Қоғам • 06 Желтоқсан, 2019

Ғылым мен бизнестің үнқатысуы

394 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында «Технологияларды коммерцияландыру – ғылым мен бизнесті біріктірудің құралы» атты форум өтті. Форумға 300-ден астам адам қатысып, ғылымды дамытудың және экономиканың нақты секторына отандық әзірлемелерді енгізудің өзекті мәселелерін, сондай-ақ ғылым мен бизнестің өзара іс-қимылын іс жүзінде жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Ғылым мен бизнестің үнқатысуы

Үшінші халықаралық фо­румға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары және «Атамекен» ҰКП бас­шылығының өкілдері қатысты.

«Халықаралық форумды өткізудің негізгі мақсаты – отан­дық жаңа технологиялар­ды коммерцияландыруды да­­­мыту және ғылыми әзір­ле­мелерді дәріптеу. Форумның бағ­дарламасына жобалардың ке­ңейтілген сессиялары мен технологиялық кәсіпкерлік бо­­йынша семинарлар өткізу, инновациялық жобаларды дамыту, ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру және бас­таушы компанияларды да­мы­туды қолдау құралдары кіреді. Ғылыми жобаларды ком­мерцияландыруға арналған жобалар көрмесі, пікірталас алаңдары, сондай-ақ кездесулер мен бейресми қарым-қа­тынас енеді. Мұндай формат қазақстандық ғылым мен мүд­делі бизнес құрылымдар арасындағы ынтымақтастыққа жол ашады», дейді ұйымдас­тырушылар.

Сондай-ақ жиын барысында «QazTechVentures» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамы­ту қоры, «QazIndustriya» қазақ­стандық индустрия жә­не экс­порт орталығы, Халық­ара­лық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар ор­талығы арқылы өтетін ин­но­вациялық жобаларды қол­дау­дың шаралары сөз болды.

Айта кететін тағы бір жайт, форум шеңберінде жас ғалым­дардың «Bolashaq Start up» атты стартап-жобаларының бай­қауы өтті. Оған 17 команда қатысып, байқау аясында трек-сессиялар, сондай-ақ инвесторлар мен стартаптардың өзара «жылдам танысу» сессиясы өткізілді. Ең тартымды жо­баларға ие қа­ты­сушылар инвес­торлардан қар­жылық қолдау алады.

«Бүгінгі форум – ғы­лым мен бизнес өкілдері үшін диалог құру алаңы. Осы жер­де ға­лымдар өздерінің ғы­лыми әзір­лемелерін әлеуетті бизнес серік­теске көрсету мүм­кіндігіне ие. Бүгінгі таңда «Ғылым қоры» АҚ-ға жалпы сомасы 17,8 млрд тең­гені құ­райтын 158 жоба кіріп отыр. Ғылыми өнертабыстары ар­қылы 450-ден астам ғалым биз­нестерін жүзеге асыруда. Сонымен бірге инновациялық өнімді сатудан түскен жалпы кіріс 3,7 млрд теңгені құрайды. Экспорт көлемі – 13,8 млн тең­геге жетсе, жыл сайынғы са­лық аударымдарының кө­лемі 2 млрд теңгеден асады. Бұл біздің елі­міздегі ғы­лы­ми әзір­лемелерді коммер­ция­лан­дырудағы үлкен жетіс­тік­­тер», деді «Ғылым қоры» АҚ бас­қарма төрағасы Арын Орсариев.