2013 жылғы 31 қаңтар, Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 529-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы №66 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігін мынадай ведомстволары бар:
1) Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті;
2) Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті;
3) Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс.
10. Министрліктің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» мемлекеттік мекемесі
11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен м