08 Тамыз, 2013

Ел және еңбек даулары

481 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

«Еңбек дауларының негізгі себептері ретінде екі мәселені атап көрсетуге болады: бірінші – жұмысшылардың кәсіпорынды басқару мәселелерінен шеттетілуі, екінші – даулар мен жанжалдарды соттан тыс реттеу тетіктерінің әлсіздігі. Мұндай кәсіпорындарда өндірістік кеңестер әрекет ететін бірқатар дамыған елдердің тәжірибелерін пайдалану керек».

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,

«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласынан.

 

Шынын айту керек, бізде әділдік іздеп арыз жазғандарға, өз құқын қорғап заң органдарын жағалап жүргендерге деген көзқарас біртүрлі. Ондай жандар арызқой, бәле­қор, жалақор сияқты көрінетіні бар. Әлде әділет­сіз­дікке әбден бойымыз үйреніп кеткен бе, қа­лай өзі... Әйтеуір, тым көнбіспіз. Қазір ел ішін­де еңбек дауы көп. «Егемен Қазақстан» газе­тінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы тіл­шілер қосынын іздеп келген бұл жандар әри­н­е, еліміздің бас басылымынан араша сұрайды

1. «Исламовтан әбден ығыр болдық»

Қыземшек поселкесінде бүгінде 5 мың­ға жуық халық тұрады екен. Созақтың төрін­де, Бетпақдаланың өрінде жатқан бұл ауылда «Қорған – Қазатомөнеркәсіп» ЖШС орын тепкен. Бұл мекеменің басты міндеті – «Қазатомға» тиесілі дүниелерге бас-көз болу, күзету. «Қорғанның» 60-70 пайыз жұ­мысшыларын осы ауылдың тұрғын­­дары құрайды. Әйтсе де, соңғы кездері күзет­­ші­лердің жұмысынан береке қашыпты. Олар­дың редакцияға жазған 40-беттен астам, бас-аяғы алпыс адам қол қойған арыздарына қарағанда жұмысшылар осындағы отряд басшысы Рахымберді Исламовқа риза емес. Бұрын полицияда еңбек етіп, құрметті демалысқа шыққан Рахымберді Шерубайұлы шектен тыс қатал, дөрекі, қит етсе жұдырығын ала жүгіретін көрінеді. Қайбір күні біз осы Қыземшек ауылына арнайы барып, күзетшілермен тілдесіп қайттық. Шыны керек, «Қорған» жұмысшыларының айтқандарына не сенерімізді, не сенбесімізді білмей, жағамызды ұстадық.

Едіге Абдуллаев, жүргізуші:

– 2012 жылдың наурыз айынан бері осы мекемеде «УАЗ» көлігін жүргіземін. Көлікке тәулігіне 5-10 литр ғана жанармай береді, соны бүкіл бекеттерді аралап шығуға жеткізу қажет. Қыстың күні оталдырудың өзіне әжептеуір жанармай кетеді. Талай рет жолда көліктеріміз өшіп қалған кездері болған. Ал, Исламов керісінше «жанармайды көп жұмсайсыңдар!» деп ұрсады. Қарсы келсең, «жұмыстан босатамын» деп қорқытады. Тіпті кей кездері бұзылып қалса көлікті өз қалтамыздан жөндетеміз. Одан бөлек басшылық ай сайын әр жүргізушіден 5-7 мың теңгеден жинайды. Көліктердің әбден тозығы жеткен, ай сайын күрделі жөндеуді қажет етеді. Егер тексеруші кеп қалса, көліктерді жасырып қояды. 2011 жылы аға күзетшілер Қадірсізов пен Қарақұлов кезекшіліктен тыс кезде спиртті ішімдік ішіп, көлікті талға соғып, аударып тастаған болатын. Оны жоғары жақ білмейді. Исламов бұрын ішкі істер бөлімінде жұмыс істеген, бұл жақтың полициясының бәрін таниды. Сондықтан істі жауып тастады. Бұдан бөлек Исламов көліктерді өз жеке басына, аң атуға, балық аулауға қалағанынша пайдаланады. 2013 жылдың 16 сәуірі күні Исламов қарауыл бастығы Тәжібаев екеумізді шақырып алды. Барсақ, спиртті ішімдік ішіп алған екен, «бекеттерді аралаймыз» деді. Сөйтіп, Дүйсенбиеваның бекетіне бардық. Осы жерде Исламов «сендер басқа бекеттерді тексере беріңдер», деп бізді басқа жаққа жұмсап жіберді. Ол жақтан оралғанымызда Исламов күзетші Дүйсенбиеваны зорламақ болып әрекет жасап жатқанының үстінен түстік. Әрең ажыратып алдық. Әрі қарай келесі бекетке өттік. Ол жерде де Исламов қолындағы бокалға құйылған суды Жарас Елеуұлы деген күзетшінің бетіне шашып жіберді де, артынан сол бокалмен жіберіп ұрды. Ол бұғып үлгерді. Онымен де қоймай күзетшіні шынтағымен ұрды. Елеуұлының аузынан қан ағып кетті. Бірақ «жұмыстан шығып кетемін бе» деп, қорыққан болуы керек, Жарас Елеуұлы еш жаққа арызданған жоқ. Ертеңіне бастық бізге «Жарасқа айтыңдар, егер менің үстімнен арыз жазатын болса, сендер де жұмыстан құрисыңдар», деп ескертті.

Қасымбек Тәжібаев, жедел қимылдау тобының аға қызметкері.

– Ай сайын бізден де 2-3 мың теңгеден жинап отырады. Бермеген адамдарға «жұмыстан кете бер» дейд