17 Тамыз, 2013

Құрылыс барысымен танысты

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Премьер-Минис­тр Серік Ахметов Есіл өзені арқылы өтетін кі­ші айналма жолдың батыс жағындағы жарты­лай айналма бөлігі құры­лы­сының барысымен таныс­ты. Мемлекет бас­шы­­сының тапсырмасы­ бойынша атқарылып жат­қан жобаны жүзеге асы­рудың барысы туралы Аста­на қаласының әкімі И.Тас­мағамбетов баяндады.

Кіші айналма жолдың жалпы ұзындығы – 35 км., оның өткізу мүмкіндігі тәулігіне 90 мың көлікті құрайды.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы Астана қаласында 2012-2020 жылдарға арналған апатты жағдайдағы үйлерді бұзу бойынша қанатқақты жобаның орындалу барысымен танысып, «Елорда Даму» ЖШС нысандарын аралап көрді. С.Ахметов нысандарды аралау қорытындысы бойынша тиісті министрліктер басшылары мен Астана қаласы әкімдігіне қажетті тапсырмалар берді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.