14 Тамыз, 2013

Ғафу ғибраты

380 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Гафу

Жарықтық Ғафекең, Ғафу Қа­­­йыр­беков адамның бір дүлдүлі еді.

Түр-тұрпаты құлан сияқты болып көрінетін маған.

Аңызға ден қойсақ, Құлагер көкке шапшыған көркем жылқы болмаған. Салбырап, бойын жасырып тұрады екен.

Ғафекең де топқа түсерде шар­шаң­қылау қалыпта елеусіздеу тұратын.

Апырмай, қалай болар екен деп қасына бара қалсам:

– Айналып кетейін, Баяшым менің, арқам бар ғой, топты көргенде дүр ете түсіп, көтеріліп кетемін ғой! – дейтін.

Содан ортаға шығады...

 

Гафу

Жарықтық Ғафекең, Ғафу Қа­­­йыр­беков адамның бір дүлдүлі еді.

Түр-тұрпаты құлан сияқты болып көрінетін маған.

Аңызға ден қойсақ, Құлагер көкке шапшыған көркем жылқы болмаған. Салбырап, бойын жасырып тұрады екен.

Ғафекең де топқа түсерде шар­шаң­қылау қалыпта елеусіздеу тұратын.

Апырмай, қалай болар екен деп қасына бара қалсам:

– Айналып кетейін, Баяшым менің, арқам бар ғой, топты көргенде дүр ете түсіп, көтеріліп кетемін ғой! – дейтін.

Содан ортаға шығады...

Ақ самалдай аңқылдап, ақсұңқардай саңқылдап, ағыла сөйлеп кеткенде жұрт ұйып тыңдайтын.

Шап-шағын тұлғасына біткен неғылған зор дауыс, неғылған мол қуат!

Бір қызығы, таңды таңға ұрып, талмай сөйлесе түбі көрінбейтін терең еді.

Өзін де, өзгені де көтере сөйлейтін биік еді.

Ойлы сөз Ғафекеңе әуеден келіп құйылып жатқандай көрінетін...

Қанша сөйлесе де жұрт жалықпай тыңдап, тағы да айта түссе екен деп, бір рахат күй кешетін.

Қазақтың табиғи шешендігін қадір тұтқан небір зиялы заңғарлардың өзі риясыз көңілмен: «Сөйлесе, Ғафу сөй­лесін!» деп сүйсініп, таңдай қаға тыңдаушы еді.

«Мұндай да адам болады екен-ау, ә!» деп, көргендер бір жасап қалатын.

Негізі, ақын сөзінің түбін ағын сөзі­мен байланыстырады ғалымдар. Шы­нында, ағын су, өмірдің ағыны, энер­гия­­ның ағыны, ғарыштық ағындар деген қандай қызық әрі киелі ұғымдар!

Ағын суда арамдық болмайды деген атам қазақ!

Шалқар ойларды орайын келтіре, шырайын кіргізе шарықтатып, шуақты күлкісі ізгі сезімдерді оятып, кісілік болмысы адамның қашанда адам екендігін еске салып, жанталасқан жалғанда жан жылуын молынан төгіп, жан-жағын жадыратып жүретін еді жарықтық!

1992 жылы Кенесары ханның 190 жылдығында Көкшетауда үлкен жиын болды. Ғафекең дәл сол кезде Бурабайда, «Оқжетпес» шипажайында Бәдеш апаймен бірге демалып жатыр екен. Кенесарының хабары құлағына тиген соң алқалы жиынға келді. Хан демекші, кеңес заманында «Басқаның патшалары бәрі жақсы, Біздің хандар қалайша жаман болған?!», деп өлең жазып, сол үшін біраз дауға қалған Ғафекең, енді тәуелсіз ел болып отырғанда, қалай үндемей қалсын?!

Конференцияға дайындалып келген небір ығай-сығайлар тамаша сөйледі.

Бірақ ең керемет сөзді демалыс үйінен келген Ғафекең айтты: Кенесары қазақтың ең соңғы ханы – одан кейін қазақтың жеке хандығы біржола құлап, отар елге айналған!

Кенесары қазақтың ең бақытсыз ханы – хандығының рахатын көрмей, азабын тартып өткен!

Кенесары қазақтың ең батыр ханы – басқаны қойып, алып империяның өзімен алысқан! – деп, хан тағдыры мен халық тағдырын тарата талдап, тереңнен толғай келіп: «Кенесары – халқының азаттығы үшін құрбан болған қазақтың ең сүйікті ханы! Әйтпесе, осы күні қай бастық халық үшін басын беріп жатыр?! – деп президиумға бір қарап қойып, ағыла берген...

Біржан салдың 160 жылдығына арналған әншілер фестивалінде, 1994 жылы Степняк қаласында, Ғафекең тағы да «Оқжетпестен» келіп, қазақтың әнші-ақындық, сал-серілік дәстүрі туралы ой ұшқындарын жарқырата шашып еді. Даңқты әнші-композитор-ақындарды әспеттей келіп: «Біржан сал – солардың бәрінің ұстазы, әкесі!» деп, бір-ақ түйген...

Жезқазғанға бір шығармашылық сапармен барғанымда ақын, тарих зерт­теушісі Қуаныш Ахметов екеумізді ақын ағамыз Сайлаухан Нәкенов қонаққа ша­қырды. Дастарқан басында сөзден-сөз шығып, Сайлаухан аға бір әңгіме айтты.

– Бір жолы Алматыда бір топ ақын – Мұқағали, Шәміл, Сағи, тағы біраз ақындар бар, бәріміз Көктөбеге барып, думандатып отырдық. Дастарқан басында Ғафекең ағылып, жалғыз өзі сөйледі. Біраздан соң бір шаруалары болып, ертерек кетіп қалды. Содан кейін ғана басқалары сөйлей бастады. «Ғафудың алапасы артық қой!» – деді Мұқағали. Аруағы күшті дегені ғой! – деп Сәкең бір сәт үнсіз қалды...

Шынында да, жарық