Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2019

Киелі жерлерге саяхат сабағы өтті

1235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде №8 орта мектептің 8-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «Рухани қазына» кіші бөлімі аясында «Шығыс Қазақстанның киелі жерлеріне саяхат» атты саяхат сабағы өткізілді.

Киелі жерлерге саяхат сабағы өтті

Шараны аша отырып кітапхана қызметкерлері кез келген елдің тарихи немесе мифологиялық нүктелері, яғни қасиетті жерлері болатынын түсіндіре келе, бұл киелі мекендер мемлекет аумағында тұратын әрбір адам үшін маңызды екендігін айтты.

Саяхат сабақ барысында Шығыс Қазақстанның киелі жерлері бейнеленген карта ұсынылды. Шара қатысушылары «Берел» және «Шілікті» қорғандары, Қозы-Көрпеш пен Баян Сұлу кесенесі, Ұлы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайы, «Алаш арыстары» мұражай үйі, Ф.Достоевскийдің мұражай үйі, Қоңыр әулие үңгірі сынды бай тарихи-мәдени мұралардың тарихымен танысып, толыққанды ақпарат алды.

-Біз туған еліміз  Шығыс Қазақстан өзінің табиғатымен ерекшеленіп, тарихи тұлғаларға бай екендігін  білдік,-деді шараға қатысушы Альмира Асубаева,-облыстың рухани, табиғи және тарихи жерлерінің көпшілігі Қазақстанның киелі жерлерінің картасына енгендігінен де хабардар болдық. Сұрақтарымызға жауаптар алып, «Шығыс Қазақстанның киелі жерлері» атты кітап көрмесіне қойылған материалдармен таныстық.