21 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы №162

256 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2013 жылғы 11 наурыз,    Астана қаласы

Қазақстан Республикасының  жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы

«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының  автомобиль жолдары бойынша қозғалуға арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілетін параметрлерінің 16-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында автокөлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының өтуіне бақылауды, сондай-ақ  енгізіліп жатқан шектеулер есебімен  ауыр салмақты автокөлік құралдарының  жүріп өтуіне арнайы рұқсат  беруді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (З.С. Сағынов):  
1) Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары пайдаланушыларының назарына, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы  көктемгі кезеңде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы  мәліметті жеткізуді;
2) Қазақстан Республикасының  жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында  енгізілетін шектеулерге сәйкес тиісті уақытша жол белгілерін орнатуды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуын қамтамасыз етсін.
4)  бұйрықты  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде  мемлекеттік  тіркегеннен кейін  ресми түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-қоры мен ПБМҚ орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Р.В. Склярға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр     А.ЖҰМАҒАЛИЕВ.

 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің
 2013 жылғы 11 наурыздағы   №162 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру

1. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру (бұдан әрі – қозғалысты ұйымдастыру) қозғалысты ұйымдастырудың 1-қосымшасында көрсетілген жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесіне сәйкес ұйымдастырылады.
Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру кезінде қозғалысты ұйымдастырудың 2-қосымшасына сәйкес IV жол-климаттық аймаққа – тиісті жылдың 23 наурызынан 1 мамыр аралығында, V жол-климаттық аймаққа - тиісті жылдың 1 наурызынан 1 сәуір аралығында уақытша қозғалысты шектеудің жыл сайынғы әрекеттерінің мерзімдеріне сәйкес жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізіледі.
Шектеулер келесі автокөлік құралдарына таратылмайды:
1) халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын;
2) төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларын жүзеге асыратын;
3) зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек көрсетуді жүзеге асыратын;
4) азық-түліктерді тасымалдауды жүзеге асыратын;
5) жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын;
6) дәрі-дәрмектерді тасымалдауды жүзеге асыратын;
7) қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымдарға берілген учаскелердегі қолданыстағы жамылғы бойынша жол-құрылыс жұмыстарына тартылған.
 2. Қозғалысты ұйымдастырудың 3-қосымшасында көрсеті