Жидебай ата аудан орталығы Көктөбе ауылында тұрады. Бүкіл өмірін ұстаздыққа арнаған. Аудандық, облыстық, республикалық газеттерде тарихи, әдеби, имандылық, рухани тақырыптарда көптеген мақаласы жарияланды. Деректерден құралған екі кітабы жарық көрді. Жидебай ата Арықбаев – Май ауданының құрметті азаматы.

Біз жуырда жолсапар кезінде Жидебай ұстаз атанған өнегелі өмір жолымен айналасына сыйлы атамызбен жолығып, әңгімелескен едік. Қимыл-қозғалысы ширақ. Тіліміз тасқа, таяқ ұстамайды. Масылдық пиғылдан таза. Әлі тың. Түр-түсіне қарап атамызды 91 жаста демейсің. Әзілі де, әңгімесі де жарасып тұр.
– Көп жасауыңыздың сыры неде? – дейміз біз.
– Тазалықта. Денсаулықты күтуде. Дене шынықтыруда. Бірқалыпты мінезде. Рухани байлықта. Тамақты талғап жеуде болар, – деді бірден.
– Жидебай ұстаз 90 жасқа жеткенше таңертеңгілік жүгіретін. Саламатты өмір салтын ұстанады. Қазір де міне, кітапханаға жаяу келіп, жаяу қайтады. Біздің тұрақты оқырманымыз, – дейді Қарлығаш есімді кітапхана меңгерушісі.
Кейіпкеріміз 1947 жылы мектеп бітірген соң, Семейдегі педагогика институтына оқуға түседі. Институтта дәріс берген ұстаздары Қайым Мұхаметхановты, Тұрсынбай Ерғалиевті қатты құрметтейді.
1951 жылы институтты бітірген соң туған ауылына оралып, мектепте ұстаздық жолын бастайды. Негізгі мамандығы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Оқу-білім саласында әртүрлі қызмет атқарған. 1955 жылы аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады.
Әрі қарай да оқу-білім саласында қызмет жасаған Жидебай Арықбаев сол кезде берілетін «Еңбектегі ерлігі үшін», «Халық ағарту ісінің үздік қызметкері» сияқты түрлі медальдар алады. 2001 жылы «Облыс алдындағы сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды.
Жидебай атаның «Төртеуіміз түгел болсақ», «Ағасы бардың айтары бар» атты ата-бабалар жайлы деректерден құралған екі кітабы жарық көріпті. 2010 жылы «Өлеңімде өмірім» атты жырлар жинағы шықты.
Атамызды жергілікті жердің әдебиетші, қаламгері деп те атауға болады. Әлі күнге дейін қолынан облыстық «Сарыарқа самалы», ел газеті «Egemen Qazaqstan» түспейді.
– «Егеменнің» 100 жылдық ұлық мерекесі құтты болсын! – дейді ардагер ұстаз. – Газет жолы ұлылық, ұрпағы жүрсін ұғынып. Күнде оқып, қарап, біліп отырамын. Елдіктің, егемендіктің үні ғой. «Социалистік Қазақстан» кезінен бастап жазылдық. «Егеменнің» тігіндісін де, жақсы мақалаларын да жинадым. Тоқсаннан ассам да «Егеменді» оқуды тоқтатқаным жоқ. Түсінігі бар, саналы жандар үшін бұл – қымбат рухани қазына ғой, қызым, – дейді «Егеменнің» егде оқырманы.
Жергілікті әкімдік педагогика ардагеріне құрмет көрсетіп, 80 жылдық мерейтойына орай Көктөбе ауылынан үй сыйлапты.
Осы төңіректегі мектептерде оқыған ұл-қыздардың көбі – Жидебай мұғалімнің шәкірттері. Бұл күндері ардагер ұстаз еліміздің білім саласына жаңашылдықтардың енгізіліп жатқанына қуанышты.
Мұғалімдердің еңбегін бағалай білу керек дегенді ақсақал жиі айтады. Жыл сайын Жидебай Арықбайұлы атындағы аудандық «Жас маман» байқауы өтіп тұрады.
Павлодар облысы,
Май ауданы
Әлем мойындаған қазақстандық даму моделі
Қазақстан • Бүгін, 07:18
Қоғам • Бүгін, 07:15
Шахмат – спортта да, өмірде де дұрыс қадам жасауға үйретеді
Парламент • Бүгін, 07:10
Халықты білікті заң көмегімен қамтамасыз ету қажет
Қоғам • Бүгін, 07:08
Жас мұнайшыларға жақсы мүмкіндік
Аймақтар • Бүгін, 07:05
Аймақтар • Бүгін, 06:58
«Таңғажайып әуен» фестивалі өтті
Руханият • Бүгін, 06:56
Баға QR кодтар арқылы беріледі
Медицина • Бүгін, 06:53
Аймақтар • Бүгін, 06:52
Түркістан адалдық мекеніне айналады
Қоғам • Бүгін, 06:42
Ғасыр шежіресін таспалаған «Қазақтелефильм» студиясына – 50 жыл
Кино • Бүгін, 06:40
Сармат көсемі Санкт-Петербургке сапарлады
Қазақстан • Бүгін, 06:38
Руханият • Бүгін, 06:32
Руханият • Бүгін, 06:30
Зорлық-зомбылыққа қатысты заңдар күшейеді
Қоғам • Бүгін, 06:25
Президент • Бүгін, 06:16
Елбасы стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
Президент • Кеше
Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды
Президент • Кеше
Ұлттық туризм шетелдік туроператорлардың қызығушылығын арттыруда
Аймақтар • Кеше
Өскеменде Оралхан Бөкейдің әдеби залы ашылады
Аймақтар • Кеше
«Өңір» депутаттық тобының Қарағанды облысында көшпелі отырысы болды
Парламент • Кеше
Мемлекет басшысы Вагит Алекперовті қабылдады
Президент • Кеше
«Алматы-2050» стратегиясында адами құндылықтар басты назарда
Аймақтар • Кеше
Елордалық авиациялық базаның құрылған күні
Үкімет • Кеше
Жамбыл кітапханасында - «Жетісудың жас қаламгерлері»
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Түркістан: Тапсырманы орындамағандар қызметімен қоштасады
Аймақтар • Кеше
Қарт қолөнер шеберлерлері киізден киімдер тігуді қолға алды
Аймақтар • Кеше
Алматының рухани келбеті ажарлана түсті
Аймақтар • Кеше
Елордалық ұстаздар Кембридж университетінде біліктілігін арттырды
Қазақстан • Кеше
«Мастерс» турниріне тоғыз дзюдошымыз қатысады
Спорт • Кеше
Қарулы Күштерде мамандарды даярлау басталды
Қазақстан • Кеше
Футзал: Әлемдік рейтингте жетінші орында тұрмыз
Футбол • Кеше
10 желтоқсан - Астананы ресми көшіру күні
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар Татарстан Президентімен кездесті
Парламент • Кеше
Ақмола облысында құқық бұзушылық көрсеткіші төмендеді
Аймақтар • Кеше
Мемлекетке тән емес қызметтер жайы талқыланды
Аймақтар • Кеше
Туберкулез дерті екі сағатта анықталады
Медицина • Кеше
Шайбалы хоккей: «Барыс» «Авангардты» ұтты
Хоккей • Кеше
Жаңаөзенде барлық сала мамандары ашық есік күнінде кеңес берді
Аймақтар • Кеше
Ауыр атлеттер Катарға аттанады
Ауыр атлетика • Кеше
Елордада Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
«Еңбек» бағдарламасы өз нәтижесін беріп жатыр
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Шайбалы хоккей: Даррен Диц «Жұлдыздар матчында» ойнайды
Хоккей • Кеше
Ұлттық банк Алматыдан Нұр-Сұлтанға 2020 жылдың көктемінде көшеді
Қазақстан • Кеше
Кеңесте жастар мәселесі талқыланды
Аймақтар • Кеше
Кен алыбында қайғылы оқиға болды
Аймақтар • Кеше
Рудный қаласында 12 күн бойы жоғалған бала көрші ауылдан табылды
Аймақтар • Кеше
Күрес • Кеше
Ұқсас жаңалықтар