Руханият • 17 Қазан, 2019

Ақтауда «Ábish Álemi» фестивалі аяқталды

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған І Халықаралық «Ábish Álemi» театр фестивалі өз мәресіне жетті. 4 күнге созылған фестиваль барысында 10 театрдан 150 сахна шебері өнер көрсетті.

Ақтауда «Ábish Álemi» фестивалі аяқталды

Әділқазылар алқасы мүшесінің бірауыздан анықтаған шешімімен фестивальге қатысушы театрлар қойылымдарды үздік сахналағаны үшін І Халықаралық «Ábish Álemi» театр фестивалінің лауреаты атағын алды.

Фестивалде М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры Әбіш Кекілбаевтың аудармасындағы А.Чеховтың «Сүйікті менің ағатайым» драмасын, Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры Ә.Кекілбаевтың «Күй» қойылымын, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театры У.Шекспирдің Ә.Кекілбаев аудармасындағы «Король Лир» трагедиясын, Хорезм облыстық музыкалық драма театры Ю.Юсуповтың «Ғашық Ғариб пен Шохсанам» музыкалық драмасын, Лебап велаятының С.Сейди атындағы Мемлекеттік музыкалық драма театры Ш.Машариповтың «Даяхатын» драмасын, К.Худжанди атындағы музыкалық комедия театры Ш.Бошбековтың Мольер пьесасының желісімен «Летающий лекарь» комедиясын, О.Абелян атындағы Ванадзор Мемлекеттік драма театры Г.Маркестің «Я пришла только позвонить» психологиялық драмасын, Стамбул Мемлекеттік театры халық аңызы желісімен «Қорқыт баба» драмасын, Г.Алиев атындағы Әзірбайжан кәсіби драма театры А.Чеховтың «Аю» комедиясын, Иранның Б.Барбод театры У. Шекспирдің «Король Лир» трагедиясын үздік сахналады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, енді халықаралық «Ábish Álemi» театр фестивалі екі жылда бір рет өткізіліп тұратын болады.

 

 

Маңғыстау облысы