Аймақтар • 18 Ақпан, 2020

«Көрпе FEST» – ұлттық қолөнердің қолдаушысы

745 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бү­гінгі жаһандану жағ­да­йынд­а ежелгі ұлттық қол­өнері­­­мізді қазіргі заман талап­та­рына сай қайта жаңғыр­ту­дың пайдалы тұстары мол. Бі­рін­шіден, осы арқылы оның екін­ші тынысы ашылмақ. Екін­шіден, мұндай өміршең көз­қарас әйел-аналар мен қыз-келіншектер арасын­дағы жұ­мыссыздық деңгейі­нің азаюы­на септігін тигізе­ді. Үшінші пай­далы тұсы, қолөнерлік кә­­сіп­тің бір тар­мағы – көр­пе-жастықтар ті­гіп, оны әзір тауар түрінде сау­да-сат­тық­қа ­шығару арқылы табыс көз­дерін толықтыру мүм­кіндігі туады.

«Көрпе FEST» – ұлттық қолөнердің қолдаушысы

Елімізде мұндай мақсатты алға қойып, нақты нәтижелерге қол жеткізіп жүрген әлеуметтік құ­ры­­лымдар жоқ емес. Солардың бірі, тіпті бірегейі «Алтын орда» автор­лық дизайн үйінің негізін қалау­шы, әрі оның қазіргі жетекшісі  Ырза Тұрсынзада болып отыр. Ол «Ана­лар аманаты» атты әлеуметтік бағ­дар­ламаның бөлін­бес бір бөлшегі «Көрпе FEST» жобасын жүзеге асыру ісі­нің бел ортасында келеді.

– Біздің басты мақсатымыз – көп балалы және тұрмысы төмен, соның ішінде дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде жүрген әйел­дердің кәсіп ашуына қолдау көрсетіп, тиісті бағыт-бағдар беру. Көрпе-жас­тық тігу ісінде әйел заты­ның ике­мі мен мүмкіндігі жоға­ры екені күн­делікті тұрмыста әлд­е­қашан дә­лел­денген. Олардың бо­йында ежел­ден қа­лып­тасқан осы үр­діс­тің шо­ғын үр­лей білсе, оның нәти­жесі көп ке­шік­­­пей келетініне бәс тігу­­ге бо­ла­ды. Сон­­дықтан біз «Ана­лар аманаты»

жо­­басына сәй­кес ел өңір­лері­­не шығып, тігін және қолданбалы өнер түрлері бо­йын­ша тегін сабақтар мен семинар­лар және шеберлік сабақтары мен көрмелер өткізуді қажет деп таптық. Әрі осы бағдарлама аясында мотивациялық деректі фильмдер көрсетіледі. Бұл бағыттағы кейінгі іс-шарамыз Ақтөбе қаласында өткізілді, – деді бұл жөнінде жоба жетекшісі.

Келесі кезекте ол бұдан төрт жыл бұрын «Алтын орда» ЖШС және «Адамдардың ежелгі жетістіктері» қоғамдық қорының бастамасына сәйкес қолға алынған жоба Ең­бек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрлігі мен бірқатар об­лыстық әкімдіктер тарапынан қол­дау тапқанына тоқталып өтті. Атап айтқанда, көп балалы аналарға және халықтың әлеуметтік осал топ­тарындағы әйелдерге арналған ақы­сыз шеберлік сабақтары бұған де­йін Нұр-Сұлтан мен Алматы қала­ларында және Маңғыстау, Атырау, Қарағанды облыстарында өткізілген.

– Өзіңіз бастаған отандық қолөнер шеберлерінің жоғарыда атал­ған өңірлерден кейінгі сапары Ақтөбеге түсуінің сыры неде? – дедік біз Ырза Тұрсынзадаға.

– Өңірдегі қыз-келіншектер мен аналар біздің жобамызға әлеу­меттік желі арқылы қанық еке­нін жеткізіп еді. Ақтөбеде «Көр­пе FEST» мега фестивалін өт­кізу жөніндегі ой осыдан туды. Жалпы, бұған дейін де Ақтөбеге жолым түскен кезде мұндағы замандас құрбыларымыз бен сіңлілеріміздің қолөнерге деген қызығушылығы жоғары екенін байқағанмын. Оның үстіне облыс басшысы Оңдасын Оразалин мега фестивальды өткізу ісіне қолдау көрсетуге әзір екенін білдірді, – деп Ырза ханым ырзалық таныта жауап қайтарды.

Үш күнге созылған «Көрпе FEST» мега фестивалі кезінде 300-ден астам ақтөбелік әйелдер тігін өнері­нің қыр-сырын тегін үйренуге мүмкіндік алғаны айтуға тұрарлық іс, көңіл қуантарлық жетістік. Сондай-ақ ұлттық қолөнерді қайта жаң­ғыртуға арналған басқосудың жа­былу рәсімі кезінде облыс әкім­дігі атынан 35 көп балалы ана мен тұрмысы төмен отбасындағы ал­тын қазық өкілдеріне 35 тігін ма­ши­насының сыйға тартылуы да аталған жобаны қолдаудың келісті көрінісі болмақ.

Бұған қоса «Алтын орда» автор­лық дизайн үйі де көрпе-жастық тігуге икемі бар нәзік жандарды ын­та­ландыруды назардан тыс қал­дырмады. Сөйтіп оларға ұлттық қолөнер технологиялары бойынша алғашқы кезеңді аяқтағаны жөнін­дегі сертификаттар тапсырылды. Міне, үйренуге тұратын үрдіс деп осыны айтыңыз!

 

АҚТӨБЕ