21 Тамыз, 2013

Бәсі биіктеген бизнес

272 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

 

Қазір Қостанайда «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие алушылар саны артты. Осы бағдарламаның дұрыстығына кәсіпкерлердің, бизнес ауылына енді келіп, өз бағын сынап көріп отырғандардың көзі әбден жеткен. Жалқаулық желкесінен тартпаған адамға жұмыс көп. Әсіресе, істің ыңғайын біліп, көзін табатын жандарға қолтықтан демеп жіберетін қаржы болса, іс дөңнен төмен сырғыған доңғалақтай жүріп кетеді.

Қазір Қостанайда «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие алушылар саны артты. Осы бағдарламаның дұрыстығына кәсіпкерлердің, бизнес ауылына енді келіп, өз бағын сынап көріп отырғандардың көзі әбден жеткен. Жалқаулық желкесінен тартпаған адамға жұмыс көп. Әсіресе, істің ыңғайын біліп, көзін табатын жандарға қолтықтан демеп жіберетін қаржы болса, іс дөңнен төмен сырғыған доңғалақтай жүріп кетеді.

«Аруана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін ұйымдастырған жігіттер бидайдан ұн тартуды мақсат еткен болатын. Кәсіпорын директоры Сайлаубек Әлішевке бұл оңай шағыла салатын жаңғақ еместігі бесенеден белгілі еді. Себебі, ұн сапалы шығу үшін бұрынғыдай емес, заманауи техникасы, технологиясы бар диірмен қажет. Бұрнағырақта Қостанайда қадам басқан сайын шағын диірмендер көбейген еді. Олардың барлығы да қолға түскен бидайды диірменге жумай салады. Одан шыққан ұннан пісірілген нан сақтауға келмей, екі күнде арасы жидіп кететін де, санитарлық дәрігерлердің шуы басылмайтын. Енді «Аруана» кәсіпорны шығарған ұнның сапасы мұның барлығына тосқауыл қойды. Сайлаубек Әлішевтің диірменінде әу баста 35 адам жұмыс істейтін. Ол «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша алған 200 миллион теңге несиеге сапалы ұн шығаратын шетелдік заманауи техника алған соң, кәсіпорынның қуаты артты да, қазір 70 адамға жұмыс беріп отыр. Қазір диірмен тәулігіне 300 тонна ұн тартады.

– «Ас атасы – нан» дейді ғой. Ұн ішкі нарықта жақсы өтеді. Сонымен қатар Тәжікстанға, Өзбекстанға, Қыр­ғызстанға ұн артамыз. Біздің ұнның сапасы өнімнің қай нарықта да өтімділігін қамтамасыз етеді. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының арқасында кәсібіміз жақсы жүріп кетті. Енді бидай сақтайтын элеватор құрылысы да осы бағдарлама бойынша бөлінген қаржыға жүргізілуде, – дейді «Аруана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Сайлаубек Әлішев.

Қазір Қостанайда Сайлаубек сияқты осы бағдарламаға сүйенетіндер саны күрт артқан. 2010 жылы біз сөз етіп отырған бағдарлама бойынша қаржы игерілмей қалған болатын. Ол кезде кәсіпкерлер оны түсініп, естіп үлгере алмағандай еді. Енді көптеген кәсіпкерлер өз ісінің алға жылжуына нақ осы бағдарлама қаржысы мұрындық болатынына сенімді. Қаржы сұрағандардың тым көптігіне байланысты кәсіпкерліктің кейбір бағыттары бойынша өтініштер қабылдау тоқтатылды.

Бүгінде өз ісін ашқысы келетіндер көп. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы кәсіпкерлік жолға түскеннің бірі Ғабит Шожанов. Ізденсе, ықылас болса тығырықтан жол табуға, мүмкіндік жасауға болады екен. Ғабит өткен жылы осы бағдарлама арқылы бір миллион теңге грантқа қол жеткізген болатын. Оның бизнес жос­пары сарапшыларға ұнады. Жаз айларында қалада да, далада да құрылыс қызу жүріп жатыр. Ал құрылысқа материалдың барлығы да керек. Ол жылу жібермейтін көбік жасауды қолға алып көргісі келген. Ізденіп еді, қолдан келеді екен.

– Бағытымның дұрыс екеніне көзім жетті. Қазір жұмыс көлемі аса көп деп айта алмаймын, жеке құрылыстарға, кот­тедждер мен шағын үй салғандарға қызмет көрсетіп жүрміз. Алдағы уақытта қар­жы болса жұмыс ауқымын міндетті түр­де кеңейтеміз, – дейді «Шожанов» кә­сіп­орнының директоры Ғабит Шожа­нов.

Ол енді мемлекеттік сатып алуға қа­­тысқалы отыр. Биыл тек Ғабит қана емес, гранттық қаржыландыру үшін қостанайлықтарға 105 миллион тең­ге берілді. Тағы да қаралып жат­қан өтініштер саны да аз емес, бірақ қар­жыны беру шартына өзгерістер енгізілді.

– Бұрын гранттық қаржыландыруда да, несие беруде де ешқандай шектеу­лер болмайтын. Дегенмен, мемлекет қазынасы сауын сиыр емес қой, берген қаржының қайтарымы болуы тиіс. Осыған байланысты енді тиімді бағыттар ғана таңдалады. Мысалы, сау­да саласына бұл бағдарлама бойынша жеңілдік несие берілмейтін болды. Бизнес жоспары с