Күллі әлемнің күлкісі
Тұтқиылдан жау шабады. Әкесі баласын артына мінгестіре қашады. Тау-тасты асып, қашып құтылдық-ау дегенде , әкесі баласына сынай:
– Мен болмағанда қайтер едіңіз? – десе , баласы:
– Сен болмағанда , ерге отырар едім, – депті.
***
- Қалай, жолдас Иванов , Американы қуып жетеміз бе? – деп сұрайды Хрущев жұмысшыдан.
- Жеткенде қандай.
- Басып озамыз ба?
- Жоқ, ойбай!
- Неге ?
- Басып озсақ артымыздың жыртығы көрініп қалады...
***
Түн ішінде таксиге тыржалаңаш әйел мінеді. Шопыр оған осқырына қарайды.
– Сен, не, жалаңаш әйел көрмеп пе едің?
– Жоға, ақшаны қай жерінен алады деп аң-таң болып тұрғаным.
***
– Қымбаттым, кешке қай маскіні киіп барғаным жөн деп ойлайсың?
– Өте қарапайымын: паригіңді киме; жасанды қас кірпігіңді жапсырма; бір жолға бояу-сояуыңды бет-әлпетіңе тигізе көрме... Сосын сені біреу таныса, маған кел.
***
- Жәке, айып етпеңіз, айтыңызшы: осы сіздің үйіңіздегі жеңгейдің жасы нешеде?
- Айту қиын... өзінің айтуы бойынша, біздің үлкен ұлымыздан сәл-пәл кіші.
***
Бастық шоферіне:
– Мына 10 долларды ал да вокзалға барып енемді күтіп ал.
– Егер ол кісі келмей қалса ше ?
– Онда тағы да 10 доллар аласың.