2013 жылғы 31 қаңтар, Астана, Үкімет үйі
Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы және «Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 54-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидалары бекітілсін.
2. «Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 145-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасында:
2-қосымшада:
1.1.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1.1. Орындаушы авиамаршруттың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті кіріс деңгейін қамтамасыз етпейтін маршруттар бойынша тұрақты авиатасымалдарды осы шартта айқындалған шарт сомасы шегінде, оның қолданыс мерзімі ішінде жүзеге асырады.»;
1.3.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1.3. Кіріс деңгейі қамтамасыз етілмейтін авиамаршруттардың тізбесі және әрбір авиамаршрут бойынша бөлінген сома осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оның қосымшасында берілген.»;
Тұрақты авиамаршруттарды бюджеттік субсидиялау шартына қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы №69 қаулысымен бекітілген
Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін
тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) авиакомпаниялар үшін жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде субсидияланатын авиамаршруттарға тұрақты авиарейстерді орындау құқығына конкурс өткізу тәртібін, конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, субсидияланатын авиамаршруттарға куәлік беру тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысымен бекітілген Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасына сәйкес конкурс субсидияланатын авиамаршруттарда жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін авиакомпанияны айқындау мақсатында субсидияланатын авиамаршруттар тізбесіне енгізілген авиамаршруттар бойынша өткізіледі.
3. Субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурсты ұйымдастырушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган болып табылады.
4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган конкурсқа шығарылатын субсидияланатын авиамаршруттар тізбесі, әрбір авиамаршрут бойынша бөлінген субсидиялардың жылдық жалпы сомасы, әрбір субсидияланатын авиамаршрутқа жиіліктердің ең төменгі саны, тарифі және әуе кемесіндегі ең төменгі талап етілетін отыратын орын саны көрсетілген конкурстық құжаттаманы қалыптастырады.
5. Конкурсқа осы Қағидаларда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін авиакомпания қатыса алады.
6. Конкурсқа шығарылатын әрбір субсидияланатын авиамаршрут жеке лот болып табылады.
7. Егер конкурсқа шығарылатын субсидияланатын авиамаршрутқа кемінде екі конкурсқа қатысушы өтінім берсе, осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурс өтті деп танылады.
8. Конкурс жеңiмпазына жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде
қызметтер көрсету үшін субсидияланатын авиамаршрутқа куәлік (бұдан әрі – субсидияланатын авиамаршрутқа куәлік) беріледі.
2. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
9. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасында тіркелген және пайдаланушы сертификатын иеленген;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға авиакомпанияларға рұқсат беру қағидаларына сәйкес тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсаты бар;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, бюджетке салықтар және басқа міндетті төлемдер бойынша берешегі жоқ;
4) болжанған кірісті есепке алмағанда бір ай ішінде бекітілген кестеге сәйкес тұрақты әуе тасымалдарын қамтамасыз етуге қажетті қаржылық қаражаттардың төмендетілмейтін резервісі бар авиакомпаниялар конкурсқа қатыса алады.
3. Субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу тәртібі
10. Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізуді және куәлiктер беруді қамтамасыз ету үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өкілдерінің қатарынан конкурстық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қалыптастырылады, оның құрамы уәкiлеттi органның бұйрығымен бекiтiледi.
11. Конкурстық комиссия мүшелерiнiң саны тақ болуы және кемінде бес адамнан құралуы тиiс. Комиссияны комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төраға орынбасары басқарады. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған жағдайда дауыс беруге құқығы жоқ.
12. Комиссия қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын қабылдайды және қарайды, конкурс өткiзедi және жеңiмпаздарды айқындайды, сондай-ақ субсидияланатын авиамаршрутқа өтінімдерді қажеттілігі авиамаршруттарды бөлу бойынша конкурстар арасындағы кезеңде туындаған авиамаршрутты
уақытша пайдалану үшін авиамаршруттарды бөлу бойынша конкурсты өткізбей қарайды.
13. Комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда төраға орынбасары комиссия қызметіне басшылық етеді, комиссия отырыстарында төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды.
14. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган субсидияланатын авиамаршруттарға конкурс өткізу туралы шешімді республикалық бюджет туралы заңмен субсидиялауға арналған бюджет қаражаты бөлінгеннен кейін немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерімен қабылдайды.
Жергілікті атқарушы органдар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын субсидияланатын авиамаршруттарға конкурс өткізу туралы қолдаухаттармен жүгінеді.
15. Конкурс есепті жыл басталудан кешіктірілмей жылына 1 рет өткізіледі.
16. Конкурс өткізу туралы шешім қабылданғаннан кейін конкурсты ұйымдастырушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында конкурс өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 15 күн бұрын, конкурсты қайталап өткізу жағдайында – қайталама конкурсты өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 10 күн бұрын конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру орналастырады.
17. Конкурсты ұйымдастырушының конкурсты өткізу мерзімі мен орны туралы хабарландыруынан кейін конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.
18. Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар мынадай құжаттар:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу үшін белгіленген нысандағы өтініш;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
3) барлық қосымшаларымен азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатының көшірмесі;
4) сақтандырудың міндетті түрлерінің болуын растайтын сақтандыру полистерінің (шарттардың) көшірмесі;
5) субсидияланатын авиамаршруттарға шығарылатын әуе кемелерінің паркі туралы мәліметтер (үлгілері, саны, борттық тіркеу нөмірлері, ең жоғарғы сыйымдылығы);
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан астам мерзімге салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқтығы немесе бар болуы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы. Егер анықтамада берешек көрсетілген жағдайда, осы береше