Өркениетті елдерде аңшылық шаруашылығы әлдеқашан жолға қойылған. Айталық аңшылық туризм көркейген Канадада осы саладан жылма-жыл 12 млрд доллар табыс түсіп, соның 6 млрд доллары мемлекет қазынасына құйылады. Бұл сегмент арқылы «үйеңкі жапырақты» елде 30 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, табысын еселеп жүр.

Ауылды дамытудың жолы
АҚШ-та бұл саладағы жылдық кіріс айналымы – 110-115 млрд доллар. Өкінішке қарай, Қазақстанда бұл сала кенже қалған. Отандық аңшылар олжалы болмақ түгілі, әкімшілік кедергілерден аттап баса алмай жүргендеріне қапалы. Бұл кәсіпті қолға алмайынша, қазақ жеріндегі аң-құстар Қызыл кітаптың тізімін толықтыра береді, дейді салалық қауымдастық өкілдері. Оған браконьерлердің аң-құсты қынадай қыруы дәлел.
Аңшылық өнер қазаққа жат емес. Ат баптап, тазы жүгіртіп, құс салған халық үшін аңшылықтың мәні зор. Бұл адам мен табиғаттың үндестікте ғұмыр кешуінің айрықша формасы. Осы арқылы көшпенділер тіршілікке қажетін тауып, жауынгерлікке машықтанған. Алайда бүгінгі аңшылықта оның ізі де қалмағандай. Осыдан 10-15 жыл бұрын еліміздің жануарлар әлемі алуан түрлі аң-құстармен ерекшеленетін. Қазақстан табиғатының қайталанбас көркінің бір сыры осында жатқан еді. Бірақ ақша табудың жолы осы екен деп браконьерлер бағалы аңдарды бірінен соң бірін қыра бастады. Өкініштісі сол, қазір браконьерлікпен күрес табиғат сақшыларының басты проблемасына айналды.
Аталған мәселеден шығудың амалы ретінде мемлекет кезінде жекеменшік аңшылық шаруашылықтарды дамытуды қолға алған-ды. Осылайша қорғалатын табиғи аумақтардың қауіпсіздігін қамту қарекетіне көшті.
«Бұл сала маған жақсы таныс. Өйткені қарапайым аңшылықтан бастап, аң-құс шаруашылығымен тығыз айналысқан адаммын. Қазақ халқының өмірінде аңшылықтың алар орны бөлек. Неге десеңіз, біздің бабаларымыз аңшылықты биік өнер деңгейіне көтерді. Сайысқа түсіп, ұлттық мейрамдарды атап өткен. Қазір мемлекеттің үлкен аумақты үздіксіз күзетіп отыруы мүмкін емес жұмыс. Сондықтан жеке аңшылық шаруашылығын дамыту туралы шешім қабылданды. Егер еуропалық тәжірибеге сүйенетін болсақ, жабайы аң-құсты өсіруді миллиардтаған доллар табыс әкелетін туризмнің жеке тармағы ретінде қарастыру керек. Осы арқылы жабайы жануарлардың ет өндірісін дамытып, браконьерлікті қысқартуға болады. Қазақстанда шекті лимит жылына 10-100 бұғыны құраса, Канада,Чехия және Жаңа Зеландияда бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары. Ең бастысы, аңшылық шаруашылық ауылдарда жұмыс орындарын құруға жол ашады. Өздеріңіз білетіндей, бүгінде Қазақстанда көптеген ауыл жойылудың аз-ақ алдында тұр. Жұмыссыздық белең алды, көшіп жатқан халықта есеп жоқ. Қазір урбандалу үрдісі қарқынды жүріп жатыр. Бұл Қазақстан үшін қауіпті құбылыс. Мәселен, ірі қалаларда онсыз да жұмыссыз жүргендердің қатары аз емес. Оның үстіне ауыл халқы қосылып, жағдайды қиындатуда. Бүгінгі таңда қаладағы күзетшілер, такси жүргізушілері, тұтастай алғанда қызмет көрсету саласында еңбек етіп жүргендердің басым бөлігі ауылдан көшіп келгендер. Олардың 70 пайызы несие алып күнелтіп жүргені баршаға мәлім. Сондықтан ауылда аңшылық кәсіпті дамыту орынды болар еді», деген ойымен бөлісті ұзақ жылдар аңшылық шаруашылығымен айналысқан Ұлттық ғылым академиясының академигі Серікбек Дәукей.
Заңды жетілдіру керек
«Қансонар» аңшылар қоғамдық бірлестігі Қостанай өңіріндегі өкілдігінің жетекшісі Анатолий Коваленконың пікірінше, мәселенің мәнісі заңдық норманың шикілігінде жатса керек. Елімізде аңшылық шаруашылықты жүргізуге байланысты Үкімет бекіткен арнайы қаулы бар. Соған сәйкес, кез келген аңшылық шаруашылық субъектісінде өзіне тиесілі аумағының көлеміне, сондай-ақ санатына қарай қорықшылар болуы тиіс. Гәптің бәрі осында дейді кәнігі аңшы. Мысалы, бүгінде Қостанай өңірінде 22 табиғат пайдаланушы болса, аталған аймақта ресми бекітілген қорықшы саны – 452. Шартты түрде олардың жалақысын 60 мың теңгеге бағаласақ, бір айда – 26 млн теңге, ал жылына 300 млн теңгеден аса қаражат жұмсалады. Оның үстіне техника және басқа да керек-жарақты есепке алғанда, тек бір жылдың өзінде қорықшыларды қамтамасыз етуге жарты млрд теңгеден аса қаражат қажет. Бұл ақылға қонымсыз дейді теріскейдің тұрғыны. Себебі табиғат пайдаланушыларында мұндай көлемді ақша жоқ. Алайда шаруашылық иелері осы талапқа көнуге мәжбүр. Барлық кілтипан осы бұйрықта жатыр деген бірлестік жетекшісі оны қайта қарастырған жөн деп есептейді.
– Қостанай аймағында аңшылық шаруашылықты жүргізуге 16 млн гектар жер телімі қарастырылған. Осы аумақтың қауіпсіздігін қамту үшін 452 қорықшы керек. Бұл парадокс. Неге? Қорықшы белгіленген 8 сағатында жұмыс істеп шығады. Ал браконьерлер тәулік бойы жүреді. Сондықтан бұл талап браконьерлікті ауыздықтауға көмектеседі дегенге сену қиын. Осы ретте басқа тетіктерді ойластырған дұрыс. Көршілес Ресей елін алып қарайық. Ол жақтағы аңшылық шаруашылықтар қанша қорықшы қажет болса, сонша ұстайды. Бұл орайда аңшылыққа қатысты барлық мәселені салалық шаруашылықтарға берген тиімді. Яғни, жергілікті өзін өзі басқару функциясын енгізген артық болмайды, – деді А.Коваленко.
Жоғарыда айтылған уәжді тиісті ведомство да жоққа шығармайды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Асхат Қайнарбековтің сөзіне сүйенсек, жылдан-жылға аңшылықтан түсетін табыс азайып келеді. Шаруаның шатқаяқтауына қаражат жетіспеушілігі мен заңнамалық тетіктің әлсіздігі себеп екенін алға тартты комитет төрағасы.
– Қазір елімізде 860-тан астам аңшылық шаруашылық бар. 2019 жылы оларды дамытуға 3 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Былтыр аң аулау маусымында республика бойынша 187 мың аңшы тіркелді. Оның ішінде 429 аңшы шетелдік. Қордаланған мәселелерді шешу бойынша және жалпы аңшылық шаруашылығын дамыту мақсатында қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, осы саланың стратегиясы әзірленуде. Аталған құжат биыл мамырға дейін дайындалып, бекітіледі деп жоспарланып отыр. Келер айдың ортасында оның жобасы аңшылық қауымдастықтарға ұсынылады, – деді ведомство басшысы.
Қалдық қағидасы мен қаржыландыру – аңшылық кәсіптегі сеңнің қозғалмауына тағы бір себеп. Бұл Парламент депутаттарының пікірі. Мәжіліс депутаты Роман Ким ауыл шаруашылығына субсидия ретінде 300 млрд-тан астам теңге бөлінсе, соның 10 пайызын аңшылық және орман шаруашылығына беруге ұсыныс жасады. Еуропаны мысалға келтірген депутат, кәрі құрлықта тек аңшылықтың өзінде мал шаруашылығымен пара-пар ет өндірісі жолға қойылғанын айтты. Мәселен, елімізде 200 мың тонна құс етінің тең жартысы импортқа тиесілі. Ал бұл олқылықтың орнын қырғауыл сынды дала құстарын өсіру арқылы толтыруға болар еді. Міне, осындай мәселелер аңшылық қожалықтардың рөлін арттыра түседі.
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:27
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Бүгін, 14:26
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • Бүгін, 13:14
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:56
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:53
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • Бүгін, 12:15
Экономика • Бүгін, 11:45
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 11:04
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар