1919 жылы Алашорда делегациясымен бiрге Уфа мен Самарада өткен кеңестiк билiкке қарсы күштердiң мәжiлiстерiне қатысады. 1920 жылы РК(б)П комитетiнiң мұсылмандар семинариясының төрағасы, 1921-1922 жылдары Орынборда қазақ АКСР Жер комиссариатының алқа мүшесi, “Еңбекшi қазақ” газетiнiң редакторы болып iстеген. 1923 жылы Орал облыстық партия комитетiнiң үгiт және насихат бөлiмiнiң меңгерушiсi, “Қызыл ту” газетiнiң редакторы, 1923-1925 жылдары Мәскеуде Орталық баспаның қазақ секциясының қызметкерi, 1925-1926 жылдары қазақ өлкелiк БК(б)П комитетi баспасөз бөлiмiнiң меңгерушiсi, ал 1926-1928 жылдары республикалық оқуағарту қызметкерлерi кәсiподағының төрағасы, сонан соң қазМУ-дiң оқытушысы болды.
1929 жылы басталған қуғын-сүргiн кезiнде тұтқынға алынып, 1931 жылы ату жазасына кесiлдi.
Ә.Байдiлдин “Алдымыздағы мақсатымыз” (1926 ж.), “Оқытушылар мен кәсiпшiлер қозғалысы” (1927 ж.), “Оқу қызметкерлерiне жолбасшы”, “Жаңа әлiппе” (1928 ж.) деген еңбектердiң авторы.