24 Шілде, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №77

1419 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

2013 жылғы 31 қаңтар, Астана, Үкімет Үйі

Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып белгіленсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1395 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 643-құжат);
2) «Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1395 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 қаңтардағы № 22 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 22, 310-құжат).
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі      С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы №77 қаулысымен бекітілген

Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

    Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:    Құжаттар    Ескертпе
1    2    3    4
жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) үшін
1    тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі
    лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімінің және тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*    
2    меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасы (үй-жайлар немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдық немесе бақылау-тексеру аппаратурасы)    меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*    
3    жобаның мақсаты, өндіріс өрістетілетін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ, мәлімделген жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін техникалық үдерістің сипаттамасы көрініс тапқан техникалық жоба    жеке тұлға еркін нысанда бекіткен техникалық жобаның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*
    
заңды тұлғалар үшін
4    ұйым басшысында жоғары білімінің және басшы лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы
    ұйым басшысында жоғары білімінің және басшы лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*    
5    штатта тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандардың кемінде 10% болуы    штатта тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандардың кемінде 10% болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*    
6    меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік база (үй-жайлар немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдық немесе бақылау-тексеру аппаратурасы)    меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*    
7    жобаның мақсаты, өндіріс өрістейтін не месе қызметтер көрсетілетін аумақ, мәлімделген жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін техникалық үдерістің сипаттамасы көрініс тапқан техникалық жоба    заңды тұлғаның бірінші басшысы еркін нысанда бекіткен техникалық жобаның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*    


* Осы ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымша

Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны

1. Жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) үшін:
1. Лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімінің және тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы туралы ақпарат:
1) мамандығы және біліктілігі ________________________;
2) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі туралы дипломның нөмірі және берілген күні ______________________________;
3) жоғары білімі туралы диплом берген оқу мекемесінің атауы _____________________;
4) жұмыс орны _______________________;
5) кезеңі, атқаратын лауазымдары ___________________________;
6) жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босатылғаны туралы бұйрықтың нөмірі мен күні және/немесе еңбек шартының нөмірі және күні ___________________________;
7) сертификаттың, жеке куәліктің, куәліктің нөмірі, берілген күні және оны берген ұйымның атауы, сондай-ақ оқу курсының тақырыбы (болған жағдайда) ___________________________;
2. Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы туралы ақпарат:
1) техникалық-өндірістік базаны сатып алу-сату немесе сыйға тарту немесе мүліктік жалға алу (жалдау) немесе ақысыз пайдалану немесе сенімгерлік басқару немесе тапсыру туралы шарттың нөмірі _________________________;
2) техникалық-өндірістік базаның немесе үй-жайдың орналасқан жері _____________________;
3) шарт жасасқан күн ___________________________;
4) шарт кіммен жасалды ___________________________;
5) арнайы зертханалық немесе стендтік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдық немесе бақылау-тексеру аппаратурасы паспортының нөмірі және күні______________________;
6) паспорт берген орган _________________________;
7) жабдықтың тағайындалуы ___________________________;
8) сертификаттың нөмірі, күні, берген орган, салыстырып тексеру (калибрлеу) туралы сертификаттың қолданыс мерзімі (болған жағдайда) ___________________________;
3. Бекітілген техникалық жобаның болуы туралы ақпарат:
1) техникалық жобаның атауы ___________________________;
2) жобаның негізгі мақсатының қысқаша мазмұны __________________;
3) технологиялық процестің сипаттамасы __________________________;
4) өндіріс өрістетілетін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ _________________________;
5) техникалық жобаны кім бекіткен ___________________________;
6) техникалық жобаның бекітілген күні __________________________.

2. Заңды тұлғалар үшін:
1. Ұйым басшысында жоғары білімінің және басшы лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы туралы ақпарат:
1) мамандығы және біліктілігі ________________________;
2) жоғары білімі туралы дипломның нөмірі және берілген күні ____________;
3) жоғары білімі туралы диплом берген оқу мекемесінің атауы ______________________;
4) жұмыс орны _______________________;
5) лауазымы ___________________________;
6) ұйымның орналасқан жері ___________________________;
7) жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босатылғаны туралы бұйрықтың нөмірі мен күні және/немесе еңбек шартының нөмірі және күні ___________________________;
8) сертификаттың, жеке куәліктің, куәліктің нөмірі, берілген күні және оны берген ұйымның атауы, сондай-ақ оқу курсының тақырыбы (болған жағдайда) ___________________________;
2. Штатта тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандардың кемінде 10% болуы туралы ақпарат:
1) штаттық кесте бойынша мамандардың жалпы саны (бірлік) _______________________;
2) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандар саны _______________________;
3) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандардың Т.А.Ә., олардың мамандықтары және біліктілігі_______________;
4) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар әрбір маманның жұмыс орны _______________________;
5) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар әрбір маманның лауазымы _______________________;
6) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар әрбір маманның жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босатылғаны туралы бұйрықтың нөмірі және күні және/немесе еңбек шартының нөмірі мен күні _______________________;
7) сертификаттың, жеке куәліктің, куәліктің нөмірі, берілген күні және оны берген ұйымның атауы, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар әрбір маманның оқу курсының тақырыбы (болған жағдайда) _______________________;
3. Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы туралы ақпарат:
1) техникалық-өндірістік базаны сатып алу-сату немесе сыйға тарту немесе мүліктік жалға алу (жалдау) немесе ақысыз пайдалану немесе сенімгерлік басқару немесе тапсыру туралы шарттың нөмірі _________________________;
2) техникалық-өндірістік базаның немесе үй-жайдың орналасқан жері ____________________;
3) шарт жасасқан күн ___________________________;
4) шарт кіммен жасалды ___________________________;
5) арнайы зертханалық немесе стендтік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдық немесе бақылау-тексеру аппаратурасы паспортының нөмірі және күні______________________;
6) паспорт берген орган _________________________;
7) жабдықтың тағайындалуы ___________________________;
8) сертификаттың нөмірі, күні, берген орган, салыстырып тексеру (калибрлеу) туралы сертификаттың қолданыс мерзімі (болған жағдайда) ___________________________;
4. Бекітілген техникалық жобаның болуы туралы ақпарат:
1) техникалық жобаның атауы ___________________________;
2) жобаның негізгі мақсатының қысқаша мазмұны __________________;
3) технологиялық процестің сипаттамасы __________________________;
4) өндіріс өрістетілетін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ _________________________;
5) техникалық жобаны кім бекіткен ___________________________;
6) техникалық жобаның бекітілген күні __________________________.