Абай • 25 Ақпан, 2020

«Құтты қонақ» – Біржан елінде

437 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы Мәлік Ғабдуллин музейінің ұжымы ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Құтты қонақ» жобасы аясында Біржан сал ауданында болды.

«Құтты қонақ» – Біржан елінде

 

Аудан аумағына кіре бер­генде қолдарына бүркіт қондырған, соңдарына та­зы ерткен саятшы топ ке­зікті. Жарау тазылар жыл­маң қағады, қалың бұта кө­­легейлеп көмкерген қой­тас­тардың астынан өрттей лау­лап, сылаң етіп қызыл түлкі шыға келетіндей. Саят­шылар да көздері жетер төңіректі жіті шолып, аң жү­­реді-ау деген тұстарды қа­­ғып келеді.

Ақ қардың үстінде айғыз-айғыз аң ізі сайрап жатыр. Мына бір тұстан орғып қоян өтіпті, әне бір жерде қар­сақ­тың ізі сайрап жатыр. Ат­қа қонған азаматтардың кө­ңілі көтеріңкі, таңғы ты­мық ауаның шілтерін сер­піп кеукеулесіп келеді. Аң­шылық қызық бір дәурен!

Үлгі ауылының тұсында асыға жортып келе жатқан ықшам киінген салт атты ке­зікті. Әуелі амандық-сау­лық сұрасқан. Қазақ мұн­дайда «қайда барасың?» деп сұрамайды, «жол болсын!» дейді. Салт атты жі­гіт аңшылар тобына қо­сыл­ғалы асығып бара жатыр екен. Мән-жайды білген соң ат тізгінін іркіп, Абай ха­кім­нің «Қансонарда бүр­кітші шығады аңға» өлеңін оқы­ған. Ақ көрпесіне қым­­тап оранған адырлы далада ақын сөзімен салған сурет қайта бір жаңғырып тұрғандай.

Музей қызметкерлері аудан азаматтарымен бірге Бір­жан сал бейітіне барып, мі­нәжат етті. Көкше бау­райындағы қалың елді Абай жұртымен байланыстыратын да осы Біржан сал. Әдейі іздеп барып Абай хакімнің үйінде қонақ болған. Түп­сіз терең ғибратына бой­лаған, мөлдір жылғадан су­сындаған. Қазақ әнінің па­дишасы «ақыл қазығына» ат басын тіреп, алты ай жат­­са керек. Текті мен тек­ті кездессе, тегін әңгіме ай­­тыла ма? Ұлт мұратын ұлықтауды, жалпақ жұрттың уы­сын жақсылыққа жеткізер жолды қаузаған.

Степняк қаласындағы Абай атындағы мектепте шағын әдеби кеш өтті. Ән­шейін Абай өлеңдерін сы­дырта жаттау емес, әр сө­зінің астарындағы атан  тү­йеге жүк болар мағына-маз­мұнды талдады. Жас са­наға жеткізе, сүйектеріне сіңіріп. Аудандық  мәдениет үйінде «Абай даналығы сал-серілер мекенінде» ат­ты әдеби-танымдық кеш өт­­кізілді. Алдымен аудан көр­­кемөнерпаздарының бар мүмкіндігін сарқа жұм­сап дайындаған Абай мен Біржанның кездесуін бей­нелейтін пролог ұсынылды.  Қос алыптың кескіндері ға­на емес, ішкі әлемдегі ұлтым деп соққан серпінді сезім шырғасы да жүрек лү­­пілдетіп көркем көрініс тап­ты. Біржан салдың ұр­пағы, аудан әкімі Ермек Нұ­ғыманов кестеленген көр­кем сөзбен тылсым тарих қойнауындағы тамаша бір мезетті шақты баяндап шық­ты. Жалаң сөз емес, әр пікірін ғибраты ғаламат ақын өлеңімен шегелеп. Кейінгіге – мұра, ұрпаққа  өнеге мәңгілік мұраның мәйегі ұғы­нықты тілмен әсерлі баян­далған кезде құ­лақтан кіріп, бойды алады екен. Әнші бабасының Тобықтыға сапары толық тарқатылды. Содан соң аудан әкімі Мә­лік Ғабдуллин музейінің ди­ректоры, бел­­гілі ақын Құдай­бер­лі Мырзабекті ор­таға ша­қыр­ды. Сахна тө­рінде ақын әкімге қолқа салды. Қол­қасы Абай өлеңдерін жатқа оқу. Әкім кідірген жоқ, нә­шіне келтіріп, жи­нал­­ған жұрттың жанын жақ­сы­лықпен жалаулататын өлеңнің толқын-толқын ыр­­ғағына берілді. Әкім бас­таған өлеңді мектеп оқу­шы­лары жалғап әкетті. Аға буын бастаған аталы сөз жас­­тық отымен лаулап, жал­­ғасып жатты.

Кеш барысында Абай әндері орындалды, өлең­дері оқылды. Ғибратты маз­мұны жіліктей жіктеліп, тар­қатылып айтылды. Біржан еліне құтты қонақ келгендей болды осы күн.

 

Ақмола облысы,

Біржан сал ауданы