09 Тамыз, 2013

Оралханның тойы

837 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Қаламгердің туған жері оған жан-жақты әзірленуде

«Алтайдың Кербұғысы» атанған даңқты жазушы Оралхан Бөкейдің жетпіс жылдық мерейтойы жақын қалды. Түкпірдегі Шыңғыстай ауылында туып, асқақ Алтайымен мәңгі сырласып өткен сыршыл қаламгердің жүрегі сонау Үндістанның астанасы Делиде тоқтап, мәңгілік мекенін Алматыдан тапса да, оның рухы тегеурінді шығармаларынан ажырамағаны, оқырмандарымен бірге ғұмыр сүретіні анық. Ал Орағаңның орамды ойлары кестеленген кез келген туынды қасиетті Алтайдан алшақ емес. Биыл жазушы туған өлке – Алтай асқарының етегінен орын тепкен Катонқарағай ауданы Оралхан Бөкейдің 70 жасқа толған тойын лайықты деңгейде атап өтпек. Жуырда Төр Алтай төл қаламгерінің тойына тас-түйін әзірленіп жатқанына куә болдық. Осы орайда Катонқарағай аудандық мәслихатының хатшысы Дүйсен Бралиновке мерейтойға дайындық барысы туралы сауалдарымызды қойған едік.

 

Қаламгердің туған жері оған жан-жақты әзірленуде

«Алтайдың Кербұғысы» атанған даңқты жазушы Оралхан Бөкейдің жетпіс жылдық мерейтойы жақын қалды. Түкпірдегі Шыңғыстай ауылында туып, асқақ Алтайымен мәңгі сырласып өткен сыршыл қаламгердің жүрегі сонау Үндістанның астанасы Делиде тоқтап, мәңгілік мекенін Алматыдан тапса да, оның рухы тегеурінді шығармаларынан ажырамағаны, оқырмандарымен бірге ғұмыр сүретіні анық. Ал Орағаңның орамды ойлары кестеленген кез келген туынды қасиетті Алтайдан алшақ емес. Биыл жазушы туған өлке – Алтай асқарының етегінен орын тепкен Катонқарағай ауданы Оралхан Бөкейдің 70 жасқа толған тойын лайықты деңгейде атап өтпек. Жуырда Төр Алтай төл қаламгерінің тойына тас-түйін әзірленіп жатқанына куә болдық. Осы орайда Катонқарағай аудандық мәслихатының хатшысы Дүйсен Бралиновке мерейтойға дайындық барысы туралы сауалдарымызды қойған едік.

– Дүйсен Зағыпранұлы, Ора­ғаң­ның 70 жасқа толу мерейтойы республика көлемінде атап өтілуде. Исі қазаққа, алыс шетелдерге аты мәлім қаламгер тойына дайындық барысы қалай?

– Иә, биыл ауданымыздың ғана емес, мұқым қазақтың мақтанышына айналған Оралхан Бөкейдің туғанына – 70 жыл. Ал жазушының мерейтойы туған жерінде бастау алуы тиіс. Сондықтан, Орағаңның тойы Катонқарағай ауданынан бастау алатыны айтпаса да түсінікті. Осы ретте өткен жылы қараша айында аудан бойынша мерейтойды ұйымдастыру комиссиясы құрылып, жұмыс жос­пары жасалды. Аудан басшылары мен Орағаңа жақын болған қаламгер ағаларымызбен бірге жоспарда көрсетілген жұмыстарды қолға алдық. Ең бірінші, қомақты қаржы керек болды. Өйткені, жазушының 70 жылдығына орай кітап шығару, туған ауылы Шыңғыстайды абаттандыру, қаламгердің мұражайын көркейту және ескерткіш орнату сияқты бірқатар іс-шараларды ойластырған едік. Мұны жүзеге асыру қаржыға тіреледі. Осы себепті Оралхан Бөкей атындағы қоғамдық қор құрылды. Оралғазы Мәуітұлы Қажаев есімді азамат қордың төрағасы болып сайланды. Қордың басшылығымен қалталы азаматтарға жекелеген хаттар жаздық. Тұрақты түрде қордың отырысын өткізіп, атқарылатын жұмыстарды пысықтап тұрамыз.

Оралханның абыройы – ауданы­мыз­дың абыройы. Тиянақты ұйым­дас­тырылған жұмыстардың нәтижесінде ешкім аянып қалған жоқ. Аудан көлеміндегі мекемелердің барлығы қал-қадерінше көмек қолын созып, бір күндік еңбекақыларын аударды. Қорға қажетті қаржының жинақтала бастауы ісімізді ілгері бастырды. Оның ең бірінші жемісі ретінде жуырда ғана жарық көрген «Біздің Оралхан» атты жинақты айтар едік. Аталған кітап Алматыдағы «Орхон» баспасынан мың данамен шықты. Жинаққа Оралхан Бөкейдің 1961 жылдан бастап 1970 жылға дейінгі бұрын-соңды кітаптарына енбеген мақалалары кірді. Өскемендегі Пушкин кітапханасында аудандық «Еңбек туы», облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газеттерінің тігіндісін ақтарып, шаң басқан сөрелерде ұмыт қалған шығармаларын жинадық. Зырян қаласының мұра­ғат­тарында, сондай-ақ, халық арасында сақталған материалдардың барлығын жинастыруға талпындық.

Оралханның өлеңдері де бар екен. Табылған өлеңдер арқылы енді Орағаң­ның ақындық ізденістерін тануға мүмкіндік бар. Жинақтың бірін­ші бөлімін жазушының жинақтарда жа­рияланбаған өлеңдері, әңгімелері және очерктері құр айды. Екінші бөлімге Орағаңның көзін көріп, қолын алған сыныптастары, ауылдастарының естеліктері топтастырылды. Катон­қа­рағай ауданының «Арай» газетінде ересектер мен балалар арасында Оралхан шығармаларына орай бай­қау жарияладық. Байқауға қатыс­қан шығармалардың үздік деп таныл­ғандары жинаққа кірді. Сонымен қатар, Орағаңмен бірге еңбек еткен, жүздескен, әңгімелескен, қаладан кел­ген кезінде жанында бірге жүр­ген адамдар сөз алады. Өткен жы­лы белгілі қаламгерлер Әбіш Кекіл­баев пен Фариза Оңғарсынова Катонқарағайға келіп, қонақ болған еді. Сонда біраз әңгімелер айтылып, Әбіш аға: «Оралханның 70 жылдық мерейтойын қалай өткізесіздер?», – деп сұраған. Кітап шығару туралы жоспарымызды айтқанда, «Олай болса, бұл кітапқа біз де бір үлесімізді қосайық» деп уәде берген болатын. Жинақты даярлау барысында аталған жазушыларға хабарластық. Фариза апамыз Катонқарағайда біраз өлеңдер жазған-ды. Ақынның рұқсаты бойынша осы өлеңдерді қостық. Сол сияқты, жинаққа Әбіш Кекілбаевтің «Орман кезіп, олжалы оралған Оралхан» атты мақаласы енді.

– Орағаңның атында бірқатар мек­тептер, көшелер аталатыны бел­гілі. Кітапқа осы нысандар туралы деректер енді ме?

– Әрине. Оралхан Бөкейдің есімін ұлықтауда осыған дейін атқарылған шараларды да қамтыдық деп ойлаймыз. Жазушының атында қанша көше, мектеп, ескерткіш бар? Қандай кітаптары шықты? Осының бәрін зерделеп, «Есімі мәңгі есте» атты мақала жаздым. Осыған орай суреттер жинадық.

– Бүгінге дейін елімізде Орағаң­ның атына қанша көше берілген екен?

– Біздің қолымызда жазушы құр­ме­ті­не берілген көшенің нақты саны жоқ. Бірақ, көзімізге түскен көшенің барлығын жинаққа енгіздік. Оралханның атына Алматы, Өскемен және Қызылорда қалаларында көше беріліпті. Сондай-ақ, төрт жерде жазушы атындағы мектеп бар екен. Оның бірі – Катонқарағай ауданының Белқарағай ауылында, екіншісі – Глубокое ауданында, үшіншісі – Өс­кемен қаласындағы №44 мектеп. Ал төртіншісі – Ұлан ауданының Ақтау ауылында орналасқан.

– «Біздің Оралхан» жинағының ерекшелігі неде?

– Өздеріңіз білетіндей, Орағаң өз шығармаларында көбіне ауыл адам­дарын суреттеді. Мәселен, осы уақыт­қа дейін ешқайда жарияланбаған «Қош, махаббатым» әңгімесін тап­тық. Мұндағы кейіпкер Балағаз – жазу­шының өзі, Жанна – Роза Қалиева есімді адам. Қазір Қарағандыда тұрады екен. Оның фотосын алғыздық. «Өзі сүйген» атты жақсы әңгімесі бар. Шығармада Алтай – Орынбай Нұралин және оның Күмісайым – Күмісай Нұрсәбитова деген әйелі туралы айтылады. Әйелі қайтыс болған. Кейіпкерлердің суреттерін таптық. «Ел мен жер» эссесіндегі Құмархан Баекин, шаруа шалдың кемпірі Әсипа Баекина, қымызшы апа Айтбала Баекина, «Ұстаз тағылымы» очеркіндегі кейіпкерлер Жуанхан Тоқсанбаев деген мұғалімінің суреттері бар. «Жастық оты» шығармасындағы Нұрахмет Шабатаевты Шымкенттен тауып алдық. «Үлкен жүректі ұстазым менің» атты «Лениншіл жас» газетіне жарияланған очеркіндегі Нина Самойлованы тауып, суретімен қоса естелігін де бердік. «Ақмарал» атты очеркі бұрынғы шыққан кітаптарының бірінде бар екен. Мұны да енгіздік. Онда Нұрзағила Қилыбаева деген кісі жөнінде айтылады. «Жылқышы жігіт­те» – Самаш Әбілқасымов, «Асуда» деген шығармасында жазылған кейіпкер – Мәлік Кітапбаев екенін білеміз. «Қойшы жұлдыз» шығармасындағы Әкпар Нұржақыпов жазушының тағы бір әңгімесіне де кейіпкер бол­ған. «Адамдар неге жылайды?» шығар­масы Тәшөк Нұрсалиев туралы. «Ізде­генін тапты ма?» әңгімесіндегі Дөшен атты кейіпкердің прототипі – Сұл­тан­ғазы Байжумин, Мұхтар – Мұқтар Тұқметов, «Екі жүз грамм энергия» әңгімесіндегі Қиса – Ұлықбек Сәрсенбин, «Күлпәштің ұршығы» әңгімесіндегі Күлпәш – Күләнда Уәлиева, «Сайтан көпірдегі» аяғы үсіп қалатын Аспан шал – Қабылбек Күндебаев, «Тортай мінер ақ боз ат» шығармасындағы Тортай – Нұр­тай Жанболов, «Жесірлер» шығар­ма­сындағы Мағрипа – Мағрипа Иса­ханова, «Жетім ботадағы» Нұқ – Нұқсара Пішенов, «Тау басында қар жатыр» очеркіндегі – Құмарбек Жата­ғанов, «Бес тиын» әңгімесіндегі бес тиынды жоғалтып алатын пошташы – Зарқұмар Оралтаев, «Биғаң» әңгімесіндегі Бимырза Байыров, «Иғаң» әңгімесіндегі Ниғмаш Ибраи­мовтың суреттерін жинастырып, осы кітап бетіне шығардық. Олардың кейбірі өмірден өтіп кетсе, кейбірі ортамызда бар.

Сонымен бірге жазушының әр кезде түскен суреттері енгізілді. Атал­ған кітап Катонқарағай ауданының мек­теп­теріне, кітапханаларына және мерей­тойға қатысушы қонақтарға тараты­лады. Бір айта кетерлігі, рес­публика оқырмандары үшін «Орхо