17 Тамыз, 2013

Жапан даладағы жаңғырық

386 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

DSC 0144Барша жаратылыс­ сияқ­тылы көмірдің де көмір­ден өзгешелігі бары белгілі. Мәсе­лен, Қарағанды мен Екібастұз кө­мірінің айырмашылығы аз болмаса, Шұбаркөлдегі түрінің де өзіндік сипаты жоқ емес. Оның негізгі ерекшелігі, күлділігі өте төмен, яғни салыс­тырмалы тұрғыда айтқанда, жылдам жанатын көмір саналады. Сондықтан кейде «қатты мұнай» деп те аталып қалады. Кезінде академик Евней Букетовтің оны сұйық отынға да айналдыруға болатындығына із салғандығы мәлім.

 

Президент тапсырмасы қалай орындалуда?

«Біз ресурстарды экономикалық өсуді, ауқымды сыртқы саяси және сыртқы экономикалық уағдаластықтарды қамтамасыз ету үшін Қазақстанның маңызды стратегиялық артықшылығы ретінде пайдалануға тиіспіз».

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

(«Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің

жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан).

DSC 0144

ЖАПАН ДАЛАДАҒЫ ЖАҢҒЫРЫҚ

Барша жаратылыс­ сияқ­тылы көмірдің де көмір­ден өзгешелігі бары белгілі. Мәсе­лен, Қарағанды мен Екібастұз кө­мірінің айырмашылығы аз болмаса, Шұбаркөлдегі түрінің де өзіндік сипаты жоқ емес. Оның негізгі ерекшелігі, күлділігі өте төмен, яғни салыс­тырмалы тұрғыда айтқанда, жылдам жанатын көмір саналады. Сондықтан кейде «қатты мұнай» деп те аталып қалады. Кезінде академик Евней Букетовтің оны сұйық отынға да айналдыруға болатындығына із салғандығы мәлім.

Нұра мен Ұлытаудың ара­лығындағы сайын дала төс­кейіндегі аталған кеніште ашық әдіспен өндірілетін қазынаға қа­зір сұраныс өсіп отыр.

Өйткені, қай жағынан да пайдалы екені қызықтырады. Ол тек энергетика емес, сонымен бірге, металлургияға жарамды болуымен тұтынушыларға тартымды.

Мысал үшін, Павлодар алюминий зауытының мамандары глинозем алу технологиясында қолданса, Ақсу ферроқорытпашылары кокс ретінде пайдаланады. 2008 жылға дейін қыртысы аршылған бетте бірден вагондарға артылып, жан-жаққа жөнелтіліп жататын байлықтың жаңа қырларын ұқсата білу назарға алынды. Кеніштегі іске бас-көз ENRC компаниясының кокс өндіретін зауыт құрылысына инвестиция салуы арқасында қияндағы өндіріс мейлінше өзгерді. Бүгінде Шұбаркөлдің өзінде жылына 210-220 мың тонна көлемінде өндірілетін кокс Қазақстан, Ресей металлургтеріне жіберіліп тұрады. Бұған дейін сырттан әкелінетін оны қазақстандық тұтынушылар арзандау бағаға сатып алуына мүмкіндік кеңейтті.

Осында бұрыннан еңбек етушілер жалпы алғанда жұмысты ұйымдастыруда жаңалықтар көптігін біледі. Соның тағы бірін айтқанда, көмірді кезіндегідей көсіп ала беру доғарылды деуге болады. Енді сұрыптап алу технологиясы қолданылады. Бұл отындық заттың күлділігі 5 пайыз мөлшерінен аспауына жағдай жасады. Мұндай жоғары сапалы өнімге әсіресе, еуропалық тұтынушылар тарапынан тапсырыс көп. Бұған өндірілген көмірдің әр 4-ші тоннасы кәрі құрылыққа жіберілуі айғақ. Онша түтін көтерілмейтін, қоршаған ортаға залалсыз отын экологиялық тазалық үшін өте өтімді. Олардың ғана емес, сондай-ақ , ішкі рынок сұранысы, талап-тілегі назарда ұсталады. Мысалы, көмірдің 40 пайызы елдің коммуналдық шаруашылық рыногына жіберіледі. Оның ұсақ түрінен гөрі қызуы ұзағырақ сақталатын түйіршекті, кесек-кесек бөліктері өтімді болуына байланысты 3 іріктеу кешені салынды. Ірі сортты осындай отын ауылдық жерлерге өте қолайлы болып отыр.

Міне, осылайша Шұбаркөл көміріне тапсырыс жылдан-жылға өсуі өндіру көлемін мүмкіндігінше арттыруға итермелеу үстінде. Биыл бастапқыда 8,6 миллион тоннасы шығарылуы жоспарланса, бұл күнде мұны 9,2 миллион тоннаға жеткізуге күш салынып жатыр. Алдағы жылы 10 миллион тоннаға көтерілсе, 2020 жылы 20 миллион тоннаға дейін шырқату көзделеді. Сөйтіп, осынау қазына игерілуінің әуел басында-ақ жобаланған межені игеру ақыры іске аспақ. Өтпелі кезеңнің қиындығына тап келген, өндіріс пен еңбекті мүлдем жаңаша ұйымдастыруға тура келген, сыртқы рынокта көмір сияқты шикізаттың аса бәсекелестігінде танылуға барынша күш салынған бұл жылдар кәсіпорынға оңай соқпады. Көмек-қолдаусыз қалған алыстағы кеніш қазынасын игілікке жарату қолға алынған уақытта 800 мың тоннасы ғана өндіріліп, бұл көлем жетістік тұтылған жеңі