2013 жылғы 31 қаңтар, Астана, Үкімет Үйі
«Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 мамырдағы №493 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. «Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 мамырдағы № 493 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 452-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасында:
2-тармақта:
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23) өтініш беруші – электрондық (цифрлық) тахографқа электрондық карточка беру үшін өңіраралық көліктік бақылау инспекциясына өтініш білдірген жеке немесе заңды тұлға;»;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) сервис орталығы (шеберхана) (бұдан әрі – сервис орталығы) – тахографтарды орнату және қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:
«27-1) тахографқа қызмет көрсету - тахографты дәлдеу және жөндеу бойынша жұмыстар жүргізу;»;
34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«34) электрондық (цифрлық) тахографтың электрондық карточкасы (бұдан әрі – карточка) – жүргізушінің еңбек және демалыс режимі туралы деректерді, электрондық (цифрлық) тахографпен жұмыс істеу үшін қажетті өзге де ақпаратты сақтауға мүмкіндік беретін интегралды микросхемасы бар карточка.»;
3-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жолаушылардың және багаждың автомобильмен облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдары;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақты емес тасымалдау.»;
34-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тахограф істен шыққан кезде, еңбек және демалыс режимінің жазбасын диаграммалық дискінің сыртқы жағында оған түсірілген тиісті графикалық белгілерді пайдалана отырып қолмен жүргізеді және ақауларды жою үшін қозғалыс бағыты бойынша ең жақын сервис орталығына өтініш жасаумен шаралар қабылдайды. Жүргізушілер автокөлік құралынан тысқары болып, бақылау құрылғысын пайдалана алмаған жағдайда, олар өздерінің диаграммалық дискілеріне іс-әрекеттері мен демалысы туралы мәліметтерді қолмен енгізеді;»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Тахографтарды орнату және қызмет көрсету электрондық (цифрлық) тахографтарды дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«53. Тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізуді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтің жүзеге асырыла бастағаны туралы хабарламаны берген жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.»;
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«58. Тахографты кезеңдік тексерудің оң нәтижесі оның тексеруден өткені туралы сервис орталығының мөр бедері бар куәлікпен куәландырылады. Тахографты кезеңдік тексеру (инспекция) туралы куәлік кемінде 1 жыл бойы сақталады және бақылау органдарының талабы бойынша ұсынылады.»;
61-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«61. Тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізуден бұрын:»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тахографты орнату және оған қызмет көрсету туралы деректері бар тақтайшаның бар-жоғын тексеру, сондай-ақ тақтайшада көрсетілген ақпараттың электрондық (цифрлық) тахографтың қуат күшіне тәуелсіз жадында сақталған ақпаратпен салыстыру;»;
62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«62. Пломбаларды бұзу, пломбаларды қолдан жасау немесе тақтайшада көрсетілген көлік құралының параметрлері туралы ақпараттың электрондық (цифрлық) тахографта қамтылған ақпаратпен сәйкес келмеу фактілері анықталған жағдайда, сервис орталығының қызметкері осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес тахографтармен жұмысты есепке алу журналына тиісті жазба жазады және бұл туралы сервис орталығының басшылығына хабарлайды.»;
66-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сер
вис орталығының атауы және орналасқан жері;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) электрондық (цифрлық) тахографтың нөмірі.
Тақтайша металдан, полимерлік материалдардан немесе қағаздан жасалады. Тақтайшаны бекіту үшін ажырамайтын біріктіргіш қолданылады. Көлік құралының параметрлерін келесі орнатуы жүргізілгенге дейін тақтайшаға ақпаратты жазу тәсілі кескіннің айқындылығына және ақпараттың сақталуына әсер етпейді. 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап ақпарат арнайы құралда (принтерде) баспа шрифтімен енгізілуі тиіс, бұл ретте бұрын берілген тақтайшалар қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды деп танылады.»;
71, 72 жене 73-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«71. Тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету бойынша қызметтің жүзеге асырыла бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізіліміне енгізілген белгінің нысаны, мазмұны және бедерін Министрлік бекітеді және олар КҚЕК талаптарына сәйкес келуі тиіс.
72. Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан сервистік орталық белгісінің бедерінде (таңбасында) елдің халықаралық аббревиатурасы мен KZ 000 түріндегі сервистік орталықтың нөмірі болады.
73. Министрлік сервистік орталықтың белгісі және таңбаның бедері туралы Көлік жөніндегі Еуропа комиссиясын және КҚЕК-ге қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарын хабардар етеді.»;
78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«78. Тахографты орнату және оған қызмет көрсету бойынша жүргізілген барлық жұмыстар осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес тахографтармен жұмысты есепке алу журналына жазылады.»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тахографтарды орнатуды және оларға қызмет көрсетуді жүзеге асыратын сервис орталықтарына қойылатын талаптар»;
84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«84. Өндіріс алаңдары тахографтарды орнатуды және оларға қызмет көрсетуді жүзеге асыру, электрондық (цифрлық) тахографтың қуат күшіне тәуелсіз жадынан немесе шеберхана карточкасынан тасымалданған ақпараттарды сақтайтын бағдарламалық-техникалық құралдарды орналастыру үшін бөлек үй-жаймен жабдықталуы тиіс.
Үй-жай жалпы алмастырылатын ауаны тазарту-шығару желдеткішімен, жарықпен, жылытумен, өрт сөндіру құралдарымен, сондай-ақ сервистік орталықтың карточкаларын және ақпараттың резервтік көшірмесін ауысымды тасығышта сақтау үшін сейфпен немесе темір жәшікпен жабдықталады.»;
85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«85. Сервис орталығы тахографты орнату және оған қызмет көрсету үшін қолданатын өлшеу құралдары ҚР МӨЖ тізіліміне енгізілуі және «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген тәртіппен тексерілуі тиіс.»;
91, 92-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«91. Тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды тиісті тахограф дайындаушы зауыттарда немесе олардың уәкілетті ұйымдарында оқыған сервис орталығының қызметкерлері жүзеге асырады.
92. Сервис орталығының қызметкері өзінің атына берілген сервис орталығының карточкасын тек қана тахографтардың орнату және оларға қызмет көрсету процесінде ғана пайдалана алады.»;
93-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«93. Тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсетуді жүзеге асыратын сервис орталығының қызметкері:»;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету бойынша орындалған жұмыстар туралы ақпаратты тіркеу мен есепке алу журналын жүргізеді.»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету бойынша қызметтің жүзеге асырыла басталғаны туралы хабарламаны берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу тәртібі»;
97 және 98-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«97. Тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету бойынша қызметтің жүзеге асырыла басталғаны туралы хабарламаны берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін (бұдан әрі – тізілім) Комитеттің аумақтық бөлімшелері – өңіраралық көліктік бақылау инспекциялары (бұдан әрі – өңіраралық инспекция) жүргізеді.
98. Жеке немесе заңды тұлғалар тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруды бастамас бұрын Өңіраралық инспекцияға белгіленген нысанда хабарламаны жіберуге міндетті.»;
99, 100, 101 және 102-тармақтар алынып тасталсын;
103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«103. Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы, заңды тұлғаның орналасқан жері, хабарламада
көрсетілген қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыру мекенжайы, сондай-ақ хабарламада толтыру үшін ол туралы ақпарат міндетті болып табылатын тіркеу деректері өзгерген жағдайда, субъект он жұмыс күні ішінде көрсетілген өзгерістер туралы Өңіраралық инспекцияға хабарлама беруге міндетті.»;
106-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;»;
13) тармақша алынып тасталсын;
108-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«108. Тізілімнен алып тастау субъектінің өтініші бойынша, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметіне немесе қызметінің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.»;
109, 110 және 111-тармақтар алынып тасталсын;
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды сертификаттау және беру тәртібі»;
122-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«122. Карточкаларды сертификаттау КҚЕК 1В-қосымшасының VIII бөлімінде көрсетілген рәсімдерге сәйкес жасалады.»;
124-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«124. Егер бір бақылау органына, бір сервис орталығына немесе бір тасымалдаушыға барлық жекешеленбеген карточкалар берілген жағдайда, карточка нөмірлерінің алғашқы 13 саны бірдей, бірақ реттік индексі өзге болады.»;
129-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«129. Егер сервис орталығының жекешеленбеген карточкалары немесе бақылау карточкалары берілген жағдайда «card holder surname» (карточка ұстаушысының тегі) позициясында сервис орталығының немесе бақылау органының атауы қойылады.»;
130, 131-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«130. Карточкаларды беру және олардың күшін жою КҚЕК және оның 1В-қосымшасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
131. Карточкалар беруді және олардың күшін жою туралы шешім қабылдауды өңіраралық инспекциялар жүзеге асырады.»;
132-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«132. Карточкаларды беру мынадай жағдайларда жүргізіледі:»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) егер сервис орталығы карточкасының PIN-коды жоғалғанда немесе үшінші тұлғаларға белгілі болған уақытта;»;
137-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«137. Сервис орталығының карточкасы тахографты орнататын және оларға қызмет көрсететін сервис орталықтарында жұмыс істейтін және осы Қағиданың 92-тармағына сәйкес оларға қойылған талаптарды қанағаттандыратын жеке тұлғаларға беріледі.»;
138-тармақта:
4) тармақша алынып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) электрондық (цифрлық) тахографты шығарушы немесе ол уәкілеттік берген ұйым сервис орталығының қызметкеріне берген, сервис орталығы қызметкерінің тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету бойынша оқудан өткенін растайтын құжаттың (сертификаттың) нотариалды куәландырылған көшірмесі;»;
143-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«143. Егер бұрынғы карточканы берген кезде өңіраралық инспекцияға берілген деректер өзгерсе, карточканы беруге арналған өтініш тиісті өзгерістер енгізілген сәттен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей беріледі.»;
149-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«149. Құжаттарды қабылдаудан бас тартылған жағдайда, өтініш беруші карточка алу үшін осы Қағидада көрсетілген барлық жағдайлар қамтамасыз етілгеннен кейін карточкалар дайындауға қайтадан жүгінуге құқылы.»;
152-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«152. Комитет берілген және күші жойылған карточкалар туралы деректерді комитеттің жанында құрылған тізілімге енгізеді.»;
154-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«154. Карточканы ұрлатып немесе жоғалтып алған жағдайларды қоспағанда, карточканың күші жойылған жағдайда карточканы ұстаушы оны күнтізбелік 15 күннің ішінде өңіраралық инспекцияға қайтарады.»;
156-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) тізілімнен алынып тастаған жағдайда;»;
160, 161-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«160. Электрондық (цифрлық) тахографтар бойынша дерекқордың (бұдан әрі – тахографтар бойынша дерекқор) жұмыс істеуі 2014 жылғы 1 қаңтардан басталады.
161. Тахографтар бойынша дерекқорда электрондық (цифрлық) тахографтарға берілген, қолданыстағы, жоғалған және ауыстырылған карточкалардың және сервис орталықтары автокөлік құралдарына орнатқан электрондық (цифрлық) тахографтардың есепке алынуы жүргізіледі.»;
көрсетілген Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасына 5 және 6-қосымшалар алынып тасталсын.
көрсеті