09 Тамыз, 2013

Аналар ауыртпалығы алаңдатады

290 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

– «Асырай алмайтындарың бар, неге таба бересіңдер?» деген сөзі өңменімнен өтіп кетті ғой, аға...

Айгүл моншақтаған көз жасын төгіп-төгіп жіберді. Тамағына тығылған өксікті тұншыға басып, көкірегін қарс айырардай ауыр күрсінді. Сәл қозғалақ­таған алдындағы нәрестесін қос қолымен аялай тербетіп, үлбіреген томпақ беттерінен емірене иіскеп қояды.

– «Асырай алмайтындарың бар, неге таба бересіңдер?» деген сөзі өңменімнен өтіп кетті ғой, аға...

Айгүл моншақтаған көз жасын төгіп-төгіп жіберді. Тамағына тығылған өксікті тұншыға басып, көкірегін қарс айырардай ауыр күрсінді. Сәл қозғалақ­таған алдындағы нәрестесін қос қолымен аялай тербетіп, үлбіреген томпақ беттерінен емірене иіскеп қояды.

– Ағатай-ау, осы қазақтың қазаққа айтатын сөзі ме? 6 мың теңгесін бермесе, бермей-ақ қойсын. Бәрінен де көзі ашық, оқыған қандасымыздың ащы тілі қарнымды ашырды. «Үкімет саған сауын сиыр емес. Алақан жаймай, жұмысқа шық! Тіпті асырай алмасаң, мына кішкентайларын балалар үйіне тапсыр», дейді. О тоба, қай қазақ анасы көзі тірісінде баласын жетімдер үйіне өз еркімен беріпті?! Одан да өлгенім артық қой. Мен Үкіметтен не алыппын? Бұлдағаны көпбалалы анаға беретін 6 мың теңге жәрдемақысы ғой. Керегі жоқ...

Ашына сөйлеген Айгүл булыға жылап сәбиін бауырына басқан күйі сол сәтте аялдамаға келіп тоқтаған автобусқа мініп кетті. Оған жақ ашып, тіл қата алмай маңдайым тасқа тигендей есеңгіреп, аялдамада аяғыммен жер шұқып, қала бердім...

Айгүл Қызылорда облысының тумасы екен. Құдай қосқан қосағы Жарқынмен отасқандарына он жыл болғанда балалардың болашағы үшін ауыз суға зар болған ауылдарын тастап, Астанаға көшіп келіпті. Содан бері де үш-төрт жылдың өрнегі ауыпты. Қала шетіндегі біреудің саяжайын жалға алып, уақытша баспана жасап, Жарқын құрылысқа жұмысқа кіріпті. Төрт баланың киім-кешегін бүтіндеп, енді ес жия бастағанда ауыр қасіретке тап болды. Құрылыста жүрген Жарқын биіктен құлап, мерт болды. Осы кішкентайына аяғы ауыр Айгүл төрт баласын құшақтап, аңырап қалыпты. Жарқынның жаназасын өткеріп, аман-есен аяқ-қолын бауырына жинаған соң шиеттей балаларына көмек сұрап, әлеуметтік мекемелердің табалды­рығын тоздырып жүрген кезі екен.

Бұл ретте мемлекет тарапынан Айгүлге тиесілі екі жәрдемақы түрі бар. Оның біріншісі – асыраушысынан айырылған отбасыларға берілетін жәрдемақы, екіншісі көпбалалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы. Тағдырдың жазуымен қорғансыз қалған Айгүлдің шиеттей балаларына бұл жәрдемақылардың екеуі де бұйырмайтын көрінеді. Жарқын мен Айгүл кезінде мұсыл­ман жолымен некелерін мешітте қидырып, АХАЖ мекемелерінде тіркелмеген екен. Сондықтан Айгүлдің отбасына асырау­шысынан айырылғандығына байланысты тиесілі жәрдемақы берілмейді. Көпбалалы ана ретінде Айгүлге ай сайын 3,9 (АЕК) айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 6428 теңге жәрдемақы берілуі керек. Бірақ Айгүл шиеттей балаларымен біреудің саяжайында тұратындықтан, ешқайда тіркелмеген, қалалық есепке кірмейтіндіктен оған бұл мардымсыз жәрдемақы да берілмейтін болыпты...

«Жалғыз баласы бардың шығар-шықпас жаны бар да, төрт баласы бардың төбеден салған жолы бар, он баласы бардың он жерден алар малы бар», деген аталы сөзді ту еткен қазақ қоғамында көпбалалы аналарға деген қатыгездік қайдан шықты?! Ақша сауған мына арсыз заманның арыны қайтпаса, ашынған аналарды арандатып алуымыз да әбден мүмкін. Арандаған деген сол емес пе, өткен жылы Алматыда үстіне бензин құйып, өзіне-өзі от қойған ана өлімі заманымыздың «адам – қоғам байлығы» деген жалған ұранының күлін көкке ұшырды.

Өткен жылғы мамыр айында Алматы қаласы Алатау ауданының соты «Ұлжан» шағын ауданындағы көпбалалы ана Светлана Тұрғанбаева отбасымен тұратын үйін заңсыз сатып алды деген ұйғарыммен, көпбалалы отбасын өз пәтерлерінен күштеп шығару туралы шешім шығарады. Барлық жиған-тергенін осы баспананы сатып алуға жұмсаған көпбалалы ана адал ақшасына алған үйді босатудан бас тартты. «Шаш ал десе, бас алатын» сот орындаушылары ананың зарына құлақ асқан жоқ. 2012 жылғы 24 мамыр күні сот орындау­шылары құқық қорғау органдары өкілдерін әкеліп, көпбалалы отбасының дүние-мүлкін далаға лақтырып, шырылдаған әйелдер мен балаларды үйден сүйреп шығара бастады. Бұл қорлыққа шыдамай ашынған ана сот орынд ау­шылары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері алдында үстіне бензин құйып, отқа оранды.

Денесін түгел терең күйік шалған көпбалалы ананы жедел жеткен дәрігерлер де аман алып қала алмады. Балаларының бас­панасы үшін мерт болған ана өліміне бір жыл толар-толмастан Алматы қаласы Алатау ауданының соты бұл істі қайта қарап, өз шешімдерін өзгертіп, марқұм Светлана Тұрғанбаеваның үйін балаларына қалдыру туралы шешім шығарды. Көпбалалы отбасын сатып алған үйлерінен күштеп шығару туралы осыдан бір жыл бұрын қабылданған сот әрекеті заңсыз екен. О тоба, Алатау ауданы сотының алғашқы шешімін де, баспананы көпбалалы отбасына қалдыру туралы соңғы шешімді де шығарған аудандық соттың бір судьясы – Өмірзақ Серимов деген көрінеді. Адам тағдырын ойыншық қылған бұл қандай қоғам, көпбалалы ананы өлімге душар еткен бұл қандай заң?!.

Сонда өз елі, өз жерінде – аялы атамекенін­де көпбалалы аналарды көзтүрткі қылып, қоға­мымыздың бір мүшесі ретіндегі жәрдем­­­ақы­сынан қағып, баспаналарынан қуғанымыз қалай?! «Алты ұл тапқан ананы ханым десе бо­лады», деп алтын құрсақ аналарын ханнан артық қадірлеген қазақ едік қой. Енді не кө­рінді? Кешегі зұлмат заман, қан-қасап кезең – ХХ ғасырдың зобалаңдарынан ұлт ретінде жо­йылудың аз-ақ алдында қалған қазақты демо­графиялық трагедиядан құтқарып қалған да қазақтың алтын құрсақ көпбалалы аналары емес пе. Тәуелсіздік алып, төрткүл дү­ниеге танылып, бүгінде бөркін аспанға атып жүр­ген барша қазақтың да, байлыққа бөк­­кен жаңа қазақтың да шыққан тұғыры – өткен ғасырдың екінші жартысында күрт қау­лаған ауылдардағы көпбалалы отбасылар еді ғой. «Құлан да өз қағынан өзі жерімейді». Енде­ше, көпбалалы ананы менсінбейтін, көпбалалы отбасын көзтүрткі еткен билік қайдан шықты?!

Осы күні биік мінберлерден «халық санын өсіру керек, санымыз өспей, мына ұлан-ғайыр даламызға ие бола алмаймыз», деп ұпай жинап, іс жүзінде көпбалалы отбасыларының көбеюіне жасырын қарсылық жасаушылардың қатары көбейіп барады. Жергілікті жерлерде «күндерін көре алмай отырып, бала тапқаннан басқа қолдарынан ештеңе келмейді», деп көпбалалы аналарды немкетті мүсіркеу, тіпті, ашық кінәлау көзқарасы қалыптасқан. «Бір бала тапқан мен он бала тапқанның бейнеті бірдей» немесе «шаңырақта неғұрлым бала көп болса, соғұрлым олардың денсаулығы да, толыққанды азамат болып жетілу дәрежесі де төмен болады», деп өкілетті орындардың мінберлерінде тұрып сәуегейситіндер де табылып жатыр.

Жалған! Бір бала туып, өсірген ардақты ана болса, он бала туып, өсірген – он мәрте ардақ­­­ты ана. Ал көпбалалы әулеттен шыққан бала­­­лардың шымыр да шыныққан, ой-өрісі кең, адамгершілігі жоғары болатындығын өмір­дің өзі әлдеқашан дәлелдеген. Бала тууға шынайы жағдай жасап, халық санының артуына жан-жақты қолдау көрсету мемлекет парызы. Стратегиялық тұрғыда демографиялық дә­йек­темесі жоқ мемлекеттің болашағы да бұлыңғыр.

Еліміздің ертеңі, тәуелсіздігіміздің қорғаны көпбалалы отбасыларына көмек көрсету мәселесіне келгенде, «Үкіметке алақан жаймаңдар, мемлекет сауын сиыр емес қой», деп мемлекет мүддесін қорғағыш «білімпаздар» көбейді. Ау, сонда кімнен қорғамақ? Ана мен баланың аузынан жырып, бюджетін қампитқан үкімет кімге керек? «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» демекші, сол байбаламшылар көпбалалы аналарға бюджеттен берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін біле ме екен? Кейбіреулер айтып жүргендей, «балалардың жәрдемақысымен күнелтіп, жұмыс істемейді» дейтіндей көпбалалы отбасылар шекесі қаншалықты шылқып отыр?

Сонымен, төрт және одан да көп бала тапқан аналарға төртінші, бесінші, т.б. балалары туғанда 50АЕК (80900) теңге көлемінде бір реттік жәрдемақы және 3,9 АЕК (6428 теңге) көлеміндегі ай сайынғы жәрдемақы төленеді. Ал жеті бала тауып, «Алтын алқа», алты бала өсіріп «Күміс алқа» таққан аналарға ай сайынғы жәрдемақы көлемі 3,9 АЕК-тен 6 АЕК-ке дейін (6428 теңгеден 9888 теңгеге дейін) арттырылған. Міне, қазақтың ұлан-ғайыр жомарт даласының қойнауындағы шикізат қазынасымен жарты әлемді асырап отырған мемлекеттің көпбалалы аналарға беретін көмегі осы. Мына жаһандану соғысы шиеленісіп бара жатқан заманда ұлт ретінде сақталып қалу үшін қазақ санын көбейту негізгі стратегиялық мақсаты болып табылатын Үкіметтің көпбалалы отбасыларына жасайтын жан-жақты «қамқорлығы» бұл.

Дамыған елдерде мемлекет тарапынан ана мен балаға берілетін төлемдер Қазақ­­станда берілетін жәрдемақылардан ондаған есе артық. Мәселен, Англияда аяғы ауыр әйелдерге ай сайын 1 мың еуро көлемінде жәрдем­ақы төленсе, Германияда ба