18 Тамыз, 2013

Ғашығыңмен лашықта тұрсаң да – ұжмақ

467 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Съемки фильма Шалаш

 

Қазіргі күндері Оңтүстіктегі Қазығұрт тауының етегінде түсірілімі жасалып жатқан фильмнің айтпағы осы. Картина «Шалаш» деп аталады. Қазақша «Лашық» деп алсақ, болатын шығар.

Лентаны «DS фильм» киностудиясы мен «Аманат» продюсерлік орталығы түсіріп жатыр. Оның басты рөлдерінде Қырғыз өнер институтының студенті Зинат Қыдырманова мен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Алмат Есім ойнайды.

«Біз фильмде ауылдың тіршілігін ешбір боямасыз көрсетуге ұмтылдық, - дейді фильмнің сценарисі әрі режиссері Кенжебек Шайқақов. - Қазығұрт - өте бір көрікті өңір. Сондықтан түсірілімді осында жасағанды жөн көрдік. Оқиғаның негізіне өмірде нақтылы болған оқиға алынған. Бір жас жігіт ауылдасының тауығын ұрлап, шартты түрде сотталады. Осылай масқараға ұшырағанына төзбеген ол сосын тау басындағы шекара маңындағы қырғыз айылына қашып кетеді. Сонда барып, шаруашылықтың малын бағады. Бір күні осында бір қызбен танысып қалады. Екеуінің ортасынан от ұшқындап, ақыры үлкен махаббатқа айналады. Ғашықтар күндердің күнінде айыл шетінен лашық салып алып, бірге тұрып жатады. Олар өздерін соның өзінде жер бетіндеге ең бақытты адамдар сезінеді».

Фильмнің сценариі осыдан үші жыл бұрын «Қазақфильм» кинокомпаниясы жариялаған конкурста озып шыққан көрінеді. Оған жазушы Дулат Исабеков, режиссер Сатыбалды Нарымбетов сынды тұлғалар жақсы баға беріпті.

«Біз енді көрерменнің де жақсы бағасын аламыз деген үміттеміз», дейді режиссер.

Мұрат Айтқожа.