Ал карта мен куәліктің нөмірін білу үшін ол әріптесін алдап, өзінің карточкасы бұғатталғанын, ал атына 225 мың теңге туыстарынан түсуі керектігін айтып, нөмірлерді сұраған. Көп кешікпей атына түскен заемды ақкөңіл жігіт дереу әріптесінің атына аударған. Сөйтсе, бұл ақша өзінің атына рәсімделген заем болып шыққан...
Осы алаяқтықты жасады деген күдікпен қазір Уәлиханов ауданының 25 жасар тұрғыны ұсталды. Қазір оның басқа да адамдарды да алдау мүмкіндігі анықталуда. Қазірдің өзінде ол тағы біреудің атына 190 мың теңге рәсімдеп, жымқырып кеткені белгілі болып отыр.
«Ешқандай артық кедергілерсіз және құжаттарсыз жедел мәміле жасаймыз» деген микронесиелік ұйымдардың жарнамалары ақырында осындай алаяқтықтарға да жол беріп отыр. Бар болғаны куәлік пен банк карточкасының нөмірін берсе болды, алаяқтар зардап шегушінің атына заем ала береді екен.
СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полковник Петр Климовтың айтуына қарағанда жыл басынан бері 68 алаяқ осындай жолмен өздерінің әріптестерін, таныстарын, туыстарын алдап кеткен. Соның ішінде 24-і онлайн-несиелендіру жолымен жымқырылған қаражат. Бұл былтырдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда үш есе көп. «Ешқашан, ешқандай жағдайда ешкімге өздеріңіздің персоналдық деректеріңізді бермеңіздер, куәліктегі фотоларыңызды ватсаппен жібермеңіздер, пин-кодтарыңыз бен есепшоттарыңыздың номерін бере көрмеңіздер», дейді ол.
Солтүстік Қазақстан облысы