргізіледі.
Егер қор биржасының ішкі құжаттарында акцияларының жүз пайызы мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін жұмыс істеу мерзіміне екі жылдан аз талап қойылса, онда осы тармақтың 4) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптар осы ұйымдардың іс жүзінде жұмыс істеу мерзіміне байланысты қолданылады;
2) эмитент ХҚЕС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті жасайды;
3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енген аудиторлық ұйымдардың бірі жүзеге асырады;
4) рұқсат беру бастамашысы мыналардан:
егер акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы аяқталған күнінен бастап төрт ай өткен соң берілсе, аяқталған соңғы екі қаржы жылынан;
егер акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы аяқталған күнінен бастап төрт ай ішінде берілсе, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы қатарынан аяқталған екі қаржы жылынан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады.
Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылы үшін соңғы қаржылық есептілік жасалған күннен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығын) шолу бойынша есеп береді.
Аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығын) шолу бойынша есеп шығарылған, рұқсат беру бастамашысы ұсынған эмитенттің соңғы қаржылық есептілігін жасаған күннен бастап осы санатқа акцияларды енгізу туралы өтініш берген күнге дейін алты айдан аспайтын мерзім өтуі тиіс;
5) эмитенттің меншiктi капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес оның жарғылық капиталынан кем болмайды. Бұл ретте эмитенттің меншiктi капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес баламасы АЕК-тың жүз жетпіс бір мың еселенген мөлшерінен кем емес соманы құрайды.
Акциялар қор биржасының ресми тізімінің осы санатында болған кезде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі бойынша пруденциялық нормативті сақтаған жағдайда қаржы ұ