24 Шілде, 2013

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұйрығы № 50-Ө

405 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

2013 жылғы 26 наурыз,     Астана қаласы

«Қоғамдық тыңдауларды өткiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы  7 мамырдағы №135-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. «Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы №135-ө бұйрығына (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде №4687 тіркелген, 2007 жылғы 15 маусымдағы №90 (1119) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық заңнама және құқықтық қамтамасыз ету департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанын кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр         Н.ҚАППАРОВ.

Қазақстан Республикасы  Қоршаған ортаны қорғау
министрiнiң 2013 жылғы  26 наурыздағы № 50-Ө бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы  Қоршаған ортаны қорғау
министрiнiң 2007 жылғы  7 мамырдағы №135-ө бұйрығымен бекiтiлген

Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесі

1. Жалпы ережелер
1. Осы Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленген және оларды іске асыру қоршаған орта мен азаматтардың денсаулығына тікелей әсер ететін жобаларды, сондай-ақ қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар алу үшін І және ІІ санат объектілеріне әзірленген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын (бұдан әрі – жоспарлардың жобалары) талқылау мақсатында қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібін белгілейді.
2. Ереже қоршаған ортаның жай-күйі туралы шынайы және толық ақпаратты уақытылы алуға және жұртшылықтың экологиялық мәні бар шешімдер қабылдау процесіне қатысуға Қазақстан Республикасының азаматтары мен қоғамдық ұйымдарының конституциялық құқығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделген.
3. Осы Ережелерде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) жұртшылық – бір немесе бірден астам жеке немесе заңды тұлға, олардың ассоциациялары, ұйымдары немесе топтары, қоғамдық бірлестіктер;
2) мүдделі жұртшылық – олардың мүддесі қоршаған ортаға байланысатын міселелер жөніндегі шешімдер қабылдау процесімен қозғалатын немесе қозғалау мүмкін, немесе осы процесске мүдделілік бар жұртшылық;
3) қоғамдық тыңдаулар – қоғамдық талқылауды міндетті өткізуді көздейтін Қазақстан Республикасы Экологиялық кодекстің талаптарына және басқа да қаңнамалық акттарын сәйкес экологиялық мәні бар шешімдерді жария талқылау үшін ашық отырыстарды өткізу арқылы мемлекеттік және басқарушылық шешімдерді қабылдау процессінде қатысуға жұртшылықтың құқықтарын іске асыру нысандардың бірі;
бұл қоршаған ортаның жай-күйіне кері әсер етуі мүмкін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде қоғамдық пікірді ескеру мақсатында оны анықтау рәсімі;
4) тапсырыс беруші – көзделіп отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызметтің бастамашысы;
5) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы – қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдастыру­шылық, әлеуметтік және экономикалық шаралар кешенін қамтитын құжат;
6) оны іске асыру қоршаған орта мен азаматтардың денсаулығына тікелей әсер ететін жоба – көзделіп отырған шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарымен қоса жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы.
4. Қоғамдық тыңдауларға үш параметрдің біреуін, атап айтқанда: әсердің мөлшерін, кезеңін және қарқындылығын ескере отырып іске асырылуы қоршаған ортаға және азаматтардың денсаулығына тікелей әсер етуі мүмкін көзделіп отырған шаруашылық қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттаманың қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдары жіберіледі.
5. Қоғамдық тыңдаулар талқыланатын мәселеге қатысы бар және құпиялы мәліметтері жоқ құжаттамалық ақпаратты зерделеу негізінде талқыланатын мәселе бойынша барлығы үшін тең өзіні ң дәлелді пікірін айтудың құқығын көздейді.
6. Қоғамдық тыңдаулардың қатысушылары:
1) мүдделі жұртшылық;
2) қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар мен бірлестіктер;
3)талқыланатын шешімдерді қабылдау құзыретіне жататын жергілікті атқарушы және өкілетті органдар, мемлекеттік органдар;
4) бұқаралық ақпараттар құралдары (бұдан әрі – БАҚ) болып табылады.
7. Жобаларды және (немесе) жоспарларының жобаларын талқылау жөніндегі қоғамдық тыңдауларды (аумағында жұмыстар жүргізу жоспарланып отырған) жергілікті атқарушы орган ұйымдастырады.
8. Тапсырыс беруші жергілікті атқарушы органдармен (олардың аумағында жұмыстар жүргізу жоспарланып отырған) қоғамдық тыңдауларды өткізу уақыты мен орнын алдын ала келіседі және БАҚ-та қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарламаны жариялайды. Хабарламаларды жариялау мемлекеттік және орыс тілдерінде қоғамдық тыңдауларды өткізгенге дейін күнтізбелік жиырмы күннен кешіктірмей жүзеге асырылуы тиіс.
Хабарлама жергілікті атқарушы органдардың интернет-қорында да орналастырылады.
Тапсырыс беруші жұртшылықты ақпараттандырудың тәсілдерін (ақпараттық парақтар, стендтер, жеке хабарламалар) қосымша пайдалана алады.
9. Хабарландыруда:
1) қоғамдық тыңдалымның өткізілу орны, күні, уақыты;
2) Қоғамдық тыңдалымға шығарылған қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарының жобасы немесе жоспарланған қызмет түрі (жоба);
3) қоғам өкілдерінің жоба материалдарымен қағаз түріндегі танысуға мүмкін болатын орнының мекенжайы;
4) материалдардың электрондық нұсқада орналастырылған Интернет-қорының мекенжайы;
5) Интернет-қоры болмаған жағдайда материалдарды электрондық нұсқада сұрауға болатын электрондық почтаның мекенжайы көрсетіледі;
6) ескертулер мен ұсыныстар қабылданатын электрондық мекенжай.
10. Оларды іске асыру қоршаған орта мен азаматтардың денсаулығына тікелей әсер ететін жобаларды және (немесе) жоспарлардың жобалары бойынша қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру туралы ресми хабарлау күнінен бастап тапсырыс беруші жұртшылық өкілдерінің жоғарыдағы жобаларға қолжетімділігін, қағаз немесе электрондық түрдегі ескертулер мен ұсыныстар қабылдау мен тіркеуді қамтамасыз етеді.

2. Қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібі
11. Қоғамдық тыңдаулар қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті аумақтық бөлімше органдарының қатысуымен өткізіледі.
12. Қоғамдық тыңдаулар күні белгіленген уақытта және белгіленген орында тыңдауларға қатысушыларды тіркеу өткізіледі (тыңдаулар басталардан 15-30 минут бұрын).
13. Қоғамдық тыңдауларды жергілікті атқарушы органның өкілі ашады.
Қатысушылардың көпшілік дауысымен күн тәртібі, регламент бекітіледі және төраға мен хатшы сайланады.
14. Жобалар және (немесе) жоспарлардың жобалары туралы тапсырыс берушi өкiлдерiнiң баяндамалары тыңдалады.
Баяндамада мына ақпараттар болуы қажет:
қоғамдық тыңдалымға шығарылған жобалар бойынша жоба шешімі немесе мүмкін шешімдер сипаттамасы туралы,
қоғамдық тыңдалымға шығарылған жоба бойынша шешімдер қабылдауға немесе эмиссияға рұқсат беру шеңберінде қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жобасын қарастырушы мемлекеттік органдар туралы;
аталған қызмет түрін қоршаған ортаға әсер бағасының ұлттық немесе трансшекаралық рәсіммен қамту.
15. Тыңдауларда белгіленген регламентке сәйкес тілек білдіргендердің барлығына сөз сөйлеуге және баяндамашыларға сұрақтар қою құқығы ұсынылады. Баяндамашылар жұртшылық өкілдерінің сұрақтарына жауап береді.
16. Тапсырыс беруші баяндамаларды, сұрақтарды, жауаптарды және сөз сөйлеулерді жазу мен жинақтауды ұйымдастырады. БАҚ ресми өкілдері дыбыс және бейне жазбаларды орындау кезінде тыңдауларға қатысушылардың барлығын хабардар етеді.
17. Қоғамдық тыңдаулардың нәтижелері жоба және (немесе) жоспарлардың жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар хаттамасымен (бұдан әрі – қоғамдық тыңдаулар хаттамасы) ресімделеді, оған төраға мен хатшы қол қояды. Қоғамдық тыңдаулар хаттамасының жобалардың нәтижелері жөніндегі бір данасы жергілікті атқарушы органдарға, жоспарлардың жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 71-бабының 3-тармағына сәйкес рұқсат беретін органға беріледі.
Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы осы Ережелер Қосымшасына сәйкес форма бойынша құрылады.
18. Қоғамдық тыңдалым өткізілген күннен кейін бес жұмыс күннің кешіктірілмей жергілікті атқарушы органның Интернет-қорында қоғамдық тыңдалым нәтижелері бо

Соңғы жаңалықтар