«Бүгін Алматыда өткен «Ұлы даланың жеті қыры» атты Елбасы мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел басында өзекті ғылыми зерттеулер тыңғылықты талқыланды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз бөлімі. Халық жазушысы Олжас Сүлейменов сөзінің әлқисасын 50 жылдан бері түркі, славян, герман сөздердінің шығу тегін әр жерлерден іздеп, этимологиямен айналысып келе жатқанымен бастады. Кездескен түрік сөздерін апенин тілінен іздестірген. Соңында апенин латыннан бұрын пайда болған деп тұжырымға келіпті.
«Бұл әңгімелерден Абылай хан, әл-Фараби секілді 8 ұлы есімді көруге болады. Осындай бабаларымыздың әл-Фараби грек еліннің мәдениеті жазылған Бағдаттағы екі кітапты тауып, бірінші араб тіліне, кейін латын тіліне аударған. Осы еңбегінің арқасында гректерді Еуропалықтар танып, әл-Фараби «әлемнің екінші ұстазы» атанған», дейді Олжас Сүлейменов.
«Ұлы даланың жеті қыры» арқылы ата-бабаларымыздың мұрасын терең түрде қайта ұғыну – жас ұрпақ үшін маңызды қайнар көз. Ғалымдар қазақ халқының осы уақытқа дейін кездеспеген деректерін талқы барысында ортаға салды. Ал, тарихшы Зиябек Қабылдиновтың сөзімен айтқанда Ресей мен Лондон мұрағаттарынан алынған Абылай хан және оның елді басқаруы жайлы жаңа фактілеріне ерекше ден қойылды. «Мұрағат материалын қарасақ, Уәли Абылайдан кем болмаған. Сұлтанмәмет Сұлтанды тіпті атамадық. Сұлтанмәмет Сұлтан Лондон архивінде Абылайдан кейін екінші орында тұр. Міне, монография шығарылды, материалдар көп. Бір сөзбен айтқанда, осы тұлғаларымызды мұрағаттың негізінде зерттеп, насихаттап, зерделеп, бүкіл әлемүге паш етуіміз керек, өзімізідің патриоттық рухымызды көтеруіміз керек-тағы бүкіл әлемге қазақтың кім екенін мойындату керек», - деді Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов
Бұл жоба елімізде болған барлық маңызды фактілер туралы ақпарат алуға және туризмді дамытуда маңызды рөл атқармақ. Қазақ халқының ұлы қайраткерлерінің есімдері мен жетістіктерін сақтап, ұмытпау – еліміздің ертеңі үшін жасалып жатқан игі іс.