24 Шілде, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 208

246 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

2013 жылғы 4 наурыз,  Астана, Үкімет Үйі

«Жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін авиамаршрутқа арналған конкурс өткізу және авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы №1221 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 53) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін авиамаршрутқа арналған конкурс өткізу және авиамаршруттарға куәліктер беру қағида­ларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 қаулы­сына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 16-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берiлiп отырған Жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидалары бекiтілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін авиамаршрутқа арналған конкурс өткізу және авиамаршруттарға куәліктер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 9-тармағының 4) тармақшасын, 18-тармағының 12) тармақшасын және 2015 жылғы 1 қаңтардан бас­тап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 9-тармағының 12) тармақшасын, 18-тармағының 17) тар­мақ­шасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 наурыздағы №208 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы №1221 қаулысымен бекітілген

Жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін халықаралық авиамаршрутқа арналған конкурс өткізу және халықаралық авиамаршруттарға куәліктер беру қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін халықаралық авиамаршрутқа арналған конкурс өткізу және халықаралық авиамаршруттарға куәліктер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) халықаралық авиамаршрутта жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тұрақты әуеде тасымалдауды орындау құқығына авиакомпаниялар үшін конкурс өткізу тәртібін, конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін халықаралық авиамаршруттарға арналған куәлікті беру тәртібін айқындайды.
2. Конкурс жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін халықаралық авиамаршрутарға авиакомпания айқындау мақсатында өткізіледі.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) халықаралық авиамаршруттарға конкурс өткізудің ұйымдастырушысы болып табылады.
4. Конкурсқа осы Қағидаларда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін авиакомпания қатыса алады.
5. Конкурсқа шығарылатын әрбір авиамаршрут жеке лот болып табылады.
6. Конкурстық құжаттаманы қалыптастыру кезінде тасымалдаушылардың, рұқсат етілген жиіліктердің, авиамаршрутта тасымалдау сыйымдылығының саны бойынша үкіметаралық келісімдер талаптары ескеріледі.
7. Егер конкурсқа шығарылатын халықаралық авиамаршрутқа конкурс талаптарына жауап беретін кемінде екі конкурсқа қатысушы өтінім берсе, осы Қағидалардың 37-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурс өтті деп танылады.
8. Конкурс жеңімпазы (жеңімпаздары) жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөн інде қызметтер көрсету үшін халықаралық авиамаршрутқа куәлік (бұдан әрі – халықаралық авиамаршрутқа куәлік) алады.

2. Халықаралық авиамаршрутқа конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
9. Конкурсқа қатысуға мынадай біліктілік талаптарына жауап беретін авиакомпанияларға жол беріледі:
1) Қазақстан Республикасында тіркелуі және пайдаланушы сертификатын иеленуі;
2) бірдей жолаушылар сыйымдылығына жататын саны кемінде бес әуе кемесінен тұратын әуепаркінің болуы (жеке меншігінде немесе кемінде үш жыл мерзімге жалға алынған), олар уәкілетті орган белгілеген халықаралық авиамаршрутты пайдалану шарттарына сәйкес келуі тиіс;
3) пайдалану сәтінен бастап алынуы болжанатын кірісті есепке алмағанда, бір ай ішінде халықаралық авиамаршрут бойынша ұсынылған кестеге сәйкес ұшуды қамтамасыз ету үшін қажетті мөлшерде ұлттық немесе шетелдік валютадағы қаржы қаражаты болуы;
4) соңғы аудиторлық есеппен расталған тұрақты қаржылық жағдайының болуы;
5) төлем жүргізу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджет алдында және жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберетін аударымдары бойынша берешегінің болмауы;
6) броньдау жүйесінде сатылымдар мен ресурстарды басқару бойынша білікті персоналының болуы;
7) тұрақты жолаушылар тасымалдарында үздіксіз жұмыс тәжірибесінің болуы (кемінде соңғы үш жыл);
8) Қазақстан Республикасының кемінде екі қаласында филиалының немесе өкілдігінің болуы;
9) авиакомпанияның веб-сайты арқылы авиабилеттердің сатылымын енгізуі;
10) Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) тіркелгені және кодтарға ие болғаны туралы куәлігінің болуы;
11) тасымалдау құжаттарын электрондық және қағаз түрінде ресімдеуді қоса алғанда, авиатасымалдарды сатудың ғаламдық дистрибутивтік жүйелерінің бірінде орындар ресурсын орналастыру және жүргізуге арналған келісімінің болуы;
12) Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IOSA) берген қауіпсіздіктің өндірістік аудиті сертификатының болуы.

3. Халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу тәртібі
10. Конкурс осы Қағидалардың 37-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жаңа халықаралық авиамаршруттарға не халықаралық авиамаршрутқа куәлігінің қолданылу мерзімі ағымдағы жылы аяқталатын авиамаршруттарға жылына бір рет, күзгі-қысқы навигация басталғанға дейін алдын ала жүргізіледі.
11. Уәкілетті орган әлеуетті қатысушылар үшін уәкілетті органның бұйрығымен бекітілетін конкурсқа шығарылатын халықаралық авиамаршруттар бойынша жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдауды ұйымдастыруға шарттар мен талаптарды қамтитын конкурстық құжаттаманы дайындайды.
12. Уәкілетті орган Конкурс өткізу туралы шешім қабылдағаннан кейін конкурс ұйымдастыру­шысы бұқаралық ақпарат құралдарында және уәкілетті органның интернет ресурсында конкурс өткізілгенге дейін күнтізбелік 30 күн бұрын, конкурсты қайта өткізу жағдайында - қайталама конкурсты өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 15 күн бұрын конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырады.
13. Халықаралық авиамаршруттарда арналған конкурс өткізуді және куәліктер беруді қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган өкілдерінің қатарынан құрамы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілетін конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
14. Комиссия мүшелерінің саны тақ болуы және кемінде бес адамнан құралуы тиіс. Комиссияны комиссия төрағасы, ал ол болмаған кезде төрағаның орынбасары басқарады. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссияның шешімдерді қабылдауы кезінде дауыс беруге құқығы жоқ.
15. Комиссия қатысушылардың конкурстық өтінімдерін қабылдайды және қарайды, конкурс өткізеді және жеңімпаздарды белгілейді, сондай-ақ қажеттілігі халықаралық авиамаршруттарды бөлу жөніндегі конкурстар аралығындағы кезеңде туындаған авиамаршрутты пайдалану үшін авиамаршруттарды бөлу жөніндегі конкурсты өткізбей халықаралық авиамаршрутқа өтінімдерді қарайды.
16. Комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төраға орынбасары комиссия қызметіне басшылық етеді, комиссия отырыстарында төрағалық етеді, комиссия жұмысын жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
17. Уәкілетті орган конкурсты өткізудің мерзімдері мен орнын жариялағаннан кейін конкурсқа қатысуға тілек білдіруші авиакомпаниялар осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген қажетті құжатт