Сурет: zrpress.ru
Қалайша бэби-бумерлер смартфонды басқаларға қарағанда көп жақсы көреді? Оған нендей себеп бар? Талай жылдың жүзі болды, ғалымдар смартфонды кім көп қолданады деп зерттеулер жасап жүр. Nielsen компаниясының зерттеулеріне сүйенсек, 35 пен 49 жастағы американдықтар 18 бен 34 жастағыларға қарағанда интернетті аптасын 40 минутқа көп қарайтын болып тұр. Бэби-бумерлер миллениалдарға қарағанда гаджеттеріне көп байланған. Тіпті олар шәй ішіп отырса да, түскі асқа барса да қастарынан смартфондарын бір елі тастамайтын және көз алмайтын көрінеді. Неліктен бұлай болды екен?
Wired басылымының жазуынша адам өмірінің дәл ортасы оның барлық мүмкіндіктерін барынша сарпа пайдаланып қалуға тырысатын кезең екен. Орта жастағы адам өз отбасында басты тұлға есебінде болғандықтан барлық ақпарат өзі арқылы өтетініне аса сенімді болады. Орта жастағылар өз балаларынан мәтіндік немесе FaceTime хабарламалар алса, өзінен үлкендерден, яғни өз ата-аналарынан элекетрондық хаттар мен қоңырау түрінде түсетін хабарламаларды жиі қабылдайды.
Сонымен қатар бұл жастағы адамдар жұмысбасты және басшылық қызметте болғандықтан жұмыс бабында да мессенджерлер мен электрондық пошта арқылы көптеген ақпарат алады. Ғалымдардың зерттеуінше бұл хабарламаларға жауап беру үшін ғана аптасына алтын уақыттың 72 сағаты кететін көрінеді.
Міне, Х буынның интернетке байланғаны, оның ішінде смартфоннан бас алмайтыны осыдан белгілі болып отыр. Әлбетте, барлық орта жастағылар мұндай емес шығар. Бірақ көпшілігінде осындай дағды бар деуге әбден негіз бар.
Солай десек те, Х буынның басқалардан артықшылығы да бар. Смартфонға дыбыстық белгі беріп, келе қалған әрбір хабарламаны тексере қояйын деген құлшыныс адамның психикалық денсаулығына кері әсерін тигізері сөзсіз. Ал, енді әлеуметтік желілердегі өсек-аяң мен ойындар туралы әңгіме мүлде бөлек. Смартфонын бір жерге қалдырып кетсе, байбалам салып, әбігер болып қалу да қай-қайсымыз үшін қиын мәселе болып тұр. Осылайша, гаджетке байлану оңай емес мәселе болса, одан зардап шегіп, зиян көріп жатқандардың жағдайы тіптен қиын болуда.
Осы жағынан келгенде Х буын өзінен кейінгі Ү және Z буындарға қарағанда әлдеқайда төзімді екендіктерін көрсетіп, анау-мынау психикалық ауытқушылықтарға бой бермейтін көрінеді.