Спорт • 31 Қаңтар, 2020

Рикардо Кака: Мақсатымыз – бас жүлде

246 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака, команда капитаны Дінмұхамбет Сүлейменов, қақпашы Игита және футзал департаментінің директоры Асқар Әбілдаев Чехияның Брно қаласында өтетін элиталық кезеңнің алдында БАҚ өкілдерімен кездесіп, әлем чемпионатына дайындықтары туралы баяндады.

Рикардо Кака: Мақсатымыз – бас жүлде

Бас бапкер турнирге жақсы дайындықпен бара жатқанын және басты мақсат – бірінші орын иелену екенін айтты. Сондай-ақ қарсыластарды жеткілікті деңгейде зерттегенін де жеткізді.

– Оқу-жаттығу жиыны жос­парға сәйкес өтті. Алғашқы күні ауа райының қолайсыздығына сәйкес сәл өзгерістер енгіздік. Қазіргі таң­да Қазақстан Еуропа елдері арасында төртінші орын­да тұр. Әлем рейтингінде жетін­шіміз. Мұндай жарыстарда бі­рінші орын­нан басқа мақсат бол­мауы тиіс. Қарсыластардың барлығын құрметтейміз. Алайда басты міндет – бірінші орын алу. Ал­ғашқы қарсылас – Румыния. Соң­ғы рет осы елдің ойыншыла­рымен ойнадық. Сол себепті мағ­лұмат жеткілікті. Словения ірі турнирлерге жиі қатысатын шебер команда. Чехия өз алаңында өтетін ойындарды жақсы өткізеді. Ұлт­тық құрамада басты рөлге шы­ға қоймаған ойыншылар бар. Мәселен Оразов пен Тұрсағұлов. Соны­мен қатар Альберт Ақбалы­қов және Азат Валиуллин сынды жаңа ойыншылардың ойыны қарсыластар үшін ыңғайсыздық ту­дыруы ықтимал, – дейді Ри­кар­до Кака.

Қазақстанның футзал құра­масының капитаны Дінмұхамбет Сүлейменов ішкі чемпионаттың деңгейі өскенін айтып, әлем бі­рін­шілігінен кейін карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді.

– Ішкі чемпионаттағы коман­далардың көп болуы және бәсе­келестіктің өсуі біздің ұлттық құ­рамаға оң әсер етеді. Себебі елі­міздің жас та, талантты футзалшыларына жол ашылып, басқа фут­болшылардың шеберлігін арт­тыруға мүмкіндік береді, – деді құрама капитаны.

Маусым соңында жарақат алып, біраз уақыт қатардан шы­­ғып қалған қақпашы Игита әлі то­лық бабына енбеген. Бірақ элиталық кезеңде жеңіске жету үшін ба­рымды саламын дейді.

– Маусым соңында бұрын-соң­ды болмаған жарақат алып қалдым. Қазіргі уақытта жүз па­йыз дайынмын деп айта ал­май­­мын. Алайда ынта-жігер­дің ар­қасында жетістікке жетуге болады. Қазақстанда алаң­дағы ойыншылар ғана емес, қақ­пашылардың да деңгейі ар­тып келеді. Бұрын-соңды дең­гейі жо­ғары қақпашылар болмаған еді. Бәсеке артып, қақпашылар аяқпен де ойнай бастады. Нұрәлем Бай­долланың ойын сапасы өте жо­ғары. Батыл қимылдайды. Аяқпен де жақсы ойнайды. Болашағы зор қақпашы. Дәл осындай сөз­дерді Александр Гуровке де айта аламын. Қазақстанда жас қақ­пашылар көп. Олар үшін ең бас­тысы – тұрақтылық. Төрт-бес жылдан кейін менің ойын үлгім­дегі қақпашылар шығып, ұлттық құрамаға көмектеседі деп ойлаймын, – дейді қақпашы.

Айта кетейік, футзалдан Қазақ­стан құрамасы Чехияның Брно қаласында 2020 жылғы әлем чем­пионатының финалдық кезе­ңінде ойнау үшін элиталы кезеңде Румыния, Словения жә­не Чехия құрамаларымен сын­ға түседі. Еліміздің фут­бол­­­­шылары қатысатын тур­нир­ді Қазақстан Футбол федера­ция­сының YouTube арнасынан және «Qazsport» телеарнасы­нан тамашалауға болады. Жан­күйерлер Румыния және Сло­вения құрамасына қарсы өтетін ойынды федерациясының YouTube арнасынан, ал Чехиямен өте­тін соңғы ойында «Qazsport» телеарнасынан тамашалай алады.