Қоғам • 22 Қаңтар, 2020

Қызылтастағы жартас суреттері

1006 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жасыл алқап ішінде қызыл тастарға оймышталған бұл суреттерде садақ кезеген мергеннің қимыл-қозғалысынан аса сақтықты бағамдар едіңіз.Шыңжаңның би өнері саласына ерен еңбек сіңірген, әр ұлт өкілдері ұрпақтарынан қаншама талантты шәкірттер тәрбиелеген кәсіби биші «Қазақ би өнерінің негіздері» кітабының авторы Сәлима Оразқызы өз кітабында жақсы айтады. «Шыңжаңның басқа жерлерінде де мұндай жартас суреттері көп кезігеді. Мысалы: Нылқы, Қорғас ауданы, Ақкүңгей, Қара Еміл, Ақжар, Жартоғай жар суреттері, Бұраталаның Арасан ауданының үлкен Күмістай елді мекенінде өрнектеледі...» – деп Алтынтаудағы әңгімесін байыта түседі...

Қызылтастағы жартас суреттері

Қаратөбе суреттері, Тар­бағатай, Мори, Құбылдағы таң­балы тастардағы суреттер. Қорла, Маралбасы, Чар­қы­лық, Қотан қатарлы жерлерде де жартас суреттері бар. Ал­тай тауындағы таңбалы тас су­реттері алуан түрлі адамдар образы көрініс тапқан жә­не сонымен бірге екі кісілік би мен бір арқар суреті тасқа ой­­мышталған елесі бар. Бұл алғашқы қоғамдағы адам­дар­дың баяғыда пайда бол­ған аң аулау биі болуы мүм­кін-ау. Ал­тынтаудағы жар­тасқа садақ тартып тұрған адамның суреті ойылған. Бұл таудағы суретті білетіндер бұдан 6000-8000 жыл бұрын деп топшылайды. Бұдан 20-40 мың жыл бұ­рын­ғы су­рет­терді көбінесе Еу­­ропада, Аф­рикада және Азия­­ның барлық жерлерінде кездестіресіз. Сол Ақ­бауырдағы үңгір­тастың кіре берісте ішке аттаған же­­ріндегі қына жазулары сө­зіміздің бір дәйегі болып шы­ғады. Онда да жол бойы бара жатқанда Қоржынбай тауын­да орналасқан. Бұл Шы­ғыс Қа­зақстан облысының Ұлан ауда­­­нына қарасты Са­ғыр, Бес­терек ауылының ма­­ңа­йы болып келеді. Сол Қор­­жын­байдың қапталында Қы­зыл­тас (Сорокин) тауы бар. Мұ­ның бәрі Қалба таула­рының сі­лемдері. Қалба тауының өз ерек­­шеліктері бар. Мұнда бір-біріне текшеленіп ке­те беретін қалба тастарды көресіз. Соның бірі – Ақ­бауыр үңгіртасы. Бұл та­би­ғи-тарихи ескерткіш – тас ға­­­сырынан металл дәуіріне аяқ бас­қан кезең алмасудың куә­сі іспетті.

Ақбауырға кіре берістегі қызыл жосамен боялған көне петроглифтер сақталған. Тас­тарға бедерленген 80-ге жу­ық суреттің ішінде адамдар, таутекелер, арбалар мен нүкте, шеңбер, сызықсынды белгілер бар. Кез келген белгіні құраса, теріс төңкерілген адам әлде жан-жануар кескіні шығады. Үңгіртастың төбесі ойық. Ойық шетінде адам қолымен жа­салғанын аңғаруға болатын із­дер сақталған. Бұл – тас үңгірде жатып, аспан әлемін зерттеу мақсатында жасалған қарауыл шоқы болуы мүмкін деген болжам тағы бар. Сон­дай-ақ адам қолымен құрылған шаруашылық танымының көрінісі болуы да мүмкін-ау дейді...

Қалбаны «Алтын Қалба» деп те атайды. Ежелгі заманда да, қазіргі кезеңде де бұл өңірде алтын кені көп кездеседі. Бұл Ақбауырдағы оймен өзектес келетіні белгілі биші Сәлима Оразқызының таудың арғы бетіндегі сөз саптаулары былай үндесіп жатыр: «Алтын таудағы жар­тасқа садақ тартып тұрған адамның суреті оймышталған. Одан көрінетін таңба Қы­зыл­тастағы құ­ралайды көзге атар мергеннің қаракетін кейіптеп тұрғандай. Көптеген зерт­теу­шілер Алтын таудағы жартас суреттерін мұнан 6 мың, 8 мың жыл бұрын ойылған жартас суреттері деп мөлшерлеп отыр» деп түйіндейді. Шіркін, Қызылтас дегеніңіз де асыл тас­тың мағына-мәнін беріп жатқан болуы да мүмкін-ау деп бір қоясыз. Байырғы бә­дізшілерді Қызылтас өз қа­сиеттерімен еліктірмеді дей­сіз бе?!

 

 

АЛМАТЫ