Аймақтар • 19 Қаңтар, 2020

Алматы облысындағы «Алтын Орда» жолы қашан аяқталады?

1591 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты «Алтын Орда» базарының маңындағы күре жолдың құрылысы созылып барады. Әуелгі жоспар бойынша жол салу 2017 жылы басталып, 2019 жылы ішінара қолданысқа беріле бастауы тиіс еді. Алайда, қазір бұл трассадағы жұмыстар 68 процентке ғана атқарылған.

Алматы облысындағы «Алтын Орда» жолы қашан аяқталады?

«Қазавтожол» ұлттық компаниясының мәліметінше, Алматы қаласына оңтүстік бағыттан кіретін күре жолдың құрылысы биыл толық аяқталмақшы. Жұмыстың кешеуілдеуіне бірнеше себеп болған екен. Бастысы, бөлінген қаржының аздығы. Компания мамандары мұны жол құрылысы жобаланған 2016 жылдан бері құрылыс материалдарының ондаға н есеге қымбаттауымен түсіндіреді. Мәселен, жол төсеуге қолданылатын арматура, қиыршық тас, битум сияқты қажетті заттар мен жанар-жағармай бағасының шарықтап өсуі мердігерлер жұмысына кедергі келтіріп отырған көрінеді. Ал жол салудың құқын «Дәулет-ДорСтрой» серіктестігі мен, «AYTEI GROUP Holding Company» серіктестігі ұтып алған болатын. Бұл компаниялар бүгінге дейін 6,2 миллиард теңгеқаржыны игеріпті.

Жол құрылысына қол байлау отырған екінші мәселе – аумақтағы жер телімдерінің жекеменшікке сатылып кетуінде жатыр екен. Базар аумағынан бөлек, жолдың қос қапталына сауда –саттық пен қызмет көрсету орындары орналасқандықтан, нысан қожайындарымен келісу ұзаққа созылған. Дау-дамайы көп іс сотқа дейін жеткен. Қазір аумаққа орналасқан 2 жанармай құю бекетін көшіру мүмкін болмай отырған көрінеді. Екі бекетте бір қожайынға, , «Oilan LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарайды. Ал қожайын мемлекет төлейтін өтемақыға разы емес. «Қазавтожол» ұлттық компаниясыны жер телімдерін 110 млн теңгеге бағалап отыр. Ал жанармай бекеттерінің иесі шығын үшін 225 млн теңге талап етуде. Іс бойынша 3 рет сот болса да, тараптар ортақ мәмілеге келе алмауда.

Соған қарамастан биыл жол құрылысы аяқталуы тиіс. Күн жылынғасын Ақсай өзеніне салынатын көпір, аспалы жолдар мен автобус аялдамаларын құру сияқты негізгі міндеттен бөлек аумақты көгалдандыру жұмысы жалғасады. Жалпы, трассаның «Алтын Орда» базарынан Алматы қаласына кіреберіс қақпаға дейінгі тұсықос бағыт бойынша 10 жолаққа жоспарланған екен. Яғни, бір бағыттағы қозғалыста ауыр жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін арнайы жолақ ашылып, жеңіл көліктер өтетін жол табаны бөлек болмақшы.