24 Шілде, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №59

285 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

2013 жылғы 29 қаңтар,  Астана, Үкімет Үйі

«Биржа саудасының үлгі ережесін бекіту туралы»
 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2042 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. «Биржа саудасының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2042 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 57, 498-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Биржа саудасының үлгі ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі          С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 29 қаңтардағы №59 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2042 қаулысымен бекітілген

Биржа саудасының үлгі ережесі

1. Жалпы ережелер
1. Осы Биржа саудасының үлгі ережесі (бұдан әрі - Үлгі ереже) «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және биржалық тауарлармен биржалық мәмілелерді жасау кезіндегі тауар биржасының мүшелері қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Үлгі ереже негізінде әрбір тауар биржасы өзінің Биржа саудасының ережесін (бұдан әрі - Биржаның ережесі) әзірлейді және бекітеді.
3. Осы Үлгі ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ашу бағасы - биржалық сауда басталатын баға не нақты биржалық саудада нақты биржалық тауар (тауарлар тобы) бойынша бірінші биржалық мәміле жасалған баға;
2) биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінім - Үлгі ережеге сәйкес биржалық мәміле жасау үшін қажетті барлық жағдайларды қамтитын биржалық сауда-саттықтарға қатысушы­ның биржалық тауарды сатып алу (сату) туралы ұсынысы (оферта) немесе биржалық сауда-саттықтарға қатысушының биржалық тауарды сатып алу (сату) туралы ұсынысты қабылдауы туралы хабарламасы (акцепт);
3) биржалық брокер (бұдан әрі - брокер) - сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган беретін лицензия негізінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын, акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және клиенттің тапсырмасы бойынша соның есебінен және мүддесі үшін биржалық тауармен мәмілелер жасайтын заңды тұлға;
4) биржалық дилер (бұдан әрі - дилер) - сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган беретін лицензия негізінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын, акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктес­тіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және өзінің мүддесі үшін және өзінің есебінен, сондай-ақ клиенттің тапсырмасы бойынша биржалық тауармен мәмілелер жасайтын заңды тұлға;
5) биржалық тауар - айналымнан алынып тасталмаған немесе айналымда шектелмеген тауар, оның ішінде жылжымайтын мүлікті және зияткерлік меншік объектілерін қоспағанда, тауар биржасы биржалық саудаға жіберген мерзімді келісімшарт;
6) биржалық сауда-саттық - биржалық тауарлар бойынша мәмілелер жасауға бағытталған Биржа ережесі шеңберінде жүргізілетін процесс;
7) биржалық алым - тауар биржасы биржалық сауда-саттықты ұйымдастыру үшін алатын комиссия;
8) есептік ұйым - банк немесе онымен тауар биржасы және (немесе) клирингтік орталық биржалық сауда-саттық өткізу кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібі және биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша есептерді жүзеге асыру туралы шарттар жасаған банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ұйым;
9) клиент - биржалық тауармен мәмілелер жасау үшін брокер және (немесе) дилер көрсететін қызметтерді пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
10) классикалық сауда режимі – бірін-бірі білетін сатып алушылар мен сатушылар арасында биржалық тауардың шарттық бағасы бойынша атаулы мәмілелер жасалатын сауда режимі;
11) қосарланған қарсы аукцион режимі – сатушылар мен сатып алушылар бәсекелестігі нәтижесінде биржалық мәмілелер жасырын түрде жасалатын, ал биржалық тауарға баға сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік деңгейінде белгіленетін сауда режимі;
12) маклер - биржалық сауда-саттықтарға қатысушылар жасаған биржалық мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыруға уәкілетті тауар биржасының қызметкері;
13) мерзімді келісімшарт – орындау