Абай • 04 Ақпан, 2020

Абайтану олимпиадасы шәкірттердің жүрегіне шам жақты

2229 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ел Президентінің Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы Жарлығына сәйкес ұлттың ұлылығын ұлықтаған дана Абайдың шығармашылық мұрасын бүгінгі күн тұр­ғысынан жаңаша дамытып, болашаққа саф алтындай құнды күйінде жеткізуді мақсат-мұраты етіп ұстанған ІІ республикалық «Абайтану» олимпиадасы жуырда облыстық кезеңнің жеңімпаздары атанған қазақ тілінде жалпы білім беретін ұйымдардың 9-11 сынып оқушылары арасында өтті.

Абайтану олимпиадасы шәкірттердің жүрегіне шам жақты

Олимпиадаға барлық өңір мен республикалық білім беру ұйымдары бойынша жалпы са­ны 122 оқушы қатысты. Ұлы ақын­ның бай мұрасын жас ұрпақ санасына терең әрі жан-жақты сіңіріп, өнеге мен тәрбиенің ал­тын қазығына айналдыруды көздеген олимпиаданың не­­­гізгі мақсаты М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопея­сын толық меңгеру арқылы ке­­­мең­гердің ақындық болмы­сына үңілуге, Абайдың шығар­ма­шы­­лық өмі­рінен ғибрат алып, өмірде қол­дана алуға жол сіл­теу зияткерлік және шы­ғар­­ма­шы­лық қабілеттерін да­мытуға бағытталған.

Олимпиаданың негізгі мін­деті – Абай өлеңдерінің мән-ма­ңызы мен қадір-қасие­тін түсінуге бейімдеу, хакім қара сөздерінің тәрбиелік-тағылымдық маңызын меңгеру, Абайша ойлауға ұм­тылу, сөйлеу мәдениетін үйре­нуге, тіл тазалығын сақтауға дағ­дылану және күнделікті өмірде қолдану.

Олимпиада екі айналымда өтті. Бірінші айналымда қа­тысушы Абай қара сөздері мен поэзиясы негізінде дайындалған тақырыптардың біріне эссе жазса, екінші айналымда қатысушы М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан берілген үзіндінің қай тарау, бөлімнен алынғанын айтып, мазмұнын жалғастырды және роман мазмұнынан «сократтық» сұрақтар беріліп, логикалық дең­гейі тексерілді. Сондай-ақ Абай шығармашылығы бойынша да­йындалған тапсырмаларға жауап берді. Оның ішінде өлең­нің адам өміріндегі орнын, ақын­ның шығармашылықтағы мақсатын Абай өлеңдерімен дәлелдеді. Ал Абай поэзиясын қалай меңгергенін байқау ба­­­рысында ақын өлеңдерінің құрылысындағы ерекшеліктерді анықтап, қазақ поэзиясына қосқан жаңалығын дәлелдеді. Сонымен бірге Абай іліміне оқушы өз көзқарасын білдірді. Мысалы, Абай айтқан «бес асыл істің» бүгінгі өзектілігі тура­лы, хакімнің халқына қан­дай жол ұсынғаны туралы өз ой-пікірлерін айтты. Және абай­танушылар жайлы жалпы білі­мін көрсетіп, «Абай жолы» ро­­манынан алынған сөйлемге кешенді талдау жасау арқылы грамматикалық сауаттылығын көрсетті.

Іс-шараның ашылу салтанатында Абай атындағы рес­публикалық мектеп-интернат директоры Р.Сексенова ІІ рес­пуб­ликалық Абайтану олим­­­пиадасының басталуы­мен қатысушыларды құт­тық­­тап, оларға ақ жол тіле­ді. Бай­қауға «Да­рын» респуб­ли­калық ғы­лыми практикалық орталығынан келген Гаждем­бек Тұрсынов төр­­ағалық етті. Оқушылар білім сайысына қатысып жатқанда мектеп ұс­таздары, «Үздік педагог-2019» республикалық бай­қауының жеңімпаздары Жанар Абитова және Динара Орынбаева қаты­сушылардың жетекшілеріне «Абай шы­ғар­малары арқылы оқу­шы­лардың функционалдық сауат­тылығын қалыптастыру» атты коучинг-семинар өткізіп, арнайы сертификат берілді. Со­нымен қатар Назарбаев зият­керлік мектебінің сарапшы-мұ­ғалімі Н.Нұрғалиев жаңар­тыл­­ған бағдарлама аясында «Фор­­мативті бағалау» тақы­ры­бында квест-семинар өткізді. Кешке білім сайысының қатысу­шы­лары мен жетекшілері М.Әуе­зов атындағы драма теа­трына «Олжа» премьерасын тама­­ша­лауға барды. Сондай-ақ мек­теп-интернаттың Абайтану бөл­­месінде «Абай мұрасы» көр­месі ұйымдастырылды.

Осы іспетті мазмұнды іс-шараларымен ерекшеленген олимпиаданың қорытындысы бойынша бағын сынаған 122 оқушының ішінен 63 қатысушы жүлделі орын иеленді. І орын иегерлеріне сыйлыққа планшет, ІІ орын иегерлеріне Smart сағат және ІІІ орын ие­гер­леріне дыбыс ұлғайтқыш берілді. ІІ республикалық Абай­тану олимпиадасында ерекше белсенділік танытқан қатысу­шыларға алғыс хат, грамота және кітаптар та­бысталды. Олимпиа­даның өт­кізілуіне демеушілік көрсеткен Қанат Боранқұлов, Аманжол Рысмендиев мектеп тү­лектері екенін айта кеткен ләзім.

Республика көлемінде өт­кен білім жарысының қатысу­шы­лары олимпиада бары­сында ұлы ақынның мол мұра­сымен сусындап, Абай қара сөздерінің тәрбиелік-тағы­лым­­дық маңызын мең­геріп, Абай мұрасын насихат­тауға өз үлес­терін қосқандарына риза­шы­лығын білдіріп қайтты.