22 Тамыз, 2013

Шағын мектептер мәселесі өткір тұр

326 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Өзге де өзекті проблемалар бірлесіп, жеделдетіп шешуді қажет етеді

Шыны керек, тамыз конференция­сы көбіне қол жеткен жетістіктерге құрылып, оның соңы үздіктер мен озаттарды марапаттау секілді көтеріңкі көңіл-күймен аяқталып жататын. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруді басты мұрат тұтқан ұстаздар қауымының бұл жолғы басты жиынында даңғаза сөздерден гөрі сыни пікірлердің көбірек айтылып, басты назардың жедел шешімін табатын жайттарға аударылуы құптауға тұрарлық.

Өзге де өзекті проблемалар бірлесіп, жеделдетіп шешуді қажет етеді

Шыны керек, тамыз конференция­сы көбіне қол жеткен жетістіктерге құрылып, оның соңы үздіктер мен озаттарды марапаттау секілді көтеріңкі көңіл-күймен аяқталып жататын. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруді басты мұрат тұтқан ұстаздар қауымының бұл жолғы басты жиынында даңғаза сөздерден гөрі сыни пікірлердің көбірек айтылып, басты назардың жедел шешімін табатын жайттарға аударылуы құптауға тұрарлық.Сондықтан мектептерден арнайы келген өкілдер үшін   пайдасы көбірек болары анық. Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында өткен педагогтардың дәстүрлі тамыз конференциясының күн тәртібіне «Сапалы білім мен тәрбие беру – Қазақстанның мемлекеттік саяса­тының басымдығы» тақырыбының таң­дап алынуы тектен-тек болмаса керек. «Қазақстан-2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында атап көрсетілгендей қазіргі әлемде жай ғана сауатты болу жеткіліксіз. Ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге әзір болу бүгінгі уақыттың басты талабы екені айтпаса да түсінікті. Бұл орайда, білім мен кәсіби машықты заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың басым бағдары ретінде ала отырып, бәсекеге қабілетті, сауаттылығы жоғары елге көшу секілді асқаралы міндеттер тұрғанын ұмытпаған жөн. Облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Каринова жаңа оқу жылында аса өзекті мәселелер қатарына оқу үдерісіне заманауи технологиялар мен әдістемелерді енгізуді, педагогтардың кәсіптік шебер­лігін жетілдіруді, «Назарбаев Зият­керлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының тәжірибесін облыс мектептеріне таратуды, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге әзірлікті, дуальдық оқытуды, инклюзивтік білім беруді, арнаулы оқу орындарының кәсіпкерлікке лайықталған оқу бағдарламаларын тәжірибемен үйлестіруді атады. Біз тиісті орындар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардан гөрі ішкі проблемаларға үңіліп көруді жөн көрдік. Өйткені, жалпы білім беру жүйесінің алдында 12 жылдық білім беру үлгісіне көшу талаптары тұр. 2015 жылы оған біртіндеп көшудің алғашқы сатысы саналса, 102 жалпы білім беретін мектеп бейінді оқыту, 14 мектеп тірек мектептер режімінде жұмыс істейді. Алайда, 905 жаңа үлгідегі кабинет бар деп есептелсе, химия, биология кабинеттері – 35, физика, лингофонды-мультимедиялық кабинеттер 55 пайызды ғана құрайды. Демек, материалдық-техникалық базаларды түбегейлі жаңарту арқылы ғана оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу әдістемелерінің инновациялық білім беру технологияларын игере алары даусыз. 2013-2014 оқу жылында жалпы білім беру мекемелері жаңа мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру стандарты бойынша жұмыс істеуге көшуінің, биылдан бастап 1-сыныптан ағылшын тілінің, 5-сыныптан информатиканың енгізілуі, «Өлкетану», «Алаштану», «Абайтану» курстарының ұсынылуы да жан-жақты дайындықты қажет етері анық.

«Балапан» бағдарламасы қолға алын­ғалы 8699 жаңа орын ашылды. Бүгінгі таңда балдырғандарды мектепке дейінгі мекемемен қамту 3 пен 6 жастағылар бойынша 88,6, 1 мен 6 жастағылар бойынша 64,1 пайызды құрағанымен, түйінді мәселелер әлі де жетіп артылады. Олардың бірқатарын облыс әкімі Самат Ескендіров атап берді. Мемлекет-жеке меншік серіктестігінің әлеуетін белсенді пайдаланбау салдарынан Ғ.Мүсірепов, Шал ақын аудандарында қимыл сылбыр. Петропавл қаласында балабақшаларға кезекке тұрушылар саны азаяр емес. Мамлют ауданына қарасты «Мәмбетов және К» командиттік серіктестігі (бас директор Еркебұлан Мәмбетов) екі қабатты ғимаратты балабақша ретінде сыйға тартқан. Өкініштісі сол, мұндай мысалдар ілуде біреу ғана. Бұл мақсатқа «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы да тиімді бағытталмағаны ойландырмай қоймайды.

Облыста 18 жасқа дейінгі 5,1 мың мүмкіндігі шектеулі бала есепте тұр. Олар әлеуеттік мүмкіндіктеріне қарай ар­найы коррекциялық-педагогикалық қолдауға ие. Олардың медициналық-пе