22 Тамыз, 2013

Мектептер оқу жылына толық дайын болуы тиіс

323 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен селекторлық кеңесте білім беру ұйымдарын 2013-2014 жаңа оқу жылына дайындау мәселесі талқыланды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

 

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен селекторлық кеңесте білім беру ұйымдарын 2013-2014 жаңа оқу жылына дайындау мәселесі талқыланды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Білім және ғылым министрі Ба­қытжан Жұмағұлов хабарлаған­дай, алдағы оқу жылында респуб­лика мек­тептерінде 2,5 миллионнан астам бала оқитын болады, қыркүйектің ба­сында мектептерде шамамен 294064­ педагог, оның ішінде 9645 жас мұ­ғалім өз жұмыстарына кіріседі. Қа­зіргі уа­қытта педагог кадрларға деген барлық қажеттілік 1934 пән мұғалімін, атап айтқанда, математика, химия, физика, ағыл­шын тілі мұғалімдерін құрайды.

Б.Жұмағұлов «Мектепке жол» акциясы шеңберінде 15184 балаға 59 миллион теңгеден астам сомада көмек көрсетілгенін хабарлады. Жалпыға ортақ білім қорының қаржысын 3 пайызға дейін ұлғайту мақсатында 8,5 млрд. теңге бюджет қаржысы қарастырылған.

Министрдің айтуынша, үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінде 2013 жылдың аяғына дейін іске қосу жоспарланған 159 мектептің 77-сі оқушыларға өз есіктерін ашады. Мектептердің 32 пайызына қарастырылған күрделі жөндеуге қажеттілігіне қарай (439 мектеп) 19,3 млрд.теңге, оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бойынша 14,2 млрд.теңге бөлінеді.

Сондай-ақ, министр 6183 мектептің 80 пайыз балаларына ыстық ас берілетінін хабарлады, 2015 жылға қарай бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Оқушылардың 30 пайызы тегін тамақпен қамтылған, олар негізінен аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан балалар.

Сондай-ақ, кеңесте Денсау­лық сақтау министрі С.Қайыр­бе­кованың, Төтенше жағдайлар министрі В.Божконың, Ақтөбе об­лысының әкімі А.Мұхамбетовтің, Ал­маты облысының әкімі А.Мұ­са­хановтың, Оңтүстік Қазақстан об­лысы әкімінің орынбасары С.Қа­ныбековтің баяндамалары тыңдалды.

Кеңесті қорытындылай отырып, Үкімет басшысы Денсаулық сақтау және Төтенше жағдайлар министрлерінің назарын тиісті медициналық қызметпен, ыстық аспен қамтамасыз етуге, санитарлық талаптардың, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына қатаң бақылау орнату қажеттігіне аударды.

Білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығының маңыздылығын атап өте отырып, С.Ахметов көптеген аудан орталықтарында, ауылдар мен селоларда мектептердің білім беру, мәдениет орталықтары болып табылатынын, сондықтан бұл мәселелердің биліктің жергілікті де, сол сияқты, орталық органдарының да басым міндеттері қатарында болуы тиістігін атап көрсетті.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында С.Ахметов апатты мектептер мен үш ауысымда оқытатын мек­тептерді жою міндетін алға қойды. Үш жылдық мерзімге бюд­жет қалыптастыру кезінде әкім­дер білім беру саласын қар­жыландыруға қатысты мәселе­лер­ді өткір қоюы тиіс деді, осы орайда С.Ахметов. Сондай-ақ, Үкімет басшысы өңірлер әкім­де­ріне, Білім және ғылым ми­нистрлігіне тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, 29 тамызға дейін оқу жылына дайындықты аяқтауды тапсырды. Өңірлік даму министрлігіне салынып жат­қан мектептердің уақтылы пайдалануға берілуіне, өрт қауіп­сіздігі, санитарлық нормалардың сақ­талуына бақылау жасау жүктелді.