Аймақтар • 08 Наурыз, 2020

Павлодар облысының әкімі көпбалалы отбасыларды марапаттады

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов көп балалы аналарды 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Павлодар облысының әкімі көпбалалы отбасыларды марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен марапатталған аналарға «Күміс алқа» және «Алтын алқа» белгілерін тапсырды.

Мерекелік кездесуге өңірдегі ауыл-қалада тұратын  18 көп балалы ана келді. Бұл күндері өңірде 12 мыңнан астам көп балалы отбасы тұрады.

Қуанышты кездесуде Күланар Жақсылықова, Шолпан Құрманалиева, Тәттігүл Тасқарановаға «Алтын алқа» белгілері тапсырылды.

Ал отағасымен бірге 6 бала тәрбиелеп отырған Ертіс ауданынан келген Светлана Васюкевич ұл-қыздарының құттықтау хаттар жазып, өздері қағаздан гүлдер жасап, сыйға тартатынын айтты.

- Мен үшін ең басты сыйлық – балаларымның құттықтауы, - дейді ана.

Сонымен бірге «Күміс алқа» белгісі Шолпан Абрарова, Динара Асылғазы, Ауған Айытжан, Жібек Ахметова, Нағира Байзақова, Айнаш Қалиева, Бақытгүл Қапасова, Айнагүл Көшкінбаева, Айнаш Көшербаева, Нұржанова Айгүл, Нұрханова Сәнитас, Өмей Күміс, Паначухиди Елизавета, Смағұлова Назигүл және Ақмарал Шаншароваларға берілді.

Бақытгүл Қапасова С. Торайғыров атындағы университеттің оқытушысы, профессор. 

Нәзигүл Смағұлова облыс әкімі аппаратының  инспекторы.

Қос ана қызметпен қатар ұл-қыздарын тәрбиелеп, отбасы ортасында отағасыларымен бірге бақытты өмір сүруде.

– Сіздер еліміздің жас ұрпағын тәрбиелеп, ұл-қыздарыңыздың бақыты үшін, бақуаттылығы жолында еңбек етіп келесіздер. Біз, ер азаматтар, сіздерге отбасындағы қамқорлық, жарқын болашақ құрудағы еңбектеріңіз үшін қарыздармыз. Сіздерге мықты денсаулық, тамаша көңіл-күй, өмірлеріңізде жарқын сәттердің көп болуын тілеймін, - деді облыс әкімі.

 

Павлодар облысы

Суретті  түсірген: Валерий Бугаев