Көптеген тілдерге аударылған шығармада тек соғыс зардабы немесе әйел тағдыры жайлы емес, одан терең, үлкен махаббат оқиғасы баяндалады. Қырғызстанннан арнайы шақыртылған даңқты жазушының ұлы әкесінің жаны қазақ елімен бірге болғанын айтты. «Әкем Қазақстанды өз елім деп есептейтін. Ол үшін екі ел арасында шекара болмаған. Балалық шағы өткен Шекер ауылы Қазақстанға жақын орналасқандықтан үнемі осы елмен тығыз байланыста болды. Осы елдің салт-дәстүрін жақсы білді. Бұл «Жәмила» повесті әкемнің алғашқы жазған туындыларының бірі болса да, өте танымал еді», дейді Шыңғыс Айтматовтың ұлы Эльдар Айтматов.
«Жәмила» - жас театрдың көрерменге қазақ тілінде ұсынған алғашқы қойылымы. Көрермендер автордың махаббатты биік қойғанын, қойылым режиссері де шынайы көрсете білгенін атап өтті.